Орындаған: Елтан Дидар Қабылдаған: Аблязимова н тобы: Еп 20-14к1



Дата11.06.2023
өлшемі8,68 Mb.
#178609
Байланысты:
Елтан Дидар


Бағалау кезеңдері мен
құралдары.
Орындаған: Елтан Дидар
Қабылдаған: Аблязимова Н
Тобы: Еп 20-14к1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Жоспар
Кіріспе
  • Бағалау түрлері
  • Ішкі жиынтық бағалау
  • Өзін-өзі бағалау
  • Жиынтық бағалау

  • Қорытынды
    Пайдаланылған әдебиеттер

Ішкі жиынтық бағалау– оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау.
Сыртқы жиынтық бағалау– оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
Жиынтық жұмыс – оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы.
Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.Мектепте білім алушылардың дағдыларды бойға сіңіруі және өзін-өзі бағалау тәжірбиесі жинақталуы қажет. Білімалушылардың өзін-өзі реттеуіне, өз бетінше білім алуына ынталандыруға аудару керек. Білім алушылардың өзін-өзібағалауы оқу үдерісінде өзінің күшті және әлсіз тұстарына өзі талдау жасай алуына мүмкіндік береді.
Білім алушылардыне білетіне, қандай дағдыларды меңгергеніне объективті қарауына, өз кемшіліктерін және нәтижесінде неге қол жеткізгісікелетінін анықтауға үйрету маңызды. Алайда, білім алушының өзін-өзі бағалауы тым жоғары немесе өте төмен болатынжағдайлар да кездеседі. Бұл сабақта өзін-өзі бағалауды өткізудің жалпы оңтайлы әсерін төмендетеді. Мұндай білімалушыларға мұғалім барынша обьективті түрде көмек бергені дұрыс.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен атааналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды.
Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия (2-қосымша), оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады.
Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білімталушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып табылады.
Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет.
Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды.
Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады.
Қорыта келгенде қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді
Пайдаланылған әдебиеттер
  • https://stud.kz/prezentatsiya/id/32482
  • https://melimde.com/bafalau-kriterijleri-jene-ojlau-dafdilarini-degejleri-deskript.html
  • https://www.nis.edu.kz/Diana/npa/kaz/%D0%9A%D0%91_%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B8_%D0%9D%D0%97%D0%9C.pdf
  • https://martebe.kz/kriterialdy-ba-alau-sapaly-bilim-lshemi/

Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет