Орындаған: Досайқызы в тобы: ҚТӘ-401 Тексерген



Дата08.02.2022
өлшемі51,33 Kb.
#130857
Байланысты:
1 ОСӨЖ Досайқызы Венера ҚТӘ-401 абайтану (1)
Документ, 13.10 9 кл ҚМЖ қазақ т, ӘМІРҒАЛИ ДИАНА БҚБ-303 ОСӨЖ және СӨЖ 3 БХ, Презентация (ддм

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті



ОСӨЖ
(Оқытушы мен студенттің өзіндік жұмысы)
Тақырыбы: Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.
Орындаған: Досайқызы В
Тобы: ҚТӘ-401
Тексерген: Тәңірбергенова Г. К


Ақтөбе, 2021 жыл

Жоспар
I.Кіріспе.


II.Негізгі бөлім.
1.Абай танудың алғашқы кезеңі
2.Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.
3.Абай өлеңдерінің төңкеріске дейінгі жариялануы.
III.Қорытынды.

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай шығармалары революцияға дейінгідәуірде-ақ әр түрлі бағыт-бағларда пікірлер айтылып, там-тұмдап болса дазерттеу нысанасына ілне бастады. Бұл іспеттес әрекеттер ресми баспасөздермек кейбір ғылыми жинақтарда, архивтік деректер көзі мен кейіннен табылған қолжазба нұсқаларда белгі берді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақелінің қоғамдық ойы мендүниетанымның шынмәніндегі энциклопедиясына айналған Абай шығармалары жайлы әр түрлі бағдар таныта айтылған пікірлер де көбейе түсті. Мұнда Абайдың жеке басы мен әдеби мұрасын танып бағалауда өткен дәуірдің саяси-әлеуметтік жағдайына


байланысты қоғамдық санадағы айла-шарғысы мол пікір таласының әр қилы
лептері де сезіледі. Халық мұңын жырлаған Абай поэзиясын революцияға дейін-ақ қазақ даласына әсері мол аса күшті рухани құбылысқа айналып та үлгерді. Туған халқының көкейтесті арманы мен мұңын жырлаған Абай өлендеріндегі гуманистік, ағартушылық сарындар сол түста-ақ халық санасын баурап, көкірек көзін ашуға бастады. Абай шығармалары баспасөз бен қолжазба көшірмелер арқылы көбінесе ауызша эр қилы жолдармен таралып жатты. Ал кейбір өлендері әнмен таралын, авторы беймәлім халықтық репертуарға айналып кеткенін орыс ориенталистері атап көрсетті де. Сол кезде-ақ ақынның жеке басын тану мен бағалаудан туған елеулі пікір таласы болып өткенін кейбір деректер көзі айғақтайды. Абайды, тіпті, әкесі Құнанбайды танып бағалаудың өзі де әр түрлі танымдар тұрғысында болуы сол тұстағы саяси-әлеуметтік өмір болмысына тікелей байланысты болатын.
Абай ержетіп, ел ісіне араласқан дәуірде де рушылдық идеологияның
үстемдік етуі қазақ қоғамының таптық сана-сының оянып, қоғамдық ой-
пікірдің жандануына тосқауыл жасады. Ал қазақ қоғамының үстем табы мен
отаршыл үкімет күні өткен рулық идеологаяны өздерінің мүддесі үшін
қылауын түсірмей сақтауға тырысты. Абайды және оның әдеби мұрасын
дұрыс танып бағалауға рушылдық ой-сананың да белгілі дәрежеде зардабы
тимей қоймады. Мұндай таным, әсіресе, рушылдық салт-сананын жыршысы
болған тобықты руының ақыны Қуанышбай шығармаларында анығырақ
байқалды. Ол Абайдың халық мүддесі үшін жүргізген идеялық күресін
рушылдық салт-сана тұрғысынан бағалап, Абайды мүдденің бірден-бір
күрескері ретінде танытып:
Абайдың әр білімі елден асты,
Әр жерде-ақ сіздің елмен қ,арсыласты.
Имансыз ит болмасаң өзің куә,
Талай тантық найманның көңілін басты.
Абайдан құтыларлық ебің бар ма,
Сендердің көмек болар кебің бар ма?
Балқыбек, Бақачаста съез болса,
Аттанган айып бермей күнің бар ма, дейді.
Яғни Абайдың Балқыбек пен Бақанаста болып өткен төтенше съездерде
әділеттікті жақтап, елдің атқамінер жуандарымен күресін ғайман руына қарсы рулық тартыстың тұрғысынан қарайды. Ал шынында: «Көктума, Қарамола, Балқыбек съездерінде Абай әділетті үкім айтып, қалың халық бұқарасының мүддесін қорғайды» , Абай халық мүддесін, қорғауы себепті, оған Мұқыр сайлауында секіліктің содырлы топтары қол жұмсайды. Мұндай ар ұялар сұмдық қылмысты әрекеттің бар сыры соңыра архивтен табылған Абайдың сенатқа жазған өтініш хатында толық ашылып, әшкереленіп отыр. Мұндай қаскөй әрекет халық арына қатты батып, Абайды ең алдымен тобыктылар емес, қайта Қуанышбайлар тобы тұқыртып отырған керейлер мен наймандар жақтап шығуында көп нәрсенің сыры жатыр. Яғни бұл окиғалар қазақтың қалың елі Абайды өз мүддесін қорғаушысы регінде ертерек танып, бағалай алғанын аңғартады. Мұқыр сайлауында Абайды қара күштің қорлауына берген тобықты руының атқамінер-жуандары еді. Бұл әрекетті рушыл ақын Қуанышбай:
Рас, Абайға біздің ел қылар қастык,
Ойластық оның түбі дәулет, мастық.
Онда найман оңа ма түбі оңбған
Талассақ мәртебеге біз таластық,- деп ол оқиғага рушылдық сана тұрғысынан келіп, Абайдың әлеуметтік бетін танытуды бүркемелейді. Осы тұрғыдан қарағанда, Қуанышбай ақын Құнанбайды жұртқа дәріптей, мадақтай отырып, оның дінді таратуы мен әлсіз руларға еткен зорлығын «ерлігі» еді деп баяндайды. Мысалы:
Кешегі елден озған біздің қажы,
Молда алып, дін үйретті қысы-жазы,
деп дін таратудағы эрекетін құптайды. Немесе сол мақтаулы қажының
парадан, зорлықтан жиған малын:
Мың-мыңнан ауыл басы жылқы өреді,
Малы жүр Қүнекемнің жерге сыймай.
Уақ, керей, найманды отарлайды
Төрт болыс тобықтының жері жетпей,
деп өмір бойы өз руының мүддесі тұрғысынан көршілес рулармен жер үшін
қырқысып өткән зорлықшыл әрекетін өз танымы тұрғысынан жырлайды.
Құнанбай сияқты Абайды да құнанбайшылдықты белсене іске асырушы
ретінде көрсетіп:
Баласы Құнакемнің Ибраһим,
Найманға не қылғаны жүртқа дайын,
Пысқырған пысығының мұрнын кесіп,
Мың-мыңнан айып алды топ бас сайын,
деп тарихи шындықты мүлде бұрмалауға барады. Қуанышбайға
Құнанбайдың кертартпа әрекетін өзінше дұрыс деп бағалатып отырған нәрсе
оның рушылдық ой-санасы. Құнанбайды Қуанышбай сияқты Шортанбай ақын да бағалап:
Дүғай сәлем айтамын
Тобықтыда Құнанбай,
Осы дәулет барында
Талап қылсын мекені
Ақыреттен құр қалмай, -деп аға сұлтанға қазақ даласындағы дін мен ескі салт-сананың сақшысы
ретінде карайды. Міне, осы теріс таным, жалған бағалауға сол түста қарама-
қарсы халықтық бағытты Шөже ақын жырынан көреміз. Құнанбайды
зорлықшы,парашыл әкім ретінде танығат Шөже ақын:
Болыпты бір ақсақ, таз және соқыр,
Құранды мысық сопы молда оқыр.
Болғанда ақсақ - дария, соқыр қарға,
Ортасын дарияның карға шоқыр,
деп Құнанбай әрскетін халықтық тұрғыдан аяусыз әшкерелеп, әділ бағасын
береді. Қазақ қауымының қоғамдық ой-санасында Құнанбай сияқты Абайды дарушылдық әрі халықтық тұрғыдан бағалау әрекеті орын алған. Мұны Жетісу мен Арқада көп таралған, авторы беймәлім «Бипаның сәзі» деген дастан мен атақты «Біржан-Сара» айтысынан да көремі.
Абайдың әлеуметтік бетін бүркемелейтін рулық салт-санаға қарама-қарсы
шын мәніндегі халықтык көзқарас Олжабай мен Бәзіл қызының арасында
болып өткен оқиғаны реалистікпен баяндайтын «Бипаның сөзі» атты дастанда айрықша байқалады. Дастанда махаббат теңдігі үшін күре-суші халық қызы Бипаның атынан Абайға баға беріледі. Бипа дастанда қарапайым халықтан шыққан момын шаруа қызы ретінде суреттелген. Қорлық пен зорлыққа ұшырағанда, оның үміт етері мен сүйенері - Абай үстанған әділеттідік қана. Дастанда халық өкілі ретінде суреттелетін Бипа Абайды әділеттің қорғаушысы, бүкіл қазақ елінің ортақ данышпаны ретінде таниды:
Абайга әділетті жетті жаным,
Ісімнің болар дедім бір мәнісі, деп ескі салттың қанды шеңгелінен құтқарушы, әділеттің жақтаушысы Абай
ғана деп біледі.
Рушыл ақын Қуанышбай: «Абайдың әр білімі елден асты», - деп оны тек
тобықты руының білгірі ретінде дәріптесе, дастанның кейіпкері Бипа қыз:
Абайке, арызымды айттым сізге,
Данышпан даңқы шыққан бұл үш жүзге,-деп Абайды бүкіл қазақ халқының құрметіне ие болған дана ретінде бағалап отыр. Дастанда Абай ескілік салттың күні өткен дәстүріне қарсы күресүші әрі махаббат тендігінің, қорғаушысы ретінде суреттеледі. Дастанның идеялық
түйіні де: бірауыз Абай айтқан әділ сөзді
Жүреміз үлгі қылып жас пен кәрі,
Таласқан тар кезеңде бәйге әперген,
Абайды неге ұмытсын әйел табы, деп, Абайдың әйел теңдігіне ат салысуын бүкіл халық атынан құптап, оны әділет пен жаңалық жаршысы, қазақ елінің ойшыл данасы ретінде таниды. Осы себептен де бұл дастанның идеясы, өмірде болған шындық М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының сюжеттік желісіне сіңісіп, арқау боп өрілгенін көреміз. Жоғарыда сөз болған ақындар мен кейбір шығармалар ертеден ел ішінде ауызша таралып жүрген деректер көзіне жатады. Ал Абай тұсында ақынның өз басы мен әдеби мұрасы жайлы басгасез бетіңде де пікірлер айтыла бастағанын 1898 жылы басылған «Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» (Бастауышы Шайхисламұлы Жүсіпбек қожа) деген кітаптан да көреміз. Мұнда айтылған пікірдің салмағы - Абайдың пікірлес болған ән еркесі ардагер Біржан тарапынан айтылуымен бірге, бүкіл қазақ халқына мәшһүр болған «Біржан - Сара» айтысында сөз болып, бағалауында жатыр. Біржан- шын мәнінде, Абай шығармалары мен әндерін халық арасында таратушы өнер саңлағы. Ұлы ақынмен замандас болған Біржанның негізінен, халықтық тұрғыда осы айтыста Абайды ганып бағалауы сол кездегі ру жуандарынан Абайдың тендесі жоқ ерекше қасиетін әйгілей түседі.Ал Куанышбай ақын Абайдың әлеуметтік бетін бүркемелеп, оны рулық мүдде тұрғысынан жырласа, Біржанның:
Момынға зәбір, жапа қыласың деп,
Жіберген жер аударып залымдардыі, деп дұрыс тануы, ұлы ақынның әлеуметтік бетін халықты тұрғыдан бағалауға ұмтылған тырнақ алды тұңғыш пікір еді. Абайдың ақындық өнерін бағалау да Біржаннан басталады десе болғандай Біржан Абайды өз заманынаң ойшыл, құдіретті сөз онерінің иесі ретінде танығандықтан:
Абайсай тумас адам сөзге зерек, дейді.
Абай заманында-ақ ақынның өз басы мен әдеби мұрасын танып, бағалауды
осы тәріздес қарама-қарсы пікірлер күндердің күнінде дүбірлі талас-тартыстың нышаны болатынынан белгі беріп жатқандай сезіледі.
Абайдың әлебм мұрасын тану жолында ақын шығармаларының баспасөзде
біршама жариялануы елеулі мәні бар құбылысқа айналды. Бұл әрекеттер
өткендегі ресми баспасөз орны мен ішінара ақын өлендерін баспасөз; арқылы
жариялауға ат салысқан адамдардың Абай мұрасын қатысы мен сол жарияланған Абай шығармаларының текстологиялық жайы қалай еді деген сұраққа жауап та бере алады. Абай мұрасының бірегей білгірі академгі М. Әуезовтің: «Абайды танудың басы, алғашқы адымдар революциядан бұрын басталған…
Абайдын өмірі мен ортасын еңбектерінің әр алуан сипаттарын, көпшілікке
мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді де еске алуымыз керек»,
деген пікіріне сай Абай дәуірінде-ақ баспасөзде жарияланған кейбір
өлендері мен ол туралы азын-аулақ деректердің ақын мұрасын таныту мен
бағалауда елеулі мәні барлығы арнайы сөз етуді керек етеді.
Көлемі шағын болғанымен,Абай мұрасынын революцияға дейінгі
танылып, бағалануы жайлы нақтылы ұғым берерлік жазба деректің бірі -
«Дала уәлаяты» газеті. Газеттің Абай мұрасына қарым-қатысы тереңірек үңіле қарауды талап етеді. Папша әкімдері мен жергілікті атқамінерлердің Абайға қатысы, аз болса да, газет бетінде басылған кейбір деректер мен жанама мәліметтерде біршама байқалады. Абай шығармаларының сол тұстағы қазақ даласында бірден-бір баспа орны болып отырған «Дала уәлаяты» газетінде молырақ басылмау себебі де жай ғана нәрсе болмаса керек. Үңіле қарасақ, оның тамыры тереңде жатқандай сезіледі.
Абайдың «Дала уәлаятында» жарияланған «Жаз», «Болыс болдым, мінеки»
деген екі өлеңінің тағдыры да қызық. Бұл өлендер белгілі бір себептермен
Көкбайдың атынан жарияланса да, жұртшылық оны Абай өлеңі деп танығаны
М.Көпесвтің сол газетттегі корреспонденциясынан байқалады. Көкбай
атынан жарияланса да, бұл өлендер газет тарапынан редакцияланған екі
өлеңнің де идеялық мағынасына елеулі түрде нұқсан келтірген. Яғни
суреттеліп отырған саяси-әлеуметтік шындыққа сыншылдық көзбен қараған
Абай танымының әлеуметтік сарыны өткірлене түскен өлең жолдары
редакция тарапынан жұмсартылып жіберілген. Бұдан, әсіресе, Абай
поэзиясыңың реалистік таңбасы өткірлене түскен жерлерін оқушы назарынан
тасалауға тырыҫкан. Газет редакциясының әрекеті ашығырақ көрінеді.
Мысалы, Абайдағы:
Күйішілерім сөз айтса, деген жолдарда образды түрде берілген сыншылдық, әшкерелушілік сарын күшті сезіледі. Ал осы өлең жолдарын газет:
Күптілерге ұшырасуға
Кайраты жок, болған соң,
Бата алмайды шыбындап, деп өз танымына қарай жұмсартып, «өңдейді».
Атақты «Сегіз аяқта»:
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық,
Курысын көзің ашылмас,
деп отаршыл үкіметтің жүгенсіздігін ашына жазуы, немесе «Үшінші»,
«Жиырма бесінші» сөзінде ұзақ жылдық отаршыл ойдың жемісінен туған
«Жаңа низам» жүйесіне деген іштей идеялық қарсылық ашық байқалады емес пе? «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» (1899 ж.) деген ғылыми негіздегі тарихи макаласының жазылу себебі де «Түркістан уәлаяты» мен «Дала уәлаяты» газетінде о баста қатар уағыздалған діншілдік теріс танымдағы мақалаларга қарама-қарсы жазылған еңбек екеніне көзіміз жете түседі. Бұл зерттеу сипатындағы мақаланы Абай өз кезінде қазақ қауымында көп сөз болып өріс алған, бірақ негізгі шындықтан тыс, ғылымға жат ойға құрылған пікірдің өріс алуына байлаңысты жазған сияқты Себебі Абайдың осы мақаласы жазылған күнге дейін «Түркістан узлаяты», «Дала уәлаяты» газеттері сөз еткен бірнеше мақалалардың жалпы сарыны осыны аңғартады. Бұған «Қазақ хұсусында Қарқаралыдан жазылып келген сөз» деген мақала мен Әбдірахманов Ахунның «Қазақтардың асыл түбінің қайдан шыққанының хикаяты» деген мақаласының жариялануы, ел арасында қолжазба түрінде немесе ауызша таралған діншілдік рухтағы деректердің кең насихатталуы да дәлел. Абай осы деректерде өріс алып отырған ағымы теріс пікірлерді нақтылы тарихи деректер негізіне сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан терістейді, Газет уағыздауындағықазақтың қайдан шыққандығын, яғни қазақтың түбі арабтан, пайғамбар
қауымынан шықты деген алыпқашпа көзқарасқа қарсы Абай ғылымға
негізделген өз-өйын: «Біздің қазақтың ықыласы атасын арабтан шықты дегенді, яки бәни Исрайлдан шықты дегенді ұнатқандай. Онысы, әрине, тауарихтан хабар тисе, сол жақтан ти-гендіктен. Ислам діні бұрынғы ата-бабаларды ұмыттырып, діндестерді жақын көрсеткендіктен һәм артқы жағы хабарсыз қараңғылықта қалғандықтан болған іс», - деп тұжырымдайды. Бұл пікір Абайда жай айтыла салынған кездейсоқ пкір емес, керісінше, көптеген тарихи мәліметтерге сүйене отырып айтылғаны мысал ретінде келтірген нақтылы декектерден аңғарылды. Абайдың осы пікірінен соң бұл лақаланың
кімдерге бағытҡашғаны да ашық байқалып тұр. Абайдың атақты «Ескендір»
дастаны «Дала узлаяты» газетінде жарияланған Ескендір туралы деректің
бағытынан бөлекше жатуы да ескермейтін жайт емес.
Абайға ақындық өнерге қүлай берілген тұсында өз өлеңдерінін «Дала
Оқушыны қызықтырып, ойландыратын нәрсе - 1897 жылы Қазанда
басылған Абай өлеңдері қисса авторының қолына қалай, қандай жолдармен
жетті екен деген сұрақ. Қисса авторы Абайдың басқа өлеңдерінен де хабардар екендігі қиссадабірен-саран орын алған Абайдың кейбір өлең жолдарындағы сөздерді
пайдалану әрекетінен көрініп түрады. Бірақ Абай өлеңдері үйлесімін бүзып
өзінше омбылап жүруіне, өлең жолдары араласып, көптеген сөздердің
өзгеріске молырақ ұшырағанына қарасақ Абайдың жоғарыдағы екі өлеңі қисса авторының қолына ел аузында біреуден-біреуге өтуі арқылы жеткен тәрізді. Тегінде табиғатынан жүйрік ат, алғыр құсқа қүштар елі арасында Абайдың бұл екі өлеңі жатқа айтылып, кең таралған болса керек» Ғасырлар бойы жылқымен етене боп бірге жасасып, оның бар қасиетін қалтқысыз таныған халық ақыны Абайдың атқа берген сыны бүкіл Шығысқа даңқы жайылған «Кабус-намадағы» аттың сынынан анағұрлым көркем, барынша тұрмыс шындығына, халық ұғымына жақындығымен де ерекшеленеді.
Бұл өлең 1897 жылы Қазанда басылуы Абайдың ақындық даңқының
ертеден ақ шырқау алысқа жайылып, шығармалары ауызша, әрі қолжазба, көшірме түрінде кең таралғанын танытумен бірге, көзі тірісінде-ақ
бұрмаланып («Дала уәлаяты», 1889, № 7,9,12), әркімдердің атымен
жарияланғандығын (Бектұрған Сиқымбайұлы мен Жанұзақ ақынның
Шайхисламүлы Жүсіпбек қожаның), яғни революцияға дейінгі ақын
шығармаларының танылу, жарйялану дәрежесі канпалықты аянышты халде
болғандығын айғақтайды. Абайдың Бектұрған жариялаған екі өлеңінің тағдырына ұқсас құбылысты «Тобықты Ыбрай марқұмның сөздерінен» деген атпен бір топ Абай өлеңін жариялаған Зейпелғабидең ибн-Әміре әл-Жауһари әл-Омскауидің 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарх баспасында» басылған «Насихат-Қазақия» деген
рисоласы (тарактаты) мен 1909 жылы Қазанда басылған Мұқамедсалим
Кәшимовтің «Сұлу қыз» жинағынан да көреміз. Мысалы, «Сұлу қызда»ь басылған 20 жол өлең Абайдың «Қаптаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Білектей арқасында өрген бұрым», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп кұрастырылып жарияланған. Ал Абай өлендері Зейнелғабиден қолына түпнұсқасың сақтап қолжазба арқылы жетпей, ел аузынан біреуден-біреуге өту арқылы жетсе, кей өлеңдерінің тек сарыны ғана жеткенге ұқсайды. Бектұрған Сиқымбайұлының қолына Абай өлеңдері композициялық қалпын бұзбай жеткетімен, қиссаны шығарушы өз тарапынан өзгерістер енгізсе, Зейнелғабиден жариялаған Абай өлеңдері ел аузында айтылун аркылы жеткені себепті бірсыпыра өзгерістерге ұшыраған.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі.
Алматы, 1948
2.Абай Қүнанбайүлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 18-6.
3.ӘуезовМ Уақыт және әдебиет. Алматы,1962, 371-бет.
4.Абай Құйанбайұлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933, 17-6.
5. Абайдың революцияға дейінгі басылған өлеңдері жайлы. «Жұлдыз»,
1963, № 5, 147-153-6 .
6. Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959, 6, 187-6.
7.Жұмалиев.К.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
позиясының тілі. Алматы, 1960.
8.ӘуезовM. Абай Құнанбаев.-Қазақ
Әдебиетінің тарихы. Алматы, 2 том. 1961

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет