Ішу арқылы қабылдағаннан кейін ацетилсалицил қышқылы негізгі метаболит - салицил қышқылына айналады. Ацетилсалицил қышқылы мен салицил қышқылының ас қорыту жолында сіңуі жылдам және толық жүреді. Қан плазмасындағы барынша жоғары деңгейіне 10-20 минуттан кейін (ацетисалицил қышқылы) немесе 45-120 минут өткенде (салицилаттардың жалпы деңгейі) жетеді. Қышқылдардың плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі концентрациясына байланысты болады, олар ацетил салицил қышқылы үшін 49-70 % және салицил қышқылы үшін - 66-98 % құрайды. Енгізілген препарат дозасының 50 % бауырдан бірінші өту кезінде метаболизденеді. Салцицл қышқылының глицинконъюганты, генизин қышқылы мен оның глицинконъюганты ацетилсалицил және салицил қышқылының метаболиттері болып табылады.