Орындаған жұмыс мазмұны және көлемі Іс-шаралар және олардың саны



Дата21.06.2020
өлшемі19,14 Kb.
#74180
Байланысты:
Байсагалиева Гулим 18.06.20


Күні

Орындаған жұмыс мазмұны және көлемі

Іс-шаралар және олардың саны

Баға

Тәжірибе жетекшісінің қолы

17.06.

2020


Тәжірибиелік жұмысыма сағат 08:00 де келіп, киімімді ауыстырдым. Тапсырмаға кіріспес бұрын, қолымды “ ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 23.04.2013 жылғы«Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын зарарсыздандыру жөніндегі әдістемелік бекіту туралы». №111 бұйрығы” бойынша қолымды өңдедім. Толығырақ айтып өтсем:

 

1. Алақандарымды бір-біріне үйкелеп жудым.



2. Оң қолмен сол қолдың сыртынан саусақ арасын ысқыладым да, қолдарымды алмастырдым.

3. Екі алақанды қосып, саусақтың ішкі бетін және саусақ арасын үйкелеп жудым.

4. Екі қолды қабыстырып бүгілген күйі бір қол саусақтарының сыртқы жағын екінші қолға ысқыладым.

5. Оң жақ саусақтармен сол қолдың бас бармағын айналдыра ысып жудым да, қол сағат тұсын да қатар ыстым. Сосын қолдарымды алмастырдым. 

6. Оң жақ саусақ ұштарын жұмып, сол алақанға айналдыра ысқылап жудым да, келесі қолға көштім

Урология бөліміне барып, емшара бөлмесінде жұмысқа кірістім. Ол жерде маған ампуладағы және флакондағы дәрілік ерітінділерді шприцқа толтыру міндеттелді.

Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу.

Іс-әрекет алгоритмі: 

  1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз. 


  2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз. 


  3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз. 


  4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара). 


  5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек. 


  6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта домалағымен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта домалақтарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 


  7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз. 


  8. Мақта домалағымен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта домалақтарын кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 


  9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек. 


  10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз. 


  11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек. 


  12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз. 


  13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз. 


  14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде). 


  15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз. 


  16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта домалақтарын ораудың ішкі бетіне салыңыз. 


  17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз



Тері ішіне дәрілік зат енгізу.

  1. . Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.
  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз. 


  3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 


  4. Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта домалақтарын ораудың ішкі бетіне салыңыз.  


  5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. 


  6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.  


  7. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта домалақтарын тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта домалақтарын салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз. 


  8. Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз. 


  9. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз. 


  10. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз. 


  11. Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 


  12. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай). 


  13. Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта домалағын тері үстіне баспаңыз). 


  14. Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 


  15. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. 


  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 


  17. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз.



  Жұмыстарымды аяқтап болған соң, жетекшінің рұқсатымен үйге қайттым.


 Қол жуу-6
Қолғап кию-5

Қолғап шешу-5

Дәрілік ерітінділерді шприцқа толтыру-1

Дәрі енгізу-3



 





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет