Орындаған: Есқазина Аида қтә-302 Аңдатпа



Pdf көрінісі
Дата08.11.2023
өлшемі5,53 Mb.
#190382
Байланысты:
Аңдатпа.Аида 302



АҢДАТПА 
Орындаған:Есқазина Аида
қтә-302


Аңдатпа
Аңдатпа (аннотация) (лат.
аnnotatio - ескерту, аңдату) -
ғылыми мәтінді қысқаша
ұсынудың бір түрі. Аңдатпа -
кітаптың, топтама жинақтың,
қолжазбаның мазмұнын
оқырманға қысқаша баяндау.


ПРОФЕССОР Т.КӘКІШЕВ:
«АННОТАЦИЯ БЕЛГІЛІ БІР
ШЫҒАРМАНЫҢ НЕГІЗГІ
МӘН-МАҢЫЗЫН
ҚЫСҚАША ТҮЙІНДЕЙДІ»


Аңдатпа - мәтін мазмұнының құрылымын
анықтайтын, мәтінді ғылыми мазмұндаудың ерекше
жанры. Аңдатпа мақаладан баяндалу түрі бойынша
жанрлық жағынан ерекшеленеді. 
Айталық, мақалада белгілі бір тезис қисынды
пайымдалып, дәлелденіп баяндалады, ал аңдатпада
мақалада баяндалған талдаулар мен
дәлелдемелердің қорытындысы беріледі. Сондықтан
аңдатпа мәтініндегі сейлемдер жалпылама,
ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды»
деген тақырыптық ұғым тұрғысында емес, «
не
айтылды
» деген сұраққа құрылуы керек. Аңдатпа
үшінші жақта
жазылады.


Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді.
Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен
де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі
мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа
500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады.
Сонымен қатар ғылыми жобаға және
диссертацияға жазылатын аңдатпалар да бар.
Ғылыми жобаға арналған аңдатпа 1-3 бет
көлемінде болса, диссертациялық жұмыстың
аңдатпасы 3-7 бет көлемінде болады.


Мақсаты:
Аңдатпаның басты мақсаты - өте аз
тілдік құралдармен зерттеудің мәні
мен жаңашылдығы туралы
хабарлама жасау арқылы
оқырманның назарын аудару,
оқырман қызығушылығын ояту.
Осы екі мәселе нақты қамтылуы
керек. Журнал бетінде
жарияланатын барлық ғылыми
мақалалардың авторлық
аңдатпасы болуы тиіс
.


Әр басылымның аңдатпа көлемі мен
құрылымына қатысты өз талаптары
болады.
Мәселен, Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
«Хабаршысында» мақала
аңдатпасы қазақ, орыс және
ағылшын тілдерінде 7-8 жолдан
аспайтын 800-1000 белгіден
тұруы керек.
Ал «Вестник Санкт-
Петербургского университета»
журналына жарияланатын
мақалаға берілген авторлық
аңдатпа орыс және ағылшын
тілдерінде жазылып, аралық
ашықтарымен қоса есептегенде
500-900 белгіден тұруы шарт.
Мәселен:


Әлемдік тәжірибе бойынша авторлық аңдатпада мақаланың
қысқаша мазмұны көрсетіледі. Кейде аңдатпада мақала
құрылымы сақталады, яғни кіріспе, зерттеудің мақсаттары мен
міндеттері, әдістері және қорытындысы беріледі. Сапалы
жазылмаған аңдатпада мақаланың тақырыбы, не тақырыптың
мазмұны жалпы сөздермен қайталанып, зерттеудің мәні
ашылмайды, мұндай аңдатпалар көлемі жағынан да
мардымсыз болып келеді. Аңдатпада шығармаға баға беріп,
автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген
мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы
басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман
аңдатпаға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай
алады.
Аңдатпа әрқашан тірек сөздермен берілуі шарт.


Ғылыми мақаланың аңдатпасын
жазуға ұсынылатын фразалар:
Бұл мақалада ... қарастырылады
Мақалада ... тақырып қозғалады
Мақала ... арналған
Мақала ... кешенді зерттеуге арналған
Мақала қазіргі заманғы ... мәселеге
арналады
Мақаланың мақсаты ... болып табылады
Мақалада ... мәселелер ашылады
Мақалада ... ерекше назар аударылған
Мақалада ... талдау жүргізіледі
Автор ... тұжырымға келеді
Мақалада ... ерекшеліктері көрсетілген
Мақалада ... анықталады
Мақалада... айқындалады
Зерттеуді негізінде .. белгіленеді
Автор жұмысында ... ерекше көңіл бөледі


Жасалған талдаулардың негізінде ...
Аталған мәселе аз зерттелген, сондықтан
болашақта әрі қарай да зерттеуді талап етеді
Мақалада зерттелген тақырып бойынша жаңа
материал жинақталған 
Ғылыми айналымға енгізіледі
Автор ... ұсынады
Зерттеудің негізгі мазмұнын ... талдау құрайды
Ерекше назар аударылады
Практикалық тәжірибе жүргізілген
Автор ... нәтижеге қол жеткізеді
Негізгі дәлел ретінде ... пайдаланылған
Мақалада зерттеушілердің пікірлеріне талдау
жасалады
Мақалада ... дамытуға бағытталады
Автор ... деген пікір айтады 
Автор ... тоқталады
Автор ... дәлелдейді


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1)ДИНАЕВА Б.Б., САПИНА С.М.
АКАДЕМИЯЛЫҚ
САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Нұр-Сұлтан 2020ж
2)https://resmihat.kz/documents/d
ownload/405


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет