операциялық жүйелер болып бөлінеді. Арнайы мақсаттағы ОЖ-ң келесі түрлері болады: тасымалданатын микрокомпьютерлерге және әртүрлі ендірілген жүйелерге арналған, мәліметтер қорын ұйымдастыруға және жетелеуге арналған, ақиқат уақыт режіміндегі есептерге арналған, т.с.с.
Есептерді өңдеу режімдеріне байланысты:
Есептерді өңдеу режімдеріне байланысты:
- бірпрограммалы (MS-DOS, MSX),- мультипрограммалы (OS2, UNIX, Windows) режімдегі ОЖ.Мультипрограммалы режімде бір процессорлы машинада бір уақытта бірнеше программаның орындалуы жүзеге асырылады. Кейде бұл жағдайда мультиесепті режім туралы да айтылады, алайда мультипрограммалы және мультиесепті режімдер синонимдер емес, жақын ұғымдар.Олардың негізгі айырмашылықтары:
-мультипрограммалы режімде бірнеше программалардың бір уақытта орындалуы жүйенің өзімен басқарылады;-мультиесепті режімде мұндай басқаруды программалаушының өзі жүзеге асыруы қажет.