Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті
— педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсігттік, шығармашылық іскерлігі педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалімнің жүргізетін диагностикапық іс — әрекеті;
— шығармашылық шеберлігі — мүғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, мек-теп өмірінде небір қиын жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығар-машылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тміс. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің қүрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата – аналар үшін, мүғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс – шара өткізе білуі шарт.
Өзін - өзі дамыта алатын педагог оқушыларын өзін - өзі дамытуға ынталандыра алады. Сондықтан біз оқушыларымыз күткендей мұғалім болуымыз өте қажетті. Тақырыптық жоспар, сабақ жоспарын жасағанда оқытушы тек өзінің жұмысын ғана емес, оқушылардың іс - әрекетінің сол пәнге деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет. Оқушылардың алуан түрлі іс - әрекеттерін жобалаған кезде оқытушы ұжымдық және жекелік шешім қабылдау үшін жан - жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және жаттығушылықты ескерген жөн. Қазіргі оқытушылар оқу материалын проблемалы түсіндіру, эвристикалық әңгіме жүргізе білу, дискуссиялық жағдай жасай алуы, интеллектуалды - шығармашыл ахуал жасау, студенттердің оқу - зерттеушілік қызметін ұйымдастыруы қажет.
Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды.
«Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады», - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс – оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата – аналармен қолдаулы болу тиіс.
Педагогикалық қолдау – оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтОқушылардың оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру, табысты танымды әрекетінің тәжірибесі үшін жағдай жасау, ақыл еңбегінің нәтижесіне құрмет сезімдерін арттыру: сабақтардың сапалық мазмұны, оқыту сағаттары, викториналар, оқыған кітаптарды талдау, танымды ойындар, әңгімелер.
Мұғалім – қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрелік. Бүгінгі мұғалім ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім оқытушы, мұғалім-ұстаз, мұғалім-оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениеті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады:
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі
2. Білімнің деңгейін көтеруі
3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындалуы
Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» - деген. Сондықтан ұстаз-шәкірт-ұстаз болуы қажет. Белгілі ағартушы педагог ғалымдар: С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ш.Т.Таубаева, Қ.Жарықбаев, Б.Барсай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.
1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі
3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалуы, дауыс ырғағы, сазы
4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзіммен сабыр сақтауы
Ұстаздық қызметтік қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгеру, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болап табылады[3].
Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.
Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады деп түсіндіреді.
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» — деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді.
Дәстүрлі педагогика мен әдістеменің дамуы, өзін әбден сарқа пайдаланып, бірыңғай білім беру кеңістігінің қызмет етуін қамтамасыз ете алмайды... Дәл бүгінгі технологиялық ғасырдың басталғанын болжап айтуға болады, ол өз шеруін білім беру жүйелері мен оқу үрдістерін жобалаудың жаңа бағытында әрекет етуші дәстүрлі педагогиканың негізгі нысандары мен категорияларының параметрленуінен, технологиялануынан бастайды».
В.М. Монахов
XXI ғасырдағы қоғам өміріндегі өзгерістер, халықаралық бәсекелестік Қазақстан Республикасында білім беру талаптарын барынша түбегейлі өзгертуге бағыттады.
Білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісіне байланысты білім беру парадигмасы өзгерді, білім мазмұнын жаңартып, сапасын арттыру, білім берудің ұлттық үлгісін жетілдіру мен инновациялық-педагогикалық технологияларды енгізу, т.б. негізгі кешенді шаралар айқындалды .
Бұл ауқымды жаңашылдықтың маңызын Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының негізгісі білім саласын дамыту екенін көрсете келе ... «Әлемдік қоғамдастықтың даму тенденциялары экономикалық өсу қарқынына инновациялық іс-әрекеттің ұлғайғанын дәлелдейді. Әлемдік нарықтағы интеллектуалдық еңбек өнімдері экономикалық іс-әрекеттің басқа салаларына қарағанда жоғары бағаланады. Нарық талаптары соңғы жетістіктерді кеңінен пайдалануға, инновациялық белсенділікті күшейтуге жағдай жасау қажеттілігін тудырады» - деп еліміздің қалыптасуында маңызы зор екенін тағы да атап көрсетті[2].
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру мен халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап айтылуы білім беру жүйесін одан әрі дамытуда жаңа тұрпатты ұстаздың шығармашыл ізденісте, білімді, кәсіби білікті болуын міндеттейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды.
Республика болашағына бағдар беретін бұл Жолдауда «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»-деген .
Ал, дамудың негізі білім мен ғылым. Сондықтан, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз Елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру негізгі өзекті мәселенің бірі болып саналады. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі-жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Ал, біліктілік дегеніміз – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік болып табылады.
Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген CXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» - деп айқындай келе «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек.
Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет» екенін атап көрсетті [5]. Осылайша еліміздің келешек келбетін көрсететін, сапалы білім беру жүйесінде кәсіби біліктілігі жетілген, ерекше талантты мұғалімнің болуын міндеттеді.
Ұстаздардың кәсіби-педагогикалық біліктілігі мен ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру бағыттарын: С.И. Архангельский,. В.А. Сластенин, Н.В. Кузьмина, т.б., және отандық ғалымдар Н.Д.Хмель, Т.А.Уманов, Ж.А.Қараев,Г.Қ. Нұрғалиева, А.Е. Әбілқасымова, Б.А.Әлмухамбетов, Ш.Т.Таубаева, Ж.Кобдикова, М.Н. Жанпеисова, Қ.Нағымжанова, С.Көшімбетова, т.б. зерттеді.
Нәтижелі оқыту үрдісін ұйымдастыруда ұстаздың бастапқы кәсіби біліктілік деңгейін білу және оның қалай жетілетінін анықтаудың маңызы зор.
Өз зерттеулерінде Н.В. Кузьмина ұстаздарды кәсібилік деңгейі мен кәсіби құзыреттілігіне қарай бөлді. Автор ұстаздың кәсіби қалыптасуының бірнеше деңгейлерін анықтады [6]. Күрделене түсетін педагогикалық міндеттерді шешудің әрбір келесі деңгейінде педагог іс-әрекеті өзгеріп отырады. Олар:
- репродуктілік деңгей – оқушылар алдында ұстаз өз білімін қайталай алады;
- адаптациялық деңгей – ұстаз өз айтқандарын тыңдаушылар ерекшеліктеріне бейімдей біледі;
- локальды – үлгілеуші деңгей – ұстаз жеке мәселелер бойынша оқушыларда білім, білік жүйелерін қалыптастыру стратегиясын меңгерген;
- шығармашылық деңгей – ұстаз өз пәнін оқушылардың шығармашыл тұлға ретінде даму құралына айналдыру стратегиясын меңгерген.
Бұл деңгейлер оқытудың әдістемелік мақсаттары мен міндеттерін нақты анықтауда, оқушылармен таңдап-саралап дербес жұмыс істеуде, нәтижесі жоғары болатын тиіміді оқыту технологиясын оқушылар категориясына қарай іріктеуде ұстазға көмек болады.
Бүгінгі таңда оқушыда дамытатын біліктерге қойылатын талаптар деңгейі жоғары. Олар:
Сыни тұрғыдан ойлау және мәселені шешу;
Ақпараттық технологияларды пайдалана білу;
Теориялық білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана алу, т.б.
Сондықтан инновациялық оқыту нәтижесі оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс.
Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Осы орайда, Республикамызда педагог кадрлардың кәсіби біліктілік сапасын арттыруды қамтамасыз етуге үлкен мән берілуде. Қазақстан Республикасында педагогтар біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы «Кембридж» тәсілдеріне негізделген жаңаша оқытудың баспалдақтарында да «...білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық технологиялық әдістерді қолдануды игеру, ...үнемі жетілдіріп отыру міндеттері қойылып отыр» [7].
Педагогикалық техногологияның барлық сапалық белгілері мен ерекшеліктерін терең меңгерген жағдайда, білімдік нәтижесі жоғары болатын ең тиімдісін таңдауға мүмкін болады.
Педагогикалық технологиялар білім берудің дамуында басқарылатын стратегиялық фактор болып табылады. Педагогикалық технологияларды оқыту үрдісіне енгізуді басқаруда төмендегідей міндеттер ескеріледі:
- педагогикалық технологияның заманауи деңгейде жүзеге асуын қамтамасыз ететін технологиялық даму стратегиясын пайдалану;
- педагогикалық технологияларды барынша жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін технологиялық инновацияларды басқару;
- инновацияны ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
«Педагогикалық технология» ұғымына жалпы түсінік
Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нəтижеге жетудің тиімді принциптері мен əдістерін анықтауға бағытталған. Егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын біртебірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне əкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс-əрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады. «Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын: - біріншісі – өндіріс құралдарының жиынтығы; - екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы. «Технология» термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді. «Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С. Смирнов оны төмендегідей анықтайды: - оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы); - нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі жəне т.б.) Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л. А. Щукинаның еңбектерінде көрсетілген. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорнынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық үдерісті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұштасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаланған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.). Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған? Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалық емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог-ғұлама XVI ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңілсек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек», – делінген. Я. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланылып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т.б.). Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі əр автор мен орындаушының педагогикалық үдеріске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізілуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |