МОРФИННІҢ ТЕГІС САЛАЛЫ МҮШЕЛЕРГЕ ӘСЕРЛЕРІ - n. Vagus орталығының нейрондарының белсенділігін жоғарылатып,
- Ішектің тегіс салалы бұлшық еттерінінің күшті спазмын шақырады және АІЖ-ның перистальтикасын төмендетіп оның қозғалтқыштық белсенділігін азайтады. (морфиндік обстипация).
- Өт қапшығының тонусын жоғарылатады,
- Жатырдың, несепағардың және қуықтың тонусын жоғарылатады,
- Бронхтардың және бронхиолалардың тонусын жоғарылатады.
МОРФИННІҢ ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ - Ауыру шогының даму қаупі бар жедел ауыру сезімі:
түтікті сүйектердің сыңуы, күйіктер, оташалаудан кейінгі кезенді жеңілдету үшін қолданады. - Миокард инфарктісінде, өкпе артериясының эмболиясы кезінде, жедел перикардитте, пневмоторакста.
- Өлімнің алдында жатқан адамдардағы ауыру сезімін басу үшін
- Наркоз кезінде, наркозға дейін премедикация жасау үшін
- Науқастың өміріне қаіпті жөтел кезінде, жөтелге қарсы зат ретінде қолданады (үлкен оташалауда, кеуде қуысының жарақатында)
- Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілікте, яғни жүректік демікпе кезінде (ОЖЖ-нің қозуын және патологиялық ентікпені төмендетеді).
Достарыңызбен бөлісу: |