Компьютерлі томография (КТ)-Бұл әдісітің негізінде, рентген сәулесінің көмегімен зерттелуші объект қабат-қабатпен түсіріледі.Рентген түтігі объектті айналып қозғалу барысында бейне көшірмесі жасалады.
Компьютерлі томография әдісінің СТЖБ патологиясын диагностикалауда артықшылықтары:
Аксиальды проекция негізінде буындық беттердің пішіндерін толық қалыптастыру;
Оң және сол жақтан СТЖ көрінісі;
Қабаттасулар мен проекциялық қисаю болмайды;
Буындық дискті және шайнау бұлшық еттерін зерттеу мүмкіндігі;
Кез келген кезде бейнені көру;
Буындық тіндер мен бұлшық еттердің қалыңдығын өлшеу мүмкіншілігі.
Аксиография — төменгі жақтың қозғалысы кезіндегі СТЖБның трансверсалды ығысу траекториясын жазу әдісі.Аксиограф — аксиографияны жүргізетін құрылғы.
Аксиография — төменгі жақтың қозғалысы кезіндегі СТЖБның трансверсалды ығысу траекториясын жазу әдісі.Аксиограф — аксиографияны жүргізетін құрылғы.
Аксиографияны қолданады:
• Емдеу алдында СТЖБ қызметін анықтау үшін; • СТЖБ-ның ішкі бұзылыстарын диагностикалау үшін; • Қосымша диагностика әдісі ретінде (егер бұрын қабылдаған ем дұрыс нәтиже бермесе); • емді бастау алдында, окклюзиялық шиналарды және тістем пластинкаларын қолдану керек болғанда; • Оперативті араласулар алдында.
Төменгі жақсүйектің қимыл - қозғалысын зеттеру
Төменгі жақсүйектің қимыл – қозғалысын зерттеуді қолмен жүзеге асырады. Ол үшін ортаңғы және сұқ саусақтарды самай төменгі жақ буынына салып, науқастан ауызын ашып-жабуын сұрайды. Сол кезде буынның басы қалай қозғалатынын, буынның ауыратынын анықтауға болады. Қазіргі таңда төменгі жақсүйектің қозғалысын жазып алу үшін арнайы құрылғылар-функциографтар (мысалы, «ивоклар» германия) қолданылады. Бұл құрылғылардың ерекшелігі - төменгі жақсүйегінің қозғалысын үш кеңістікте тіркеуге, оның жылдамдылығын анықтауға және бір уақытта электромиография көрсеткіштерін тіркеуге болантындығы.