Елтай негізгі мектебі
не? қайда? қашан?
«ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»
рр
Орындаған: Картбаева Г.О.
2017 – 2018 оқу жыл
«ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»
Оқушылар және ұстаздар арысында интеллектуалды сайыс
«Не ? Қайда ? Қашан ?» интеллектуалдық сайыс жоспары.
Мақсаты: Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Безендірілуі: «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»
Ойын алаңы.
Қара жәшік.
Плакат, Диск-Большая игра Президента. ТВ
20 конверт ішінде сұрақтар
Жүргізуші:Қүрметті оқушылар және қонақтар! Барша Қазақ елі Президент күнін тойлайды.
1 желтоқсан-Қазақстанның жаңа шежіресінде тарихи күн.
1-желтоқсан 1991 жылы Қазақстанда алғашқы рет бүкілхалықтық сайлауы өткізіліп, Қазақстанның Президенті болып
Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Елбасымызға халықтың 98,78 % дауыс берді.1 – желтоқсан күні Қазақстан тарихының шежіресінде мәңгілікке қалған күн.
Бүгін сендер «Не ? Қайда ? Қашан ? » интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер, бұл сендердің президенттікке алғашқы қадамдарың. Сендер біздің елдің болашағысыңдар. Мемлекетіміздің президенті болмасаңдар да бір кәсіпорынның немесе үлкен компанияның прези денті болатындарына сенгіміз келеді.
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады
Орындалып арманы,
Халқымызда ажарлы.
Осының бәрі әрине,
Елбасының арқасы .
Бастауыш сынып оқушыларының Елбасына арнаған тақпақтарын ұсынамыз.
Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіз
Ойын шарттары:
1.Әр топта 8 қатысушы қатысады.
2.15 сұраққа жауап беру керек.
3.Ойлану уақыты 1 минут.
4.Жауап толық және нақты болуы керек.
Сұрақтар:
1.Бірінші Президенттің туған жылы.
2.Бірінші Президенттің туылған жері.
3.2010 жылы ОБСЕ де қай ел төраға болды.
4. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы енгізілді?
5. Ел басы қай спорт түрімен шұғылданғанды ұнатады.
6.Президенттік ант беруде қолын қайда қойды?
7. Әлемдік көлемде көрсетілген және өткізілген маңызды шараны ата
8.Алғашқы Президент өз мамандығына қай елде білім алды?
9. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің алғашқы астанасын атаңыз
10. Алматыдан қашан, қай қалаға министрліктер көшті?
11.Еліміздің болашағы қай құжатта жоспарланған?
12. Қазақстан халықтарының бірлігін сақтау үшін не құрылды?
13. Н. А. Назарбаевтың анасының аты жөні.
14. Елбасының әкесінің туған жылын атаңыз
15.Елбасының отбасы туралы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Бүгінгі мерекемізді көңілді өткізейік, алдарыңызда 8 сынып оқушыларының орындауында әсем ән.
ІІ тапсырма
Әр топ патриоттық әндерден үзінді орындайды
Елім менің
Кең далам
Жаса Қазақстан
Саржайлау
Мен қазақпын
Желсіз түнде жарық ай
Алматы
Астанам
Соңғы патриоттық әннен үзінді орындаған, тапсырманы дұрыс орындаған топ жоғары ұпай алады, құттықтаймын
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
9 сынып оқушысы Сагидуллин Рахат,Жахина Айсулу және Ғаббас Гүлнұр жүрек жарды тақпақтарын мәнерлеп оқиды
ІІІ тапсырма
«ҚАЗАҚСТАН» сөзінен қанша сөз құралады
Ең көп сөз құрған топ жоғары ұпай алады.
8 сынып оқушыларының орындауында қазақша би
Ал енді смарт тақтамызда топтардың жинаған ұпайларын назарыңызға ұсынамын,
және баршаңызды бүгінгі «Елі сүйген, елін сүйген ЕЛБАСЫ» атты мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы мерекелерде кездескенше...
Назарларыңызға рахмет,қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |