үшінші сынама – төменгі жақтың бүйірге қарап жылжуын зерттеу
төртінші сынама - әдетінде қалған окклюзия мен орталықты окклюзияны салыстырып зерттеу.
Эшлер Битнер сынамасы
Дистальді тістем кезінде дифференциальды диагноз жасау үшін қолданылады.
Бұл сынама кезінде төмеңгі жақ нейтральді окклюзияға келтіреді де профильді зерттейді. Егер профиль дұрыс болса демек төмеңгі жақ дамымай қалғандығын білдіреді. Егер профиль одан ары бұзылса, демек жоғарғы жақтың шектен тыс дамығанын білдіреді.
Фукциональды шайнау сынамасы:
Христиансен (1923) – орман жаңғағын, 50 с бойы науқасқа шайнауын сұранады. Гелман (1932) – Христиансен сынамасын алып жетілдірді.Яғни орман жаңғағының орнына орнына 5 г миндаль, 50с бойы шайнауды ұсынған. Ал 8-9 жасар балаларға 2,5г, өйткені 5г балар үшін үлкен куш кетеді.
Рубинов (1957) – 800мг грех жаңғағын 14с бойы шайнап, зерттеуді ұсынған.
Гнатодиномография - төменгі жақ қозғалысын анықтау. Төменгі жақ буын басының буындық ,сагитальды, бүйірлік жолмен анықтау үшін - арнайы бет доғалық гизи қолданылды. Орындау әдісі:
Оны төменгі жақ тістерінде ауыз қуысы ішілік тістің окклюзиялық беткейіне бағыттайды;
Ал сырттай - ішкеріге параллель етіп ауыз сыртылық бекітеді.
Буын басы деңгейіне карандаш бекітіледі.
Төменгі жақ орын ауыстырған кезде карандаш қағазға буын басының орын ауыстырған жолын салады.
Мастикоциография – шайнау кезінде төменгі жақтың козғалысының анализін жасау үшін қолданылады.
И. С. Рубинов (1940) ұсынды.
Бұл әдістің маңызды кемшілігі - ол төменгі жақсүйектің қозғалысын тек бір беткейде ( вертикальды) тіркей алуы.
Осыған қарамастан, бұл әдіс 1980 жылдарға дейін зерттеулерде қолданылды.