Орындаған: Жумабекова а тексерген: Енсепова ш алматы 2020 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


 жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу және иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады



бет12/15
Дата27.05.2020
өлшемі0,67 Mb.
#71354
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
несеп мі

2  жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу және иірім каналдардағы кері сүзілу мен секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады.

Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде мұндай  мәліметтер әлі белгісіз.

Энурез

Несептің денеден рефлекторлы еріксіз түрде шығарылуы емшектегі балаларда болатын жағдай, ал ересек балалар өз еркімен несеп шығаруды тоқтата алады. Екі жастан аса баланың несеп шығаруды реттеу тетіктері толық жетіледі де рефлекторлы еріксіз несеп шығару тоқталуы тиіс. Бірақ сәбилердің 5-10 %-ында 13-14 жасқа дейін түнде рефлекторлы еріксіз несеп шығару, яғни энурез байқалады. Несептің тоқтамауы немесе энурез (грек. ен — шығамын + ур — несеп) баланың ерекше ауруларының бір түрі. Ол ерте балалық шақта жиі кездеседі және ұзақ , кей кезде ем қонбайтын, кейде өткінші, жыныстық жетілу кезінде өзінен-өзі тоқталатын сырқат. Бұл сырқаттың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Энурез кейде қуықтағы қабыну ауруларына, кейде бүйректің немесе нейрогендік себептердің әсерінен болуы ықтимал. Соңғысы психикалық дамудың кемшілігіне, немесе психикалық травмаға, немесе ауруға байланысты болуы мүмкін. Ондай балалар сүйіспеншілік көрсетуді, ересектердің немесе достарының мазағынан қорғауды қажет етеді. Ал баланы қорқыту арқылы қойғызамын деп тырысу мүлде жарамсыз әдіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет