Қуық Қуық — қуыс мүше. Оның сырты дәнекер және бұлшық ет ұлпаларынан тұрады. Сиымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық еттері күшті сфинктер (грек.сфинктер - қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер жиырылып, қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады. Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нөрестенің қуығының ішіне несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |