Орындаған: Карим Хусан Қабылдаған: Юсупов Қ. Түркістан-2022



бет1/4
Дата16.11.2022
өлшемі154,44 Kb.
#158397
  1   2   3   4
Байланысты:
Әлеуметтану хусан
Аннотация. Ғылыми жоба

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ Түрік Университеті



БӨЖ
Тақырып: Отбасы және қазіргі заман

Орындаған: Карим Хусан
Қабылдаған: Юсупов Қ.

Түркістан-2022
Мазмұны
Кіріспе

  1. Отбасының тәрбиелік мәні.

  2. Отбасының пайда болуы және даму түрлері

  3. Отбасы қызметтері.

  4. Отбасының құрылымы.

  5. Қорытынды

Әдебиеттер


Кіріспе
Отбасы – жалпы шаруашылықта бірге жүруші, әйел мен ердің, балалар мен ата-аналардың, ағалар мен қарындастардың қарым-қатынастары, сондай-ақ ерлі-зайыптылық одақ және туыстық байланыстарға негізделген жекелік болмыстың негізгі формасы, қоғамдық ұйым (кіші әлеуметтік топ) болып табылады. Отбасы жалпы қоғамда да, жеке өмірде де маңызды ролі атқарады.
Отбасының тіршілік аумағы, оның жекелеген мүшелеріне ғана емес барлық қоғамда тұтастай маңызды.


1.Отбасының тәрбиелік мәні.
Отбасының ең маңызды қызметінің бірі-тәрбиелеушілік міндеті; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың басқа да отбасы мүшелерінің, әсіресе естиар ұрпақтың беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп силауы-бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», -дейді. Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік-мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді. Отбасының тәрбиелеушілік міндеттеріне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқауы керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күннен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет. Балалардың үздіксіз дамуы, творчествалық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Бұл іс отбасының естиар мүшелерінің тікелей міндетіне жатады: әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта аса маңызды мәселенің біріне айналды. Отбасының бұл қызметін іске асыру ерлі-зайыптылардың некеден алған қанағатына, отбасының беріктігіне, өмірдің қуанышы мен бақытына байланысты. Отбасының бақыты сүйіспеншілікті нығайта түседі.
Отбасының демалу қызметі отбасының бос уақытты тиімді пайдалануына бағытталады, яғни олардың өзара қатынасының мәдениетін көтеруге, денсаулығын жақсартуға, күш-қуатын қалпына келтіруге жұмсалады. Бақытты отбасында ғана ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қарым-қатынасы орныға түседі.
Отбасының жазылмай жүрген тағы бір қызметі бар. Ол күнделікті өмірде ертеден қалыптасып келеді. Олар: отбасының жақсы әдет-ғұрпы, үлгі-өнегесі, ауызбірлігі, ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігі, кездескен қиындықтарды жеңе білуі, тұрмыстық салт. Бұларды ұрпақтан ұрпаққа беру, жалғастыру отбасының міндеті, оны нығайтудың шарты.
Сонымен, біз отбасының негізгі қызмет–міндеттерін қысқаша қарастырдық. Олардың іске асуы көптеген факторларға байланысты, атап айтқанда, қоғамның саяси-экономикалық, рухани жағдайларына, некеде тұрған азаматтардың білім дәрежесіне, мәдениетіне, өмір салтына, олардың құндылық жайлы түсініктеріне және т.б. байланысты.
Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.
Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің, болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере, шөберелерден тұрады.

Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады:


1) демократиялық;
2) традициялық немесе авторитарлық.
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады:
1) көп балалы(үш бала, одан көп);
2) орташа (екі балалы);
3) бір баласы бар; 4) баласыз отбасылар.
Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады: 1) дәстүрлі отбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формальды болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді; 2) ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады. Негізінен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады, мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке, киноға, спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипаттама болады; 3) жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді. Бағыты екі балалы болу. Шаруашылық- тұрмыстық қажеттіліктер тең іске асырылады.
Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар: ішкі және сыртқы себептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер жатса, ішкі себептерге-махаббат, эмоциялық-сезімдік, қамқорлық, ауызбірлік, т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін.
Ажырасудың негізгі себептері: 1/ жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі; 2/ арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан; 3/ үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы; 4/ жұбайлық опасыздық; 5/ балалы болғысы келмеушілік; 6/ жыныстық кемшілік.
Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдай, қыз бен жігіттің білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, күйеудің, қыздың ата-аналарының теріс әсерлері және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет