- құрылыстың немесе қайта құрудың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері (ТЭК);
- алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың ТЭК-імен салыстыру.
ТЭК құрамында келесі мәліметтер болуы тиісті:
күрделі салымдардың жыл сайынғы (мөлшерлерсен салыстыру бойынша) өтем мерзімі;
өнім өндірісінің өсу бірлігіне немесе пайдалануға енгізілетін қуаттың бірлігіне (нормативтермен салыстыру бойынша) меншікті күрделі салымдар;
негізгі қорлардың құнының бір теңгесіне өнім шығару (қорқайтарымы) немесе жалпы өнімнің бір теңгесіне келетін негізгі қорлардың шамасы (қорсыйымдылығы);
өнімнің өзіндік құны;
бір жұмыскерге келетін жылдық өнім.