- мидың қан айналымы бұзылуының ишемиялық түрін емдеу және алдын алуда
- артериялық және көктамырлық тромбоздардың, сондай-ақ олардың асқынуының алдын алуда
- жүрек клапандарын протездеу операциясынан кейін тромбоэмболияның алдын алуда
Қолдану тәсілдері және дозасы
Тромбоциттердіңагрегациясын азайту үшін, бірнеше қабылдауға бөлінетін, тәулігіне 75–225 мг дипиридамолды (үлбірлі қабықпен қапталған 3-9 таблетка Курантил® N 25) қабылдау ұсынылады. Ауыр жағдайларда дипиридамолды дозасын тәулігіне 600 мг дейін арттыруға болады.
Ми қан айналымының бұзылуын емдеу және алдын алуда Курантил® N 25 3 таблеткасын күніне 3-6 рет (225–450 мг дипиридамол) қабылдау ұсынылады. Дипиридамолдың ең жоғары дозасы тәулігіне 450 мг аспауы керек (үлбірлі қабықпен қапталған 18 таблетка Курантил® N 25 сәйкес келеді).
Емдеуді біртіндеп өсіп отыратын дозадан бастаған және үлбірлі қабықпен қапталған таблетканы ашқарынға, шайнамай және сындырмай, сондай-ақ сұйықтықпен ішіп қабылдаған жөн.