ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ Тақырыбы: Қазақ халқының ою – өрнегінің тарихы мен тәрбиелік мәні
Орындаған:Хамза Арайлым
Тексерген: Байназарова Турсынай
Алматы қаласы, 2022 жылы Ою - өрнек ертеден келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою - өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою - өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.
Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200 – дей түрін ғана анықтады.Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар.
Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенің қапысыз таныр едік.
Бұған дәлел – қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.
Қазақ ою - өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқаның көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.
Ою - өрнектің көне атаулары – халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Олар – халықтың өткен тарихы рухани, мәдени – материалдық өмірінің айнасы. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сінген термин, мағынасы – сәндеу, әсемдеу.
Қазақ ою - өрнегі әлі түбегейлі, жан – жақты толық зерттеле қойған жоқ, дегенмен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге этнограф, өнертанушы Садық Қасиимов пен архитектор – ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Ою - өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай топтарға бөлген.
Өсімдік типтес ою - өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»); (Қосымша -1)
Зооморфтық - ою – өрнек (жан – жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері) «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары «қосмүйіз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», сондай – ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты». (Қосымша -2)
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарынан салынады.
«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х-Х1 ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
«Түйемойын« ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен тұтас келеді де,»түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.
«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.
«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салқын түстер гаммасынан құралады. Бүл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.