Ұлттық танымға байланысты метафоралар
Сабасын қара түннің шайқап жібер,
Шабыттың қабағынан наз білінді. («Сөз қалады»)
Түндігін қара өлеңнің ашып қалсаң,
Жыр тілеп жұлдызды аспан жамырап тұр. («Сөз қалады»)
Өткінші өмір өркешіне өңгерген,
Ирек қамшы ит тірлікті мен көргем. («Матрица»)
Қазыналы аспанына қазақтың,
Қоңыр күйді жырман жаздым шалқытып. («Жұмекен»)
Қиял-тұлпар құс жолына ауғанда,
Сөзден саумал семіретін бір қанбай.
Қарашаңырақ. Әкемнен қалған көзіндей.
Қараша үйді жырлаймын әлі көз ілмей.
Құрық тимес бұла тайым. («Шабыт шақыру»)
Табиғат тақырыбындағы метафоралар
Көкіректе өріледі жыр-дастан. («Аққұм-менің ауылым»)
Құйрығыменен қыр сабап. («Аққұм қысы»)
Сірескен бұлттар-жұртымның өкпе, наласы,
Сыңсыған самал-боздаған бейбақ анасы. («Дауыл келеді»)
Нұр құйып Күннің жанары көктен,
Бүр жарды гүлі өріктің.
Күн күрсінді көктегі.
Күй ұғып күрең күздің қабағынан,
Аспанның маржан тамар жанарынан. («Күзгі жыр»)
Сары жағал Алматының бақтары,
Қайыңдардың сырғасы да сап сары. («Сары көйлек»)
Ақынның арнау өлеңдеріндегі метафоралар
Түркі бірлігін ту етіп ұстап келесің,
Түркітанудың айналып қара нарына. («Түркі бірлігін ту еткен»)
Сахара білер барыс бар. («Барыс»)
Ердің сойы сен дедім. («Абадан»)
Самғау шыңға шырқармыз. («Қайрау»)
Жалғандықтың өкпесіне қадалған. («Махамбеттің жебесі»)
Азалы етіп артта қалған байтағын,
Алып емен құлағалы жыл өтті. («Алып емен»)
Журналисттер-жанкешті жауынгерлер,
Жеңісі үшін ұлтының жанталасқан. («Журналистер»)
Қорытындылай келсек, Темірғали көпбай шығармаларындағы метафораларды жоғарыдағыдай тақырыптық топтарға жіктей алдық. Байқағанымыз, ақынның өлеңдерінде дәстүрлі метафораларды көп кездестірмейміз. Оның метафораларының басым бөлігі-жаңа идеяға құрылған, өзіне ғана тән индивидуалды метафоралар.
Пайдаланылған әдебиет:
Т. Көпбай. Аққұмда оянған арман. Алматы:«Қазығұрт» баспасы, 2019.-216 б.
Достарыңызбен бөлісу: |