ОрындағАН: Ғылыми жетекшісі



бет3/4
Дата17.05.2020
өлшемі335,53 Kb.
#69235
1   2   3   4
Байланысты:
қазақша күрес
дене шынықтыру, Дифференциалдық теңдеулер1, terminologia, Документ, Байқау ережесі Момышулы, Жыл сайын бт-да география п нін та дайтын о ушылар, осы п нні
ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ:

Қазақша күрес - ұлттық спорттық өнеріміздің ішіндегі күрделі түрлерінің бірі болып саналады. Мұнда жан-жақты дайындығы мол, күшті төзімді, қайратты, епті палуан болмай жеңістен - жеңіске жету, табыстан - табысқа жету мүмкүн емес. Кілем үстінде белдескен екі палуанның қайсында жоғарыда айтылған қасиеттерін мол болса, сөз жоқ сонысы жеңіске жетеді. Қазақша күреспен айналысатын палуанның бойында күш қайраты мол болумен қатар, ол өте сезімтал болу керек. Себебі кейбір белдесулер аз уақыттың ішінде, көзді ашып жұмғанша өте шығады.

Қазақша күресте қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізгі түрлері мыналар:

˗ Иықтан асыра лақтыру әдісі (лақтырылған балуан құламай орнында тұрып қалуы керек);

˗ Әдіс қолданған балуан өзі құлай беріп, қарсыласын астына түсіру;

˗ Қарсыласын жамбасқа салып жығу;

˗ Іштен шалып жығу;

˗ Сырттан шалып жығу;

˗ Қарсыласынқырқа шалып жығу (артқа құлату).

Күрескен кезде, қолдануға рұқсат берілмейтін әдіс-тәсілдер:

˗ Белдесе күресу барысында қолды белбеуден босатуға болмайды (тек әдіс қолданғанда ғана бір қолды босатуға рұқсат етіледі);

˗ Қарсыласын ұруға, итеруге болмайды;

˗ Тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды;

˗ Лақтырған кезде қарсыласын жерге басымен түсіруге рұқсат етілмейді;

˗ Құлап түскен қарсыласының аяғын, қолын, т. б. мүшелерін бұрауға болмайды;

˗ Белбеуден басқа киімнен ұстауға рұқсат етілмейді;

˗ Астында жатқан қарсыласын тіземен, шынтақпен нығарлап басуға болмайды;

˗ Қарсыласына белбеуден ұстамай қолданған әдіс-тәсілді орынды деп есептемейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет