ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
|
|
|
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
|
Курс _ 2 курс_
|
|
Институт _Педагогика және психология _
|
|
Бөлім__ Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімі__
|
|
Мамандығы «6B01303–Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологияларымен»
|
|
Орындаған: Чалгымбаева Айнур.
Тексерген: Мажинов Багдат
9-практикалық жұмыс
Тапсырма:
1.Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшелігі.
Қазіргі кездегі жүргізіліп жатқан зерттеулердің қорытындылары бойынша, құрсақтағы балаларға 400-ге жуық зиянды факторлар әсер етеді екен. Әсіресе 4 айға дейінгі ұрықтың барлық ағзасындағы қызметтердің қалыптасуына қатты әсер етуі мүмкін. Зиянды факторларға түрлі жұқпалы аурулар, қызылша, токсоплазмоз, ананың эндокриндік жүйесінің кемістіктері, жүрек-қан тамыр жүйесі қызметтерінң бұзылуы, ана мен бала қанының резус факторларының қарама-қайшылығы, гемолиттік аурулар, түрлі физикалық факторлар - дене температурасының күрт жоғарылауы немесе төмендеуі (үсіну, қатты тоңу), вибрация әсерлері, ультракүлгін сәулелерді көп мөлшерде қабылдау, кейбір дәрілік препараттар, экологиялық жағдайлар, тағамдағы нитраттар, химикаттар, радионуклеидтер, синтетикалық қоспалар т.б. - міне аталған жағымсыз факторлардың барлығы жатыр-плацентарлық қан айналымын бұзады, сөйтіп, бала оттегінің жетіспеуінен ауырады. Мұндайда оның жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Шала туу, туа пайда болған гипотрофия, функционалдық жетілмеушілік, сыртқы факторлардың әсеріне қарсы тұра алмаушылық т.б. болады.
Балалардың церебральды сал болудың пайда болуы себебінің бірінші тобына жүктілік кезіндегі ананың инфекциялық аурулармен, жүрек-қантамыр және эндокринді бұзылыстармен, жүктілік таксикозы, ана мен ұрық қанының иммуналогиялық сәйкессіздігі, жүктілік кезінде психикалық және физикалық жарақаттардың, асфиксияның, жатыр ішілік жарақаттардың болуы жатады. Себептердің екінші тобына менингит, энцефалит, менингоэнцефалиттерді жатқызуға болады.
Зиянды факторлардың жатыр ішіндегі даму кезіндегі, туу және туғаннан кейінгі кездегі миға әсері, ми қабаты мен ананың затында түрлі өзгерістерге әкеледі, ол өз кезегінде қалыпты дамудың бұзылыстарын себептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |