Варфарин – әсер етуі тікелей емес антикоагулянт, бауырда қан ұю факторының, атап айтқанда, II, VII, IX және X факторларының К витаминге тәуелді синтезін бөгейді.Бұл факторлар ізашар-ақуыздардың карбоксилденуі нәтижесінде түзіледі, ондайда К витамині өзінің 2,3-эпоксидіне тотығады. Пероральді антикоагулянттар эпоксидтің К витаминіне кері айналуына жол бермейді және сонысымен К витаминінің 2,3-эпоксидінің жиналып қалуын туындатады. Бұл К витамині қорының таусылуына және ұю факторларының баяу түзілуіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде, қанда осы компоненттердің концентрациялары төмендейді, ол коагуляция үдерісінің басылуына немесе төмендеуіне әкеледі. Антикоагулянттық әсері Варфарин Никомед препаратын қабылдауды бастаған кезден 36 – 72 сағат өткен соң байқалады, ең жоғары әсері қолданудан кейінгі 5 – 7 күндері дамиды. Варфарин Никомед препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін қан ұюдың К витаминіне тәуелді факторлары белсенділігінің қалпына келуі 4 – 5 күн бойы жүреді.