Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
БӨЖ
Орындаған :Әбдікәрім Анель ЖБЛ 113
Қабылдаған :Сыздықова Гүлфариза Жамбылқызы
1)Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба? Осы ойыңызды дәлелдеңіз.
Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе демократиялық мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады. Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы. Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды, басқарушы партияларды алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялық қоғамда көппартиялыққа айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды.
Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысыңда бірнеше саяси партиялардын әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл — адамзаттың коғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіңдік жағымды және жағымсыз жактары бар. Жағымды жағына жататындары — онда саяси мәселелер жан-жакты каралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жүмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Партиялы тәртіпке шақырады. Билікбасына кездей-соқ емес нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар — өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы карсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сияқты жат қылыктар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі танда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып танылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Ни-дерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған коныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бокейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының "делегатгар съезі" шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уакытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өніріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардын өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де козғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа "Алаш" партиясын кұруға мәжбүр етті. Ол туралы "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілказактык съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21—26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 казанда "Қазақ" газетінде "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына карамай бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес құқығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бокейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы карашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, "Алаш" партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
"Алаш" партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзкарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны "буржуазиялық-ұлтшыл" партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Козыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынындада, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттык мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялык мақсатка жатады.
"Алаш" теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда "Үш жүз" деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, "Алаш" партиясының басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан окиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып "орта-лықтың" отаршыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық, білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен козғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінін қазақ. халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген "Желтоқсан" қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) сонын негізінде осы аттас партия құрылды.
Республиканың саяси өмірінде "Қазақ ССР-індегі қоғамдык бірлестіктер туралы" заңы айтарлықтай рөль атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар кұру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.
Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтык, мемле-кеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. койылды.
Егер Республика аумағында белді рөль атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар:
Ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. Ұйымдасуы жағынан бұл козғалыс 1989 жылдың көктемінде қалыптасты. 1990 жылғы мамырда "Әділет", "Азамат", "Жерұйық", "Кәусар бұлақ","Форум" сиякты қоғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда "Желтоқсан" коғамдық комитетінін негізінде осы аттас партияның кұрылғаны туралы декларация кабылданды.
Партийный, бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан окиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркеңдеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген. Қазақстанныц республикалық "Азат" партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 жылғы шілдеде болған Қазакстанның азаматтық "Азат" қозғалысының кұрылтай конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте "Азат" қозғалысынын құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Казақстанның республикалық "Азат" партиясының пайда болғаны туралы шешім кабылданды. Ол бағдарламасында Қазакстанның шын мәніндегі егемендігін камтамасыз етуді, аумақтык тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы, Қазақстанның республикалық " Азат" партиясы," Алаш" ұлт-бостандық партиялары ұлттық және ұлттык-демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне каймыкпай карсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айткан жөн. Қазақстанньщ социал-демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында кұрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.
Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте кұрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазакстаннын социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарла-масында мынадай стратегиялык мақсаттарды кояды: саяси салада шынайы демократияны, кұқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жактайды, экономика саласында — катаң каржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметгік салада - халыктың осал жігін - аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғүрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға карсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирас корымыз деп санайды.
"Қазақстанның Халық конгресі" партиясы 1991 жылғы 5 қазанда өткен құрылтай съезінде күрыдды. Өзін центристік либералдык-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарыктық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті камтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.
"Қазақстанның Халық бірлігі" одағы 1993 жылғы 6 акпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары "но-менклатуралық партия", "үкімет партиясы" деп атады. Бұл партия Президент Н. Ә. Назарбаевтың көзкарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлт аралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін калайды. 1995 жылдың каңтарында болған съезіңде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 2002 жылғы шілденін 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң кабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Сонғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мушесі болуы керек. Соған орай казір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал-демократиялық "Ауыл" партиясы, Республиканың саяси "Отан" партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның демократиялық "Ак жол" партиясы, "Асар" республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, Қазақстанның Демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы және т.б. жатады.
Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақ жол» партиясы. Оның басшылары - керінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар, қырықтың қырқасына шыққан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе саяси-экономикалық реформаларға байланысты өздерінің көзқарастары, тұжырымдама-лары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып отырады." Ақ жол Казакстан", "Эпоха" сиякты басылымдары бар.
Қазіргі электората (сайлаушылары) көп, 170 мыңнан астам мүшесі бар Республикалық саяси "Отан" партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н. Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған болатын. Бірақ Қазақ-стан Республикасы Конституциясы бойынша Президент ешкандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партиядағы мүшелігін тоқтатты. Бұл партиядағылардың басым көпшілігі -мемлекеттік қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар. Сондықтан оны билік партиясы деп те атайды. Онын іс-әрекетін жұртшылыққа жеткізіп, үгіт-насихат жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдары, әр түрлі басылымдар мен телеарналар жетіп артылады. Бұл партия кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті дамытуға, елде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға басты назар аударады.
"Отан" партиясына жақын тұрған — Қазақстанның Азаматтық партиясы. Ол негізінен ірі өндіріс орындарының кызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді. Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ оларды шетелдік инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей шетелдік капиталдың мүддесін қоздеп, мейлінше, соларға тиімді заңарды қабылдауға ұмтылады.
"Асар" партиясының бағдарламасына қарағанда ол "оңшылдар" ("Отан", Аграрлық, Азаматтық партиялар) мен "солшылдардың" ("Ақжол", Қазақстан коммунистік партиясы, Қазакстанның патриоттық партиясы) арасындағы центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси-әлеуметтенген мемлекет орнатпақ. Республикамызда өндіріс орындарын ашып, оны шикізат өндіру көзінен кұтқармақ. Жерді жеке меншікке беруді дұрыс деп санайды.
Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер кұрайды. Басым көпшілігі - зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым сынға алып, оппозициялық сыңай білдіреді. Қалған партияларды көпшілік жүрт жөнді біле бермейді. Ғани Қасымов болмаса, олардың бағыт-бағдармаларын оқып, байыбына бара бермейді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтык мемлекет құру. Оған еліміздегі ешкандай партияның дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма? Сонымен катар республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын калайды.
Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың калыптасу процесі акырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, коғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты.
Оның себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құқықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, "жоғарғы" жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда оз кандидатурасын ұсыну үшін кұрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді.
Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.
Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрак тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар.
Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және заң жүзінде көрсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады. Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі партиялардың жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподақтарды шетел мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржыландыруына рұқсат етілмейді.
Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін кұрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.
2)Қазақстандағы идеологиялық жағдайды сипаттаңыз.
Қазақстан халқы да басқа елдер сияқты өз ішінде әлеуметтік, этникалық, генеологиялық, діни және идеологиялық тб ерекшеліктерге байланысты жіктелген, бөлшектенген қоғамға жатады. Осылардың ішінде идеологиялық ұстанымына байланысты халықтың қандай ағымдар мен топтарға бөлінетініне тоқталуды жөн көрдік.
Діни мотивациялы (ислам діні): бұл топқа өзін және өзгені танытуда (идентификация) дінді бірінші орынға қоятын адамдар жатқызылды. Бұл топтың өз ішінде тағы да көптеген ағымдарға бөлінетіні жасырын емес. Оларды үш ірі топқа жинастырып қарастыруға болады;
Радикалдар – мақсаты халифат немесе шариғат заңдарына негізделген мемлекет орнатуды көздейтін және өз жамағатындағы адамдардан басқаларды «адасқандар» ретінде санайтын ағымдардың осы топқа кіргізілгені айтпаса да түсінікті.
Самарқаулар – деп алған бұл топқа мемлекетпен конструктивті жұмыс істеуді қалайтын және «диалогқа» әрдайым әзір жамағаттар жатқызылды. Сондай–ақ Қазақстандағы ислам дінін ұстанатын диаспора өкілдері де осы топқа кіретін болар.
Ал бұл бұтақтан бөлініп шыққан үшінші бұтаға «исламшыл ұлтшылдар» деген атау беріп, идентификациялауда діннен кейін ұлтын қоятын адамдар енгізілді.
Батысшылдар: тобына саяси, діни, әлеуметтік ұстанымына қарай «батысқа» бүйрегі бұрыңқырап тұратындар және бұлар үш негізгі ағымға айырылады;
Діни сеніміне қарай – батыс елдерінен келген түрлі діни және философиялық ағымдардың жетегіне ергендер.
Екінші топта «адамзаттың баласы» болуды қалайтын маргиналдар мен космополиттер.
Үшінші бұта болса «саяси» ұстанымына қарай батысты қолдайтын және ең бірінші бізге «демократия» қажет дейтін адамдардан тұрады.
Ұлтшылдар: тобына кіріспес бұрын мына бір мәселеге тоқталып өткен жөн болар. Қазіргі таңда Қазақстанда қалыптасқан түсінік бойынша ұлтшылдар мен тұраншыл,түрікшілдер бірге саналады. Бұл бәлкім Түркиядан келген «түсінік» болар, өйткені онда тұраншылдар ұлтшылдардың ішінде қарастырылады. Түріктер үшін бұл қалыпты болуы мүмкін, өйткені «түрікшіл» болу мен «ұлтшыл» болу бір мағынаға келіңкірейді. Алайда Қазақстанның жайдайында бұл екеуінің басын ашып алуды керек. Яғни, Алаш қалыптастырған ұлтшылдық мен тұраншылдықтың аражігін ажыратқан дұрыс болар. Өйткені екіншілері ұлттан жоғары ұйым құруда қалайды, тұран ұлтын қалыптастыруды көздейді (Бозқұрт партиясының жұмысына Қазақстанда тиым салынуының да себептерінің бірі осында жатыр). Алаш ұлтшылдығы болса – мемлекеттік, қазақтық ұлтты бірінші орынға қояды. Сондықтан қазіргі ұлтшалдар не Алаштың ізін қууы керек не М. Шоқай мен Т. Рысқұлов қолдаған тұраншылдықты таңдауы тиіс...
Дегенмен бұл мақалада қалыптасқан түсінік бойынша ұлтшылдар мен тұраншыл, түрікшілдер бірге қарастырылды. Ұлтшылдар осылай екіге айырылғаннан кейін екі топ та өз ішінде негізгі қос бұтыға айырылады. Исламды қолдайтындар мен тәңіршілдікті жақтайтындар болып. Бұл жерде айтылып кетуі тиіс «ұлтшыл исламшылдардың исламшыл ұлтшылдардан не айырмашылығы бар?» мәселеге тоқталып өтсек. Бұл екеуінің айырмашылығы аса үлкен емес, сондықтан да бұтақтар бір–бірімен сүйкенісіп салынған... Басты айырмашылық идентификацияда, ұлт пен дінді бірінші кезекке шығаруында жатыр. Біріншілеріл дін мен ұлт егіз десе, екіншілері дінді ұлтты қалыптастырудың, танытудың бір «жолы» деп қана біледі.
Ресей, Еуразияшылдар: Ресей «ең қауіпсіз» одақтасымыз санайтын немесе Еуразия кеңістігінде түрік–славян одағын құруды көздейтін адамдар және православ дінін ұстанатындар. Бұл топ та бірнеше бұтаға айырылады. Егер оларды топтастырсақ негізгі екі ағым қалады;
Славяншылдар – аты айтып тұрғандай–ақ Ресейдің гегемонындағы бір одақтың болуын көксейді. Дін, мәдениет, өнер мен тілде славяндықтың үстем болғанын қалайды.
Түрікшіл еуразияшылдар – солтүстік көршімен ықпалдаса отырып түбінде түркілікті орнатуды көздейтіндер. Егер славян–түрік мемлекеттер одағы құрылса демография сияқты маңызды тетіктер байырғы «Алтын орданы» қайта тірілтеді деп санайтындар...
Сондай – ақ ешқандай түріктік пиғылы жоқ тек қана Ресеймен ынтымақтастық Қазақстан үшін тиімді, шығыстағы көршіден құтқара алатын бірден–бір ел деп санайтындардың да бір бұта болып тұрғанын екенін айта кеткен жөн.
Орташылдар: тобына жоғарыдағы идеологиялардың ешқайсысына ере қоймаған немесе бірнеше идеологияны қатар қолдайтын, болмаса барлығына да сын көзбен қарайтын адамдар жатады. Бұлардың ішінде жоғарыдағы ағымдардың біріне жақын топ көбейгенде бұтақ та солай қарай иіледі...
Қытайшылдар: ағаштың түбінен әзірге енді ғана «көктеп» келе жатқан бұл бұтақтың болашақта қаншалықты үлкейетінін болжай қиын... Әзірге бұл топтың өкілдеріне шығыстағы көршінің түрлі діни–философиялық ағымдарын (фэн шуй, фалуньгун тб) «ұнататын» адамдар жатады. Ол жақта білім алғандардың кейін қандай идентификацияны қалайтыны да белгісіз. Егер мықты бір лидер не идеолог шықса бұл бұтаның да үлкеюі ықтимал...
Міне, Қазақстандағы идеологиялық ағымдарды осылай жіктеліп айырылды. Әрине ағаштың барлық ағымдар мен топтарды қамти алмағаны түсінікті. Жоғарыдағы ағымдардың өз ішінде тағы да бір ағаш сызарлық топтарға бөлінетіні белгілі, олар іштей тағы да айырылады, одан қалса «әр кәллада бір қиял» дегендей әр адамның өз ойы, идеологиясы бар. Оның бәрін бір ағашқа сидыру мүмкін емес...
Соңғы жылдары біздің қоғамымызда идеологияғы деген тым жағымсыз қатынас қалыптасты. Жетпіс жыл идеология қысымы астында өмір сүрген азаматтарымыз одан шаршағаны сонша, тіпті оның атының өзі оларға ұнамсыз болды. Бірақ, қоғам идеологиясыз өмір сүре алмайды. Идеологиялық вакуум болмайды деген ескі ақиқаттылық дұрыс болып шықты. Біздің қоғамдық санамызда бос орын пайда болған кезде оны либералистік, ұлттық, діни т.б. идеялар толтыра бастады.
Соңында адамдар тіпті ешбір рухани бағдарсыз, құндылықсыз, идеалсыз қалды, руханилықтан және әлеуметтен айырылу адам үшін үлкен қайғы болып табылады. Қоғам рухани бағдарсыз адамдардан тұрса, ол дағдарыстық жағдайға ұшырайды. Онда адамгершілік төмендейді, қылмыс көбейеді, қалыптастырушылық қызмет мотивациясы, адамдар келісімі төмендейді. Бұның кейбір көрінісі қазір бізде байқалды.
Әлеуметтік, экономикалық дағдарыстардың себептері саясат, экономика, техникалық арта қалушылықта деп санау заңды сияқты. Дегенмен, кейбір политолог, социолог, философ ғалымдар ойынша бұл дағдарыс тамыры тереңде жатыр, ол көрінбейтін адамгершілік саласында, кеңірек алсақ санады. Бұл дағдарыстан шығу үшін ортақ идеяны ойлап табу керек, оның төңірегіне адамдар жиналған болар еді, олар қоғам проблемаларын бірге шешер еді. Бұл идеялар, көзқарастар, құндылықтар идеология болып табылады.
Сонымен, тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру қажет. Мұнда мынадай сұрақ туындайды, қазіргі жағдайдағы Қазақстанда идеология қандай болуы керек? Идеология, билік жүргізіп отырған саясатпен тығыз байланысты болады, бірыңғай саяси-идеологиялық кешенді құрайды. Өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі мазмұнын экономиканы көтеру, қоғамды демократияландыруды тереңдету мен кеңейту, ұлттық мәдениетті қайта жаңғырту, әлемдік өркениетке ену құрайды. Саяси тілмен айтқанда, бұл Қазақстанда әлеуметтік саясат модернизациясын жүргізу деген мағынаны білдіреді.
Сондықтан Қазақстандағы жаңа идеология оның әлеуметтік модернизациясының идеологиясы болуы керек. Бірақ қысқа уақытта дамыған азаматтық қоғамға жетуге, тоталитаризмнен демократияға бірден секіріп өту мүмкін емес. Ол үшін ұзақ өтпелі кезең керек. Сондықтан қазір елімізге өтпелі қоғамның идеологиясы керек. Мұнда президент билігінің басымдылығы, мемлекеттің қоғамды тоталитаризмнен авторитаризмге алып келудегі рөлінің басымдылығы анық байқалады. Мемлекеттің белсенділігі мұнда сөзсіз қажеттілік болып табылады.
Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы.
Иделогия дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік. Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік идеологиясын қалыптастыру, оны бұқара арасында жаю, сол арқылы қазақ қауымын, қала берді елімізді мекендеуші ұлт пен ұлыстарды ортақ іске мемлекетті нығайту ісіне жұмылдыру үлкен жұмысқа айналып отыр.
Кешегі коммунистік идеологиядан мезі болған Ресей жұрты ешқандай да идеологияның қажеті жоқ, мемлекеттің құдіретін адам құқығын сақтауға бағыттап, белгілі бір реттеушілік қызметтерді атқарумен шектеу керек деп жатқанда, біз Қазақтанда өз идеологиямызды қалыптастыруды қолға алғанымыз қалай деген заңды сұрақ көкейге оралары сөзсіз. Мұның өзі Ресей мен Қазақстанның қазіргі өміріндегі айырмашылықтардан – еліміздің демографиялық, геосаяси ерекшеліктерінен – туындап отыр. Ұлтаралық келісім, олардың белгілі бір дүниетанымдық идеялар төңірегінде топтасуы – біздің мемлекетіміздің негізгі кепілі.
Тәуелсіздік жолына жаңа түсіп, өзінің көп ұлтты еліне, бай да кең байтақ жеріне, басқа да ерекшеліктеріне орай және демокартиялық жолымен тез дамуды көздеп отырған Қазақстан Республикасы болса, дәеп қазір өз мақсатына қызмет ететін идеологияны керек етіп отырғаны күмәнсіз.
Бұл орайда Назарбаевтың өз сөзімен келтірсек, — қоғамда өзгерістерге сай келетін рухани ахуал туғызу, мұның өзі мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде идеология сияқты ерекше, салада, тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады. Бүгінгі заманғы үлгідегі қоғам идеологиялық деп айқындайтын жүйе болмайынша өмір сүре алмаса керек.
Қазақстандағы жаңа идеологияның бағдарлары. Қазақстан елінің қазір өткен мен болашақ ортасындағы өпелі кезеңде тұрағндығы белгілі. Ондай қоғамның ішінара да, түбегейлі өзгерістерге де көп ұшырап жатуы ықтимал. Демек, теориялық пайымдауда да қалыптаса бастаған қағидаларды оқтын-оқтын қайта қарауға тура келетін тұстар да болуы мүмкін. Оның ешқандай айыбы жоқ. Қайта қасандыққа ұрынбауға, бұрыстыққа жол бермеуге оң ықпал тигізері сөзсіз. Мәселен қоғамның бір сападан екінші сапаға өтуін революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен қамтасыз етуге баса мән беруде жатыр. Ол тек әлеуметтік жарастық жағдайында ғана мүмкін болды. Ендеше қоғамдағы ынтымақ – жас тәуелсіз мемлекет үшін ең басты саяси құндылық болып табылады. Мемлекет тоталитаризм жолына түсіп, бір идеологияны ұстанса, көп өмір сүре алмайды. Нацизмді ту етіп көтерген Германия, марксизмді теория емес, идеология деп таныған КСРО соның айқын айғағы. Енді халықтың көзі ашылып, дүниеге, өзін қоршаған ортаға байыпты да парасатты қарайтын болды. Ал тәуелсіз Қазақстан үшін қолайлы даңғыл жол – демократиялық мемлекетке жету мүмкіндігі туды. Ондай мемлекеттің артықшылығы адамдар бір идеология, бір сүрлеулі жол үшін жанын пида етпейді, өзгеріске, жаңалыққа мол мүмкіндік қалдырады. Жалпы бір идеология жолында адам құрбан болмауға тиісті. Керісінше, бұл адамға қызмет етпейтін идеология.
Болашақтан үміті бар мемлекет ғылымға, бар күшін шынайы өзгерістерді, реформаларды ғылымға және философиялық тұрғыдан негіздейтін модельді, үлгі, сүлбіні жасауға және халықтың санасына құюға жұмсау керек.
Біздегі мемлекеттік идеология – ұлттық мұраттардан туындай отыра жалпы қазақстандық мақсаттарға ұласатын идеялар мен көзқарастар жүйесі. Негізінен ұлттық идеология құрайтын Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы жалпы азаматтық құндылықтар мен рухани мұра жетістіктерімен үнемі толығу, баю үстінде болмақ. Демек мемлекеттік идеология – қазақтың ұлттық идеологиясының өркениетті адамзаттық, планета аралық идеологиямен синтезделіп қауышуы, жаңа сапалық дәрежеге өтуі. Осындай жаңа мазмұндық және сапалық деңгейде Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы қалыптаса бастайды. Өркениетті мемлекеттердегі және Қазақстанның төл ерекшеліктерін қамти отырып, қызмет ететін идеологияның қалыптасуы өте-мөте күрделі әрі ұзақ мерзімдік процесс. Сондықтан әнді, елдің барлық әлеуметтік және ұлттық топтарының мақсат-мүдделерін ескеретін мемлекеттік идеологияның қалыптасып, дамуы үшін ең алдымен қазақ халқының ұлттық идеологиясының дұрыс қалыптасуы айрықша маңызды. Екіншіден, қазақтың идеологиясының ең озық, ең өркениетті, адамгершілік, ізгілік пен адалдық мазмұнындағы үлгілері күллі қазақстандықтардың дүниетанымының түйініне айналуы керек. Ұлттық идеология міне осындай үрдістерден дамып, жалпы қазақстандық мемлекеттік идеологияға барып ұласа алады. Кез келген мемлекет өз азаматтарын болашақ туралы идеямен қамтамасыз етуі керек. Онсыз адамның күнделікті іс-әрекеттерінің мәні болмайды. Үмітсіз шайтан, ал адамды үміт болашаққа, сенімге жетелейді.
Егер біздің мемлекеттіміз ұлттық мемлекет екен, идеологиямызда ұлттық қатынас сипаты, ұлттық рухы болу керек. Одан «Қазақстанның идеологиясы түгел ұлттық болсын, біз ұлтшыл болайық» деген ой тумауы керек. Басқа ұлтта да жақсы құбылыстар, элементтер бар, оны қабылаудан бас тартпағандығымыз жөн. Сондықтан идеология дегеннің өзі — өте күрделі құрылым, ғылыми таным, көзқарас мәселесі. Бұл мәселе бір емес, көптеген фактор бола алады. Мәселе осы идеологияны қалыптастыратын, құратын, зерттейтін ғалымдарымыз кімдер? Идеологияның болашағы міне осыған байланысты.
Жаңа буын жаңа идеология әкеле жатыр. Жаңа буынның өзіндік идеологиясы – Қазақстанның тәуелсіздігі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болғандығы, Қазақстанның тарихының жаңаша әрі жан-жақты жазыла бастауы. Идеологияның түп қазығы осыған негізделетін болады. Қазақстанның өз бағыты бар: ол қандай еңбектерге сүйенеді, іргетасы қалай болмақшы? Біз жаңа буынды мамандарды осыған баулуымыз керек.
Қоғамдық дамудың басты мақсаты – жеке адамның рухани тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету. Дарын, қабылет – ұлттық игілік, оның иелері қоғам, мемлекет көзінен таса қалуға тиісті емес. Америка Құрама Штаттары, Жапония өз елдерінде балаларды бүлдіршін кезінен бастап, өсіп ержеткенге дейін қайта-қайта тексеріп, сынап, дарындыларын іріктеп алатын тәрбие, оқу жүйесін жасады. Бұл елдерде баланың болашағы ата-ананың қымет дәрежесі, қалтасының қалыңдығына емес, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Осы тұрғыдан келер болсақ, тәуелсіздікке, құқықтық мемлекетке, демократияға және нарықтық экономикаға жету прогрессивтік дамудың жолындағы қажетті, бірақ, өтпелі сатылары болып табылады. Ал мұның өзі тәуелсіздіктің, құқықтық мемлекеттің, демократияның жақсы жақтары мен жаман жақтарын саралап, мезгілімен байқап, реттеп отыруды қажет етеді. Тарихи дамудың түбегейлі мақсаты – адам, оның өсіп-өнуі, гүлденіп, дамуы, жан-жақты жетілуіне жол ашу, жағдай жасау. Экономикалық, саяси өзгерістер осы мақсатқа жетудің құралдары ғана. Егер, осы тарих тәлімін мемлекет басшылары түсініп, ұғып, өз қызметінің көрсеткіші, критерийі ретінде қабылдаса, көптеген әлеуметтік мәселелер өз шешімін оп-оңай табар еді. Шын мәнінде, идология дегеніміз – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен тәсілі, бұл әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизімі, бірақ бұл күштер – зорлау тәсілі емес, қайта мемлекеттік және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Ал осы анықтамаға үңіле көз салсақ, ол – жай ғана идеология мақсаттары туралы ой тастау емес, жаңа мемлекеттік идкеологияның тұжырымдамасы екенін айқын сезінеміз. Ішкі саясат жәйлі сөз болғанда, ішкі саяси тұрақтылықтан кейінгі тағы бір мәселе – ол саяси партиялар мен қозғалыстар, олардың саяси мақсаттары мен істері қандай, халықтың басым көпшілігінің мүддесіне, конституцияға, заңдарға сәйкес келеді ме, халықты жасампаз еңбекке жұмылдыра ма, жоқ, қит етсе көшеге, алаңға, митингіге, жұмысқа шықпауға шақыра ма, осы жағын реттегеніміз жөн. Бұл ретте үкімет те, Президент те белгілі бір саяси парияға арқа сүйеп, иек артқаны жөн сияқты. Ішкі саясаттағы егемендікке жеткізетін басты бағыттың бірі – сөз бен істің алшақ, екі басқа болмауы. Әрине, ел басының, үкімет басшыларының сөзі де жиі өзгере бермеуі керек. Кейінгі кезде сөз бен істің алшақтығы айқын көріне бастағаны шындық. Мұндай жағдайда Президенттің де, үкіметтің де халық алдындағы беделі тез түсетіндігі даусыз.
Президенттің Жоғарғы Кеңеске жолдауына: «Министрлер Кабинеті өз алдына, обылстар өз алдына қызмет атқарып жатыр… Үкіметтің өзі, … бірнеше блокқа бөлініп отыр. Микроэконмикалық, сыртқы экономикалық, әлеуметтік және салалық блоктар арасындағы ауыз бірліктің жоқтығы айқын көрінуде» — деді, («Ақиқат» 8, 1994, 24 бет). Бұл елдің көбіне белгілі және шын егемендікке жетудегі бегеттің бірі. Бұл кемшілік таяу мерзімді түзеледі деп ойлаймыз.
Мемлекеттік идеологияның қызметі қаншалық кең көлемді болғанымен ол Президенттің ойынша үш түрлі бағыттарды қатар ұстауы идеологиясы болу керек:
- адамдардың қоғамдастығын топтастыру;- әлеуметтік мінез – құлықты қалыптастыру;
- адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету; («Ақиқат», 8 1994, 6 бет).
Қазақстанның экономикалық кеңістік пен мерзімде суырылып алға шығуына орай экономика саласындағы идеологиясының негізігі принциптерін тұжырымдау қажет. Ол принциптердің бағыттары мыналар:
- өзіміздің кәсіпкерлікті қолдау;
- өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру;
- халықты әлеуметтік қорғау;
- мемлекеттік байланыстар үшін экономикалық саяси серіктестіктер таңдауда байыптылық таныту;
- бұдан туындайтын қортынды, өтпелі кезеңде тұрған Қазақстан Ресаубликасының, басқа да қоғамдық қатынастары мен идеология аралығынада – осындай диалектикалық тығыз байланыс жатқандығы болу керек.
Қорыта келгенде, идеологияға екі тұрғыдан қаруға болады. Біріншіден, сөздің кең мағанасында – идеологиялық экономикалық, әлеуметтік және саяси қоғамдық қатынастармен диалектикалық байланысы, екіншіден, идологияны – қоғамдық қатынастардың өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар нақтылы сала ретінде пайымдау. Идеологияның тағы бір міндеті – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлесуші факторға айналадыру. Ұлтаралық жарастықты нығайтумен қатар Қазақстан қоғамының бірлесуі идеясын жүзеге асыра отырып, ұлт ішіндегі бірлікті нығайту. Аса маңызды идеологиялық міндеттердің бірі – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі билеуін қалыптастыру. Идеялық бірігу арнасында қоғамда жоғары тіл мәдениеті орнығуы тиіс. Қоғамның бірігуін нығайтуға тұрақтылық, азамттық келісім ахуалын құру елеулі әсер етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: — біз, — бүгін таңда дәуірлік идеологиялық құрылымды орнатып жатқан жоқпыз, — дей тұрса да, мемлекеттік идеологияның негізгі бағдарларын жүйеге түсіріп бергені күмәнсіз деп айтып кеткен екен.
3) Саяси бейімделуге байланысты қандай көзқарастарды білесіздер. Шолу жасаңыз.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар.
Біріншісі----өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер ажатады.Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болыпесептеледі.Ал осы жолды кецін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, “қуалай дамушы” мемлекеттер ретінде қарайды.
Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгерту, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрынна келе жатқан және кең тарағанының бірі----бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейде елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларға соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да кәзіргі жоғарғы индустриялды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді.
Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Европа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынастың, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылдаған.
60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысына бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болды. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.
1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Ә р түрлі қоғамдық тарихи дәстүрлерді, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылуы және мәдени ерекшеліктері.Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.
Жаңа өмір салтына бейімделуді тұтас және ұзақ кезең ретінде қарайтын болды.Ол жолда дамумен қатар бұрынғы құрылымды қайталау, тоқырау болуы мүмкін. “Қуалай дамумен” қатар “жарым-жартылай”, “Тығырыққа тірейтін” бейімдеушіліктер жөнінде де айтыла бастады.
Бұл мәселені зерттеушілер өтпелі процесс иен өзгерістерді сипаттайтын басты элемент деп әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді айтады. Атап айтқанда, мұның бәрі тұлғаның тұрпатына, саяси дамудың әмбебап ережелері мен мақсатын қабылдап, түсіндіретін,ұғындыратын ұлттық мінез-құлыққа байланысты.Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің дағдарысын жеңе білуі деп танылды.
Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.
1. Құрылымдық бейімделу. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды. Оған индустриализанияландыру, қазіргі нарықтықкапитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс бастылық кұрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, қоғамның әлеуметтік жіктелу құрылымының өзгеруі және т.б. жатады. Осындай күрделі қоғамдық өзгерістердіңнәтижесінде Батыстың дамыған елдерінде халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір денгейі бұрынғыдан анағұрлым жақсарды. Оларда қазір жұмысы барлардың жалақылары жоғары, адамдарды шектен шыққан кедейлікке жібермейді, өндіріс орындары, тұрмыс-жағдайлары толықжабдықталған, халықтың тұтыну деңгейі жоғары. Сапалы білім, дәрігерлік көмек алуға мүмкіншілік молайды және т.т.
2. Азаматтық. Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдықөзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі — азаматтылық, азаматтыққұқықтар. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған. Мұндай тәжірибе бұрын да тарихта кездескен. Мысалы, афинылық демократия кезінде Ежелгі Гректерде, содан кейін Ертедегі Римде кездеседі. Бірақ бұл елдердегі азаматтық, біріншіден, тарихи мөлшерде ұзаққа созылған жоқ. Екіншіден, ол халықтың бәрін қамтыған жоқ. Азамат болып тек сол жерде бұрыннан тұрған, сол жерде туған ерікті азаматтар саналатын, басқалар (құлдар, басқа жерден кешіп келгендер) бұл есепке кірмеді. Бірақ олардың тәжірибесі бос кеткен жоқ. Әсіресе, азаматтық құқықтар, оның ішінде мемлекеттік билікке қатысу тендігі, заң алдындағы теңдік, әлеуметтік мәртебенің жалпы негізі мен мүмкіншіліктер тендігі және т. б. Бұлқұқықтар адам өмірінде ең маңызды, шешуші рөл атқарады. Кейін келе азаматтық құқықтар одан әрі дамытылған, саяси құқықтар пайда болған.
3. Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі — сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өмірге қатынасуына көмектесіп, тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді. Саяси ұйымдар жұмыста қазыналық негіз болатын саяси идеология сомдалып, шындалады. Қазіргідей саяси қызметтерге қатынасатын мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесі құрылады.
4. Қазіргі адам. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа-тайпаның шенберінде ғана іс-әрекет етпейді. Мемлекеттік, ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып, өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады. Бүгінгі танда ұйымдар мен мекемелерде қызмет атқару үшін құжаттарда көрсетілген талаптарға сай істеу керек. Бұрынғыдай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, діни қағидаларды басшылыққа алмайды, өмірдің өркениетті талабына сай, іскерлік көрсетіп, білімді қорытындылар жасап, іс істеуге тура келеді. Бұл мәселемен көптен айналысатын американың белгілі зерттеушісі А. Инкельс қазіргі адамды сипаттай келіп, мынадай ерекшеліктерін атайды:
а) қазіргі адам жаңа өмір тәжірибесінің барлық саласына ашық. Ол қандай жаңа идеялар болсынқабылдауға, қарсы алуға іштей дайын. Дүниені, айналадағы ортаны танып біле алады және соған орай іс-әрекетте жасай алады;
ә) қазіргі адам айналасындағы өзгерістерге байланысты үрейленіп қорықпайды, психологиялық жайсыздыққа онша бас ұрмайды. Жалпы қоғам түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанда сол әлеумеітік, мәдени жағдайда өмір сүруге дайын;
б) қазіргі адам қандай мәселе болмасын оған әр түрлі қарауға болатынын, соншалықты пікіртууы мүмкіндігін біледі;
в) қазіргі адам қоғамдық өмірді түсініп, ұғынғанда өткенге, бұрынғыға бағдар ұстамайды, қазіргі мен болашақты ойлайды;
г) қазіргі адам индустриалды технологияның қисының біледі, белгілі бір мағлұматы бар. Мысалы, өндіріс мекемелері қалай қызмет ететіні, тұрмысқа қажет техникалық құралдардың жұмысістеуінің және т.с.с. негізгі принциптерін біледі.
4)Қазіргі әлемдік геосаяси жағдайында халықаралық қатынастар дамуы қандай болады деп ойлайсыз.
Қазіргі саяси проблемалардың бірі – геосаясат. Геосаясатты талдаудың өзіндік ерекшелігі саясаттың кеңістік-географиялық факторларын қарастырумен, макросаяси үрдістерді зерттеумен, тұрақты және ұзақ мерзімді сипаттағы құбылыстарды ашатын ұғымдар мен категорияларды кеңінен қолданумен байланысты. Мұндай ғылыми амал, әсіресе геосаяси проблемаларды қарастыру кезінде аса маңызды. Соңғы уақытта геосаясаттың, геосаяси білімнің, әлемнің геосаяси архитектурасының маңыздылығы айтарлықтай артты. Қазіргі кезде Қазақстанның геосаясаты, геосаяси факторлары, геосаяси жағдайы жөнінде жиі айтылады. Алайда осы тақырыпта сөйлейтін адамдардың бәрі бірдей геосаясат дегеннің не екенін және оның архитектурасына не жататынын жете біле бермейді. Соған қарамастан геосаясат дүниежүзі тарихын пайымдаудың ерекше амалы ретінде қазіргі Қазақстанның шынайы саясаты тұрғысынан өте үлкен пайдасы бар. Осымен байланысты геосаясаттың және қазіргі әлемнің геосаяси архитектурасының аса маңызды өзекті мәселелердің бірі екенін атап көрсетуіміз қажет. Өйткені онсыз қазіргі әлемнің шынайылығын толықтай және қайшылықсыз анық түсіну мүмкін емес. Қазіргі геосаясатты дұрыс түсіну үшін, ең алдымен, оның архитектурасын білу керек. Қазіргі әлемнің геосаяси архитектурасы геосаясат субъектілерінің (әлем қауымдастығы субъектілерінің) жиынтығынан, өздерінің жеке және ортақ мүдделерін жүзеге асырудағы олардың стратегиясынан, әрекетінен және өзара қатынасынан тұрады. Ол әлемдік саясаттың, халықаралық қатынастардың мынандай субъектілерін – мемлекетті, үкіметаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды, сондай-ақ геосаяси орталықтарды өзіне қосқан. Геосаяси орталықтардың негізгілеріне әлемдік саясаттағы ірі факторларды – Еуропаны ( Еуропа одағы келбетіндегі), АҚШ-ты, Азия Тынық мұхиты аймағын және Ресейді жатқызуға болады. Еуропа Одағы (ЕО) – федеративті мемлекет элементтерінен тұратын мемлекетаралық, аймақтық масштабтағы конфедеративтік бірлестік. Халқы 500 млн. адамнан асады. Еуроодақты құрудың бастамашысы – Франция мен Германия. ЕО 1992 жылы 12 Еуропа мемлекеттері қол қойған Маастрих келісімшарты негізінде 1993 жылы құрылды. Қазір оның құрамында 27 ел бар. Еуроодаққа бірігудің мақсаты – саяси, экономикалық және валюта одағын құру, адамдардың, капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетудің еркін қозғалысы негізінде біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру. Еуроодақ көшбасшыларына келетін болсақ, онда олардың саясатында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Франция өзінің АҚШ-тан тәуелсіздігін көрсетіп, аймақтық көшбасшы болып дамуға тырысады. ЕО-ты құрудың есебінен біріккеннен кейін құрлықта айтарлықтай нығайған Германияның позициясын әлсіретуге қарсы емес. Өз кезегінде Германия АҚШ-пен қатынасын өзгертпей-ақ, құрлықтағы өзінің ықпалын, ең алдымен, Орталық Еуропа және Шығыс Еуропа, сонымен қатар Балтық мемлекеттері есебінен кеңейтуге тырысуда. Германия Еуропаның геосаяси осі болуы мүмкін. Англия толықтай АҚШ-тың ықпалымен келеді. Еуропа Одағының өзіне тән геосаяси тұжырымдамасы бар. Ол 1970 жылы «ЕО геосаяси тұжырымдамасы» деген атпен дайындалған еді. Оның негізіне «азаматтық күштер» идеясы алынған, оған сәйкес сыртқы саяси міндеттер әскери күш позициясы тұрғысынан (мұны АҚШ көбірек жақтайды) шешілмеуі тиіс, керісінше, ынтымақтасу арқылы, экономикалық тетіктердің әсерін қолдану арқылы ( соның ішінде, қажет болған жағдайда экономикалық санкция жасау), әр жақ өзіне қайсыбір функциялар мен міндеттерді алып, жалпы құрылымды қолдану арқылы шешілуі қажет. Күш қолдану немесе қауіп-қатер жасаудан бастарту идеясы Хельсинкиде өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы кеңесінің жұмысының барысында пайда болған еді. Еуроодақ елдері және АҚШ батыс өркениетінің ажырамас құрамдас бөлімі болып саналады. Алайда олардың арасындағы қатынаста бірқатар қарама-қайшылықтың бар екендігі байқалады. Мәселен, кезінде Иракқа шабуыл жасалғанда, ортақ мүдде ауызбіршілік болмады деуге болады. Бұл қарама-қайшылықтар Еуропаның бірлігін бөліп жіберді және шоғырландырушы әлеуетін бұзды. Еуропа АҚШ-тың халықаралық институттарды мойындамауына қарсы (мысалы, Югославияға қарсы агрессия кезінде БҰҰ мұндай оқиғаға кезікті). Еуропа, сондай-ақ Құрама Штаттардың Американың стратегиялық мүдделерін шешуде басқа елдердің мүдделерін жоққа шығаруына қарсы, өйткені бұл антиамерикандық және антибатыстық көңіл күйді және әлемнің өзге елдерінен АҚШ-тың және батыс елдерінің оқшаулану қаупін тудырады. Еуропа АҚШ-пен салыстырғанда, әлемнің басқа аймақтарындағы орнықтылық пен тұрақтылықты қолдайды және аймақтық істерге араласпауды қолдайды. Осымен байланысты жарты ғасыр әлемде орнықтылық пен тұрақтылықты қамтамасыз еткен геосаяси биполярлы әлемдік құрылыс конструкциясы ыдырығаннан кейін «қырғи-қабақ соғыстың» басты жеңімпазы ретінде әлемді бірполюстікке өткізуге барынша тырысқан екі ұлы державадан бір ғана – АҚШ қалғанын айтуымыз қажет. Сөйтіп, АҚШ биполярлы жүйе ыдырағаннан кейін қалыптасқан вакуумды толтырды. АҚШ планетамыздағы бірден-бір негізгі геосаяси күштердің орталығы екені белгілі. Оған келесі сипатты белгілер тән: біріншіден, әскери, экономикалық, технологиялық, ақпараттық қатынастарда және мәдени ойын-сауық салаларында әлемдегі ең қуатты держава. Сонымен бірге АҚШ-тың бас болу жағдайы оның халықаралық институттарда (ХВҚ, БСҰ, Бүкілдүниежүзілік Банк, Қайта құру және даму банкі), НАТО және т.б. басымдығымен түсіндіріледі. Екіншіден, әлемдегі жаһандану және жаңару үрдістері АҚШ-тың бақылауында. Үшіншіден, ол әлемде бірполярлы конструкция құруға тырысуда. АҚШ-тың геосаяси ұмтылысы өзінің аумағын қорғаумен бітпейді, оны басқа мемлекеттердің аумақтарына таратады, ол жерлерде Америка азаматтарының, Америка капиталының, Американың сыртқы саяси курсының және жалпы батыс өркениетінің мүдделері қорғалады. Төртіншіден, өзінің мақсаттарына жетуде күш көрсету саясатына тірек жасайды, ондағы басты құралы – НАТО – батыс мемлекеттерінің әскери-саяси блогы, мұнда да АҚШ бағыттаушы ел болып табылады. Олар НАТО-ны демократия мен тұрақтылықтың зонасы ретінде қарап, оны кеңейту тұжырымдамасын белсенді пайдаланады. Осылайша, өзінің геосаяси алаңын кеңейтеді. Бесіншіден, АҚШ-тың сыртқы саясатына тән белгілердің бірі – мессианизм, бұл дегеніміз бүкіл әлемге өзінің либералды-демократиялық құндылықтарын тарату арқылы әлемді американдық етіп құруға тырысушылық. Американың жаппай ықпал ету мақсаттарына жету үшін АҚШ Еуропадағы одақтастары мен Жапонияға және қалған өзге де елдерге қатысты «Бағдарламалы көшбасшы тұжырымдамасын» қолданатынын айтуымыз керек. Бұл тұжырымдаманы 1993-2000 жылдары. Клинтон әкімшілігі жасады. Тұжырымдаманың мәні – АҚШ саясатының шеңберінде одақтастарға белгілі бір әрекеттерге бағыттарын таңу. Дегенмен, соңғы уақыттарда Құрама Штаттар әлемдік аренадағы бәсекелестіктен қауіптенеді. Жаһандық көшбасшылық үшін күресте Қытай, Индия, Еуроодақ оның басты бәсекелестері болып отыр. Осымен байланысты әлемдік дамудың соңғы он жылдығы келесі бір геосаяси орталықтың Азия Тынық мұхиты аумағының (АТА) салмағының қарқынды артып отырғандығын атап өтуіміз қажет. Менің көзқарасым бойынша АТА-ға тән белгілерге: біріншіден, бірнеше күштер орталықтарының болуы жатады. Әдетте әлемнің көптеген аймақтарында бір ғана көшбасшы болады немесе жақсы жағдайда, көшбасшылық үшін күштердің екі орталығы күреседі. АТА бірден кем дегенде 4 күштер орталықтарын өзіне қаратып алған. Мұнда аймақтық қана емес, әлемдік күштер балансын анықтайтын: АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония сияқты әлемдік бірнеше ірі державалар орналасқан. Олардың бәрі геосаяси және геостратегиялық маңызды орын алады, аймақта және әлемде ауқымды мүдделері бар және оларды жүзеге асыру үшін қуатты әлеуетті иеленген. Екіншіден, экономикалық, саяси және әскери салмақты шапшаң арттырушы мемлекеттердің болуы жатады (мысалы, Корея Республикасы, Сингапур, Малайзия, АСЕАН, басқа да елдері), бұлардың мүддесін аймақтық күштер балансында есепке алуға тура келеді. Үшіншіден, АТА халықтың аса көп қоныстанған аймағы. Оның планета халқының шамамен 50 пайызы тұрады. Төртіншіден, АТА жердегі динамикалық дамушы, қуатты экономикалық аудан. Жалпыәлемдік өнімнің жартысынан астамы, әлемдік сауданың жалпы көлемінің 50 пайыздан астамы, инвестицияның 55 пайыздан астамы, әлемдік порттың 40 пайыздан астамы және электроқуаттың 42 пайызы, т.б. оның үлесіне тиесілі. Бесіншіден, аймақтағы елдерді экономиканың аса жоғары қарқынмен артуы сипаттайды. Азия даму банкінің болжамына сәйкес, АТА елдерінің экономикасының өсу қарқыны таяу жылдары әлем елдерінің экономикасының өсу қарқынынан екі-үш есе артатын болады. Аймақ әлемнің негізгі қаржы және инвестиция орталығына айналуда. Алтыншыдан, АТА-ға тән геостратегиялық ерекшеліктерде оның сипатты белгілеріне жатады. Өйткені мұнда өте көп әскери әлеует, ең алдымен АҚШ, Ресей және Қытайдың зымыран-ядролық әлеуеті шоғырланған. КХДР-дың да ядролық әлеуеті бар болуы мүмкін. Бұған әскери әлеуетті арттыру тенденциясының да болуын қосамыз, ол жоғарыда аталған мемлекеттердің әлеуетінің есебінен іске асуда. Мысалы, АТА-ның Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі елдер сарапшылардың мәліметі бойынша, бүгінде мемлекеттік бюджеттің 5-20 пайызын әскери шығынға жұмсайды. Осы аймақтағы қару-жарақ сауда-саттығы Таяу Шығыстың қару-жарақ және әскери техникаларынан кейін екінші орын алады, сөйтіп, қару сатудың әлемдік айналымының шамамен үшінші бөлігін құрайды. Жетіншіден, АТА әлемнің жетекші мемлекеттерінің геосаяси мүдделерінің (АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония) түйісетін, мемлекетаралық өткір қарама-қайшылықтардың тоғысатын, аймақтағы бірнеше мемлекеттің шамданушылығын арттыратын, өзара талаптар бар. Соның ішінде аумақтық (мысалы, Жапонияның, Ресейдің Оңтүстік Куриль аралдарына) талаптарды айтуға болады. Америка Құрама Штаттарының АТА-дағы геосаяси мәселелерді айқындауда айтарлықтай рөл ойнайтынын атап көрсету қажет. Ол АТА-ны өзінің геосаяси мүдделерінің бірден-бір маңызды зонасы ретінде қарастырады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мұнда қалыптасқан қауіпсіздік құрылымын нығайту мен жетілдіру бағыты Вашингтонның аймақтағы саясатының басымды бағыты болып табылады. Бұл құрылым АҚШ-тың көшбасшылық рөліне, Жапониямен және Оңтүстік Кореямен әскери Одаққа, Таиландпен, Филиппинмен, Австралиямен және Жаңа Зеландиямен отырған келісімшарттарға, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерімен әріптестік қатынастарға негізделген. Осы құрылым, АҚШ-қа Тынық мұхиты аймағында алдыңғы қатарлы күштерді орналастыруға мүмкіндік берген басты әскери-стратегиялық аудандарға бақылауды қамтамасыз ететін және американың геосаяси көшбасшылығына негізгі механизм рөлін атқарады. АҚШ-ты ең алдымен Қытайдың экономикалық және әскери әлеуетінің шапшаң артуы алаңдатады. АҚШ пен Жапония арасында қарама-қайшылық бар, дәлірек айтқанда, АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарсыластығы шиеленісуде. Экономикалық бәсекелестікке төтеп бере алмағандықтан, АҚШ Жапонияның үкіметіне қысым көрсетеді. Ресейге қатысты АҚШ бұрынғысынша Ресейді АТА нарығынан оқшаулауды көздейді. Оның ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуетін, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін және экономиканың басқа да жоғары технологиялық салаларын әлсірету сияқты стратегиялық ниетін сақтап отыр. Бұрынғыдай АТА аймағында Корей жартыаралы дау-дамайлық жер болып қалуда. Мұнда Ресей шиеленісті бәсеңдету мен бейбітшілікті нығайту үшін, Корея Республикасы мен КХДР татуластыру үшін бірігіп күш жұмсауға шақырады. Сегізіншіден, АТА бұл әртүрлі геосаяси мүдделердің тоғысатын жері, бір-бірінен тарихымен, салтымен, дінімен, дәстүрімен, тұрмысымен ерекшеленетін әртүрлі мәдениет түрлері орныққан аймақ. Мұнда Конфуций – Будда, Жапон, Батыс, Ресей геоөркениетін білдіретін, сондай-ақ Малайзия-Индонезия субөркениетін, ислам өркениетін көрсететін мемлекеттер орналасқан. Бір жағынан, олардың арасындағы өзара әрекеттер өзара ықпал етумен және өзара толықтырумен сипатталады, бұл жалпы адамзат мәдениетін бай мазмұнмен толтырады, ал екінші жағынан қақтығыс әлеуетін төмендетуге ықпал етпейтін қарсыластық, текетірестік және бәсекелестік шиеленісуде. Осылайша, Азия Тынық мұхиты аймағы әлемнің геосаяси орталықтарының бірі ретінде жердегі экономикалық, демографиялық, технологиялық, геоақпараттық және геостратегиялық жағынан динамикалық дамудағы аудан. АТА-ның маңызы және оның геосаяси ықпалы артуда. Осы ықпал етудің ішінде Ресей Федерациясы, әсіресе Қиыр Шығыс федералды округі бар, бұл АТА елдері тарапынан болған шақыруларға оптималды жауаптар іздестіру қажеттігіне мәжбүрлейді. Осымен байланысты геосаяси тұрғыдан алғанда Ресей толыққанды аумақтық құрылым өз алдына жеке құрлықтық күш болып табылатынын айтуымыз керек. Ол зор кеңістікті иеленген, оның халқының саны, мәдени- білімдік, индустриалды-техникалық және ғылыми әлеуеті мемлекеттің тәуелсіздігіне қажетті негізді және құрлықтық ықпалдастық үшін керекті базаны құрайды. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы әлемдік үрдіске ықпал етудің айтарлықтай мүмкіндігін иемденген, қуатты ядролық күштері бар, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде тұрақты мүшелік орнын сақтап отыр, мұның өзі оның көптеген стратегиялық болашағының барлығын айғақтайды. Ресей мемлекетінің Еуразия құрлығында үш мұхит арасында орналасуы, оның күш қуатының өзіндік қайнар көзі және сонымен қатар салмақты қарама-қайшылықтар мен қауіп-қатерлерді де тудырады. Ресейдің батыстан, шығыстан және оңтүстіктен болатын осалдығы мұндай масштабтағы ел үшін транспорт инфрақұрылымының жеткіліксіздігімен толыққан. Орталық және Шығыс Еуропа елдерін, сонымен бірге бұрынғы КСРО республикаларын батыстың экономикалық және әскери-саяси құрылымға қосу, бір мезгілде Ресейді Еуропа кеңістігінен шеттету стратегиялық сипатта салмақты қауіп-қатер тудыруы мүмкін. Бұл, ең алдымен, Ресейдің геостратегиялық Жерорта теңізі мен Атлант мұхитына шығу мүмкіндігін шектейді, елдің Батыс Еуропа нарығына қосылуын, жалпыеуропалық үрдістерге қатысуын тежейді және болашақта ислам әлемімен және Шығыстың басқа да динамикалық күштерімен бір өзі жеке қалмақшы. Халық арасында әртүрлі діндерді – православия, ислам, буддизм және т.б. тұтынатын үлкен топтардың болуы Ресейдің ерекшелігі болып табылады. Өткен (кеңестік) кезеңде күшейген атеистік қызметтің нәтижесінде өзіндік вакуум пайда болған еді, осы бос орынды дәстүрлі емес діндермен толтыру, тоталитарлық секталардың күшею қатері және діни фундаментализмнің арту қаупі туындады. Бұның бәрі салмақты қайшылықтарды тудыруға қабілетті дін саласындағы шиеленістің негізгі қайнар көзі болып табылады, ал олардың өзіндік этникалық аймақтарға жіктеген жағдайда елдің бірлігіне және оның қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер болып саналады. Геосаяси үйлестіру жүйесіндегі Ресейдің күрделі және біржақты емес жағдайы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық бағыттарды анықтауда тепе-тең амалды талап етеді. Қазіргі кезде Ресей Федерациясының қауіпсіздігі елдің нақты геосаяси жағдайы мен шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып, оның өз мемлекеттілігін, рухани, саяси, экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту қабілетіне байланысты. Тек осындай жағдайда ғана Ресей геосаяси кеңістікте өзіне тән орынды ала алады, ешкімге қауіп төндірмейтін, бейбітшілікті қорғаушы, тұрақтандырушы күшке айналады, сонымен қатар өзінің ұлттық қауіпсіздігін кез келген сыртқы күштерден қатаң және шешуші түрде қорғай алатын болады. Қорыта айтқанда, қазіргі геосаяси проблемалар әлемдік кеңістіктегі барлық мемлекеттер үшін аса маңызды болып саналады және алға қарай табысты қозғалу үшін оларды дер кезінде шешу керек. Бұл жерде әлемдік кеңестіктің көптеген елдерінің және әлемнің өзекті мәселелерін шешуде Қазақстанның геосаяси жағдайы аса маңызды. Соңғы кезде Қазақстанның өзінің бірегей геосаяси амалдары, тұжырымдамалары пайда болды. Олар сыртқы және ішкі геосаясатты жүзеге асыруда айтарлықтай көмек көрсетіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Дьяченко С. Саяси партия және саяси билік // Ақиқат, 1998,№11.
Қалиев Н. Қазақстан партиялық жүйесі // Саясат, 2002, №11.
Мағзумов М. Қазіргі кезендегі демократиялық саяси институттар// Саясат, 1998,№ 2
Ермеков К. Демократиялық даму жолы. // Саясат, 1998, №10
Інкәрбаев Е Посттоталитарлық кеңестіктегі саяси өзгертулердің ерекшеліктері //Саясат 2002,№1
Шүкірұлы С. Заман және саясат //Ақиқат 1993 №12
С. Мұхамедов, М. Сатершинов т.б. Саяси құқықтық ілімдер тарихы – Алматы, 2000
Нукенов А.К. Биліктің бөліну теориясы // Саясат, 2001,№6
Жүніспекұлы. Саяси мәдениет және оның тәртібінің өзгеруі. //Ақиқат 1999 №6 Шалабаев. Саясат және саяси мәдениет //Саясат 1998 №2 Саясаттану –Жамбылов [ҚР Саяси партия туралы Заңы. www.akorda.kz
Уикипедия — ашық энциклопедиясы 2. ҚР «саяси партиялар туралы» заң 2002.15.07 1-бап 1-тармақшасы
http://referat.resurs.kz/ref/sayasi-partiyalar/2/
1. «Елдегі жағдайлар және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық және реформалар туралы». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан.- 1998.- 1 қазан.
2. ҚР Саяси партия туралы Заңы. www.akorda.kz
3. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы сайтынан (http://kaztrk.kz)
4. «Алдын ала қорытындыларын жария етті» «Егемен Қазақстан» газеті . Сейсенбі, 17 Қаңтар, 2012 .
5. «Халық еркін білдірудің үлгісі» «Егемен Қазақстан» газеті . Сейсенбі, 17 Қаңтар,2012 . 6 . "Нұр Отан"ХДП - http://www.ndp-nurotan.kz/new/
7. Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау коммиссисы. http://election.kz [Д.Жамбылов, “Саясаттану” 2008 8.http://www.portal.edu.kz/uploads/ tx_skpdfviewer/050502.pdf 9.http://www.akorda.kz
Достарыңызбен бөлісу: |