Орындаған: Карим Хусан Қабылдаған: Юсупов Қ. Түркістан-2022



бет4/4
Дата16.11.2022
өлшемі154,44 Kb.
#158397
1   2   3   4
Байланысты:
Әлеуметтану хусан

5.Қорытынды
Неке-отбасы мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады: 1) отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы; 2) бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы және 3) отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы.
Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады:


адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі;


өзара имандылық және материалдық қолдау;


бала туу және оларды тәрбиелеу;


өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар.


Бір негізден немесе ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық – кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама.


Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.

1.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы:Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет

2. Социальная работа: теория и Агафонов А.Н, Менменбеков К.Н, Туганбеков К.М.


3. Қазақ отбасы. Х. Арғынбаев. «Қайнар» баспасы 1996ж.


4. Педагогика. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. «Дарын» әлеуметтік –гуманитарлық университет 2004ж.


5. Ғылым тарихы мен философиясы. К. Енжебаев, Есімханов Т . Оқу құралы. Алматы «Білім» баспасы 2006ж.




6. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс «Парасат әлемі» баспасы 2005ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет