Ішу арқылы қабылданғаннан кейін дипиридамол асқазан-ішек жолында тез сіңеді (көп бөлігі — асқазанда және ішінара — жіңішке ішекте).
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін дипиридамол плазмада ең жоғары концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді. Дипиридамол плазма ақуыздарымен түгел дерлік байланысады. Ол жүректе және эритроциттерде жиналады, ал бауырда глюкурон қышқылымен байланысу арқылы метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 20–30 минут құрайды. Дипиридамол моноглюкуронид түрінде өтпен бірге шығарылады.