ОрындағАН: ермекбай а тобы: 5 а мамандығЫ: жалпы медицина тексерген: ТҰрсын а. Т. «М е н и н г о к о к к и н ф е к ц и я с ы н ы ң Қ о з д ы р ғ ы ш ы»



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата01.10.2023
өлшемі6,98 Mb.
#183180
1   2   3   4   5
Байланысты:
микро 11

Патологиялық анатомиясы
Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуі (В.И.Покровский, 1965).
1.. Біріншілік – локальды түрлері:

менингококктасымалдаушы

жедел назофарингит
1.. Гематогенді – жайылған түрлері

менингококкемия: типті-найзағай тəрізді, созылмалы

менингит

менингоэнцефалит

аралас түрі (менингит+менингококкемия)
1.Сирек түрлері: эндокардит, артрит, пневмония, радикулит.
Ағымы бойынша:

жеңіл

орташа

ауыр
Инкубациялық кезеңі 1-10 күн (орташа 2-4 тəулік).
Клиникасы


ИНТОКСИКАЦИЯ БЕЛГІЛЕРІ
Дене қызуының 38-390С-қа дейін көтерілуі, кейде қалтыраумен, бас ауруы, 
бас айналу, құлағының шуылдауы, кейде жүрек айну жəне құсу болуы мүмкін. 
Науқас адинамиялы, терісі бозғылт, кейде мұрнында жəне ернінде герпес 
шығады.
Катаральді синдром
Жөтел, кейде дауысының қарлығуы, мұрыннан шырышты – іріңді
бөліністер ағу Аранында – гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының
ісінуі, фолликулалардың гиперплазиясы байқалады. Перифериялық қанда –
лейкоцитоз, геммограммада солға қарай жылжу. Назофарингиттің ағымы
көбінесе жеңіл, 5-7 күн ішінде сауығады.


МЕНИНГОКОККЕМИЯ
Клиникасына 2 синдром тəн: 
интоксикация жəне экзантема. 
Басталуы жедел, дене қызуы 38-400С-
қа дейін көтерілуі, қалтырау, тез 
үдейтін əлсіздік, бас ауруы, бұлшық 
еттерінің ауырсынуы, құсу .


ЭКЗАНТЕМА
Ең типті көрінісі болып табылады жəне мына белгілермен сипатталады: -бөртпе аурудың алғашқы
күндерінде пайда болады (5-12 сағ) -бөртпе көп, басында дақты, розеолезды, папулезды, кейіннен
геморрагиялық петехиядан экхимоздарға дейін, “жұлдызды” формада ортасында тығыздалған, 
көбінесе аяқ – қолдарында əсіресе, жамбастарында, сирек беттерінде кездеседі. Менингококкемияның
ауыр ағымында геморрагиялық белгілер болуы мүмкін: кофе қоюындай құсу, мұрыннан, жатырдан, 
ішектен қан кету. Асқазан – ішек жолдары жағынан келесі өзгерістер болуы мүмкін болуы мүмкін: 
тəбетінің төмендеуі, құсу, аузының құрғауы, тілінің жабынмен жабылуы, кейде бауырдың ұлғаюы. 
Жүрек – қантамыр жүйесі жағынан тахикардия, гипотония, жүрек тондарының тұйықталуы болуы
мүмкін. Менингококкемияда басқа да ағзалардың зақымдалуы мүмкін: артриттер, пневмония, 
миокардит, перикардит, эндокардит, нефрит. Менингококкемияның найзағай тəрізді ағымы ауыр
токсикозбен, ҚШҰ синдромы дамуымен жəне жүрек – қан тамыр жүйесінің жұмысының
төмендеуімен қатар жүреді. Менингококкемияның созылмалы ағымы эндокардиттің дамуымен
байланыстырады (өте сирек кездеседі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет