Кітап тарих шежіре Әдеби кеш Жүргізуші



Дата08.06.2018
өлшемі40,07 Kb.
#41704
Кітап - тарих шежіре

Әдеби кеш

Жүргізуші:

Ойшылдар мен білімпаздар мекені,

Бәріне аян кітапхана не екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын,

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

Құрметті әріптестер, ұстаздар, оқушылар, оқырмандар! Бұгінгі біздің «Кітап - тарих, шежіре» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіз.



Кіріспе: Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы, дүниенің айнасы, ғылым білімнің көзі, өнермен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап араб сөзі. Ол қазақша «жазу, жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап - ғажап дос» дееп бекер айтпаған. Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл ойының жемісі тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге - деп, Абай атамыз айтқандай «Білімнің қайнар бұлағы- кітап». Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Баланы жас кезінен кітапты сүюге және оны күтіп, ұқыпты ұстауға баулыған жөн.

Кітапхана - ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы» демеші, мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі өте көп. Білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындадып, олардың рухани дүниесін молайтып тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың алар орны орасан зор.

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интелегент бола бастадым деп санауына болады» - деген екен Мұхтар Әуезов. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, жақсысынан тағылым аламыз. Қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Кітап туралы данышпандар, ақын- жазушылар аз айтып, аз жазбаған. «Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақын досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің»,- деп орыс жазушысы Шолохов айтқандай, кітап сенің досың ғана емес, өмірлік серігің де бола алады. Кітап жан айнасы, оған қарап бойыңды, ойыңды түзейсің. Өмірде көп нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне қарап, ғасырлар бойы жасамақ, Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.



Екінші жүргізуші:

Кітап нәзік те, тұнық әлім! ( Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған), деп Стефан Малларме айтқандай, адам тарихының өзі кітап. Кітап- білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін рухани қазына. Қорын қалай қастерлейтіні мен өлшенетін тұста мұндай шараны өткізілуі ізгілікті де, игілікті қадам.



Бірінші жүргізушілер: Бүгінгі әдеби кешіміз көңілдеріңізді көріктендіріп, жүректеріңізге нұр құйсын!

Білесің бе кітап білім ұясын,

Оқып оны өмірге азық жиясың.

Оқып - біліп, зерттеп кіріп санаға,

Терең білім, ой маржанын құясың.

Екінші жүргізуші:

Алғашқы кітапты осыдан әлденеше мыңдаған жылдар бұрын Вавилондықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты. Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген содан соң отқа күйдірілген дәл күйген кірпіш сияқты. Сөйтіп кітапхана жасақталған. Ал Қытайда бамбуктен жұқа таяқшалар әзірленіп, содан соған жазулар жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе келе жазуға жібек маталарды пайдаланған. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, шығыс елдерінде Грекцияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған. Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс қолданыла бастады.Қамыста басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған.



Бірінші жүргізуші

Ақыл- көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді.

Екі топтың таныстыруы:

Слайд «Кітап –тарих, шежіре»

Екінші жүргізуші:

Балалар бұл жол басы даналыққа

Келіңдер, түсіп байқап, қаралықта

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра, қалалық па!

Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалықта.

«Мақал сөздің мәйегі» дегендей мақал- мәтел жарысы.

Бұл бөлімде әр топ мақалдың бірінші жартысын екінші топ мақалдың жалғасын табу керек.



  1. Туған жердей жер болмас............. (Туған елдей ел болмас)

  2. Ер қозғалса, жер көтермес ауыр бар..................(Жел қозғалса, қарлы боран дацылы бар)

  3. Иті семіз, малы арық – жер азғаны..................(Ынтымағы болмаса, ел азғаны)

  4. Шетте жүрсең тарығарсың.......................(Туған елді сағынарсың)

  5. Әркімнің өз жері.....................(Мысыр шаһары)

  6. Кісі елінде сұлтан болғанша.....................(Өз еліңде ұлтан бол)

  7. Ұланы бар елдің .....................(Ұраны бар)

  8. Болат қайнауда шынығады................(Батыр майданда шынығады)

  9. Дұшпан күліп кіріп...................(Күңірене шығады)

10)Елді сөкпе .....................(Ақты төкпе)

11) Туған жерге................(Туыңды тік)

12)Елде болса еріге тиер....................(Ауылда болса, ауызға тиер)

Бірінші жүргізуші

Кітап- әлем мөлдірлік тұнығындай,

Нәзіктік пен кітапта ұлы ұғым бар

Кітап - тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта ұрығы бар.

4.Сөзжұмбақ шешу: тапқыр болсаң тауып көр

Екінші жүргізуші:

Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,

Халайық, дәл кітапқа тең келетін.

Кітап сәуле, нұр берер шырағыңыз,

Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.
5.(Өлең- сөздің патшасы) мәнерлеп оқудан жарыс

1.Кітапсүйерлер тобы:

Кітап - менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «әліппе» алып бастаған.

Кітап оқып, жан дүнием байыды

Шабытты жыр тудыратын, жас қалам!

Кітап - менің асыл, жақұт сырласым

Бір өзіңе айтатұғын жыр басым

Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген екvінің болсын ой - өрісі

Сол кітап бек ақылшы күнге маған

2. Адамның досы кітап, өмір кілті

Тең келмес оған әсте жиған мүлкі

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы

Ақыл- ой қазынасы, өмір көркі

Тұрады басын құрап әріп неден

Басталар білім басы әліппеден

Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын, ашып терең

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып, қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой - өрісі

Сол кітап бек оқушы күнде маған.



3. Түлекті тәрбиелер кітап мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп

Молайтып ақылыңды сан еселеп

Береді білім нәрін кітап көптеп.

Кітап сенің құралың

Жағар білім шырағын

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым

Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін



4.Бабалардың рухыменен кеңескен,

Өзіңменен бекіп белім тең өскен

Егеменді елдігіне бүгінгі

Қол жеткізген Әруақ - ұран емес пе ең?

Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,

Еңсем биік көрінсе екен ертеңдеп

Көк байрақ ту желбірейді көгімде

Ел таңба елдігімді көркемдеп

Жүрегімнің отын үрлеп маздаған

Ән ұраным жыр боп ұйтқып, қоздаған

Егеменді елдің жайын бүгінгі

Ақын емес ой толғатып жазбаған

Алға ұмтылып өмір атты от дабыл

Толқып келіп жанарыма тоқта кіл

Егеменді елім, өзің ән жырым

Биіктерден асқақ тұрып соқ дабыл.



5.Кітап мөлдірлік бұлағында

Нәзіктікпен кітапта ұлы ұғым ба

Кітап - тарих, шежіре сан ғасырдан

Келер күннің кітапта дәні бар

О, кітап бас иемін мәртебеңе

Игілік , қазынасың бар адамға

Сен берер жақсылықтың есебі жоқ

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба

Кітап, сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сен оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзің досы.

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достар сырласады.

Кітаптар бейне жапырақ.

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жаттап ап,

Көтеріп күйін көңілдің.

Айдынды шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің,

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің!

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей әр бетке.

2.Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы,

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры

Басылған таңба болып өзіңе осы.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

3.Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адам.

Адамның досы-кітап, өмір кілті,

Тең емес соған жиған мүлкің.

Ақылшы жанға серік, жолбастаушы,

Ақыл ой қазынасы,өмір кілті.

4Кітапты оқымаған,сыйламаған,

Білімге жанын салып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап ақылшы дос күнде маған.

Кітап толы терең сыр парасатқа,

Қазынасы ол-адамзат ақылының.

Кітап сөзі жас ұрпақ болашаққа,

Жеткізеді дананың асыл үнін.

5.Аса мәнді мектепте өткен бір сағат

Зейін қойып сақтай білсем сен тағат

Білмегенді үйретеді саралап

Түседі асып бір кітаптан бір кітап

Ұққан сайын құпиясын әлемнің

Келеді өсіп ойымызда күн санат

Адамдыққа, адалдаққа баулиды

Қайырлы ісім, қамқорлығың бұл сауап

Бірінші жүргізуші

Керемет, кемеңгер жан ақылы асқан

Ең алғаш әріп жасап, кітап басқан

Емеспе, шын ғажайып осы кітап

Халыққа өнер- білім нұрын шашқан

«Кітапқұмарлар» тобы

1.Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын

Кітап көрсем жаңадан
Достарға толы маңайым,

Татулық тәтті бәрінен

Ерекше сені санаймын

Құшақтап жүрмін әлі мен.


Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы,

Ашқанда өткен күнмен беттеріңді

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.


Айдыны шалқар кейде бір

Кітапты тұңған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің!


Кітап- менің өмірлік асыл мұрам,

Жалқауларға қалай сені басындырам.

Беттеріңе үңіліп, қарап тұрсам,

Алтын қазына алғы сөз асылды ұғам.


­Қайран , далам,

Өзіңе қайран қалам!

Тау-тасыңды мен қанша сайрандағам.

Қалада өсіп , ал мынау дала жайлы,

Адамдар бар ешқашан ойланбаған.

Қасиетті!,

Киелі,

Қайран, далам!



Қайран, далам

Өзіңе қайран далам!

Төскейіңе тол ұлың жайрандаған.

Шыңғысхан мен Ескендір,Гитлердың,

Жара салып, қаншама ойрандаған?

Қайран, далам,

Соныңа қайран далам!

Қайран , далам,

Өзіңе қайран қалам,

Бота-тайлақ желпінім тайраңдаған.

Көкпар тартып,қыз қуып емін-еркін.

Төскейіңде ән-күймен сайран салам,

Құдыретті,

Киелі,


Қайран, далам!

Қайран, далам,

Өзіңе қайран қалам!

Диқаншының сескенген сайланбаған.

Жыр жолымда ұлың жүр, жаңа ғана,

Тұнығыңнан нәр алып, лайланбаған.

Қайран, далам,

Па, шіркін,

Қайран, далам!
2.Туған жер - алтын бесік,

Асыл анам , ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған

Мен дағы ұлың едің өзің тектес

Алысқа несібесі шашыраған

Жаралғалы жер ана ,зыр айналып ғаламды

Арқасына қондырып, аялаған адамды.

Адам- жердің етене сүйеніші, тынысы

Мәпелеген перзенті, былайымша дұрысы

Әсте ана баласын, жаман болсын дер ме екен

Сол секілдің адамды, аялайды жер мекен

Адамдар, жер сенің аяулы бесігің

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін

Оныменен кіндіктес жаныңда, қаныңда

Жер жаһанды аялап тұр алақаныңда

Жұлдыздар аспананнан құласа жамырап

Күнде ұлы с»улесін төгеді жадырап

Бар тірлік тұрады, бұл жерден жалын ап

Дүние жер қарашаңырақ.


3.Тілім менің – тірлігім, мол мұрамсың!

Ата рухын жаныма қондырасың

Өзіңменен таныдым тарихымды

Кемелденген өзіңмен толды жасым

Тілім менің – сарқылмас қазынамсың

Бір сенімен болмыстың назы басым

Кәне, тарих сөйледі өзің болып

Жыр ғұмыр болып бүгінде жазыласың

Ана тілі – туған тілім, бас тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым

Сен арқылы әлемге аян ісім бар

Сен өмірде таусылмайтын асылым

Ана тілде шырқалады әнімде

Ана тілсіз болмайды ешбір сәнімде

Ана тілсіз танып алмай елімді

Ана тілсіз жырламаймын жерімді.


4.Оу, ием, менің

Өзіңнен бұрын жаралған

Алдымен -менмін,

Сонан соң - сенсің жаралған.

Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,

Аяқ пен қолың –

Барлығы менен нәр алған.
Балғын шағында, өмірге жаңа аттанған,

Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам.

Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,

Кезің де болды, қайтейін, маған дақ салған.


Келеді сенің кей –кейде мені мұз еткің,

Бәріне көндім,

Қателігімді түзеттім.

Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа,

Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,

Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым,

Өткіздім сені қаншама қауіп - қатерден

Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!..


...Қақың жоқ сенің демалуға да, соқпауға

Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға

Қақым жоқ менің саған демалыс беруге,

Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!!!


5.Сені сүймес адам аз

Ақылды көп, надан аз

Ондайлардан түңілме

Сені сыйлар түбінде


Абай, Мұхтар қазағымның қаймағы

Әсем жырмен өрнектелген ойлары

Бес нәрседен қашық тәрбиелер

Жат қылықты жақтырмайды бойдағы


Кітапхана -кітаптардың ордасы

Біле білсең – нағыз саған жол басшы

Біздің ғасыр білімділер ғасыры

Деп айтқандай Нұрсұлтандай Елбасы


Кітап – сен адамзаттың жақын досы

Келмейді сені оқымай көңіл хошы

Ел мұңы, өмір сыры ақын жыры

Басылған таңба болып өзің де осы


Иә, білім анамыздай емізген

Білім терең мұхиттан да теңізден

Ал, білім кітап нағыз бұлағы

Қанып ішсең сусыныңды қандырған.


Екінші жүргізуші:
Өмір мәні өнерменен білімде

Айтайықшы кітабыңды жыр ете

Әрі ақылшың рухани қазынаң

Құнды байлық баға жетпес бұл өте



Жұмбақ шешу.

Тұрады ылғи сөреде, іші толы өнеге (кітап)

Арқама асынамын,мектепке асығамын.(портфель)

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен.(кітап)

Күнде бір бет жыртамын,

Жыл біткенше құртамын.(күнтізбе)

Бір нәрсе білмегенді білгізеді,

Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

Жанғанда әңгімесі сондай қызық,

Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.(кітап)

Ұзын-ұзын, ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен?

Түбі терең қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп бұл судың,

Қанып ішкен бар ма екен?(оқу)

Көн әңгімем, өлеңім

Күнде ақыл беремін

Жақсы көрсе м ені кім

Мен оны жақсы көремін (кітап)

Болса да көкте мекені

Кездеспейді екеуі (ай мен күн)

Күннен көзін алмайды

Мойны бірақ талмайды (күнбағыс)

Бір құтыда екі түрлі су жатады

Қайнатсаң мұз болып қатады (жұмыртқа)

Бірінші жүргізуші

Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ оған

Қызыға кеп оқимын

Кітап -көрсем жаңадан

Кітап- маған ұнады

Кітап білім бұлағы – дей келе «Кітап» сөзіне (Тосыннан тапсырма, тосылған тапқырма) оқырмандармен «Ой жұмбақ» ойынын ұйымдастырамыз

Екінші жүргізуші:

Айдыны шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің

Екі топ басшыларымен сұрақ- жауап жарысы:

«Кітапқұмарлар» тобының басшысын шақырамыз Бірінші жүргізуші

1.«Менің атым қожа» кітабының авторы кім (Б.Соқпақбаев)

2.Баспалардың авторын ата? (атамұра, мектеп, бөбек, алматыкітап, жалын, қайнар)

3.Қазақтың үш биін ата (Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би)

4.Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім? (.Момышұлы)

5.«Ұлпан» кітабының авторы кім? (Ғ.Мүсірепов)

6.Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

7.«Ақбілек» кітабының авторы кім? (Ж.Аймауытов)

8.Абайдың қандай өлеңдерін білесің? (Қыс, Жаз, Күз, Жазғытұрым, т.б.)

9.Жыл атауынан құр қалған жануар (Түйе)

10.«Жау тылында» кітабының авторы кім? (Қ.Қайсенов)

11.Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің? (тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, қыз қуу, көкпар, теңге алу)

12.Ұлы отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата (Әлия, М»ншүк)

13.«Кербұғы» кітабының авторы (О.Бөкей)

14Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған балуан кім? (Қ.Мұңайтпасов)

15.Қазақтың атақты суретшісі кәм? (Ә.Касттев)

16.Көшпенділер» романының авторы кім? (І.Есенберлин)

17.Кітап кім үшін жазылады? (оқырман үшін)

18.Кітаптың суреттері қалақ аталады? (иллюстрация)

19 Қазақтың бес арысын ата? (Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов; А.Байтұрсынов, М.Дулатов)

20.Биыл қанадай жыл (жылқы)

«Кітапсүйерлер» тобының басшысын шақырамыз: Екінші жүргізуші:

1.Қазақ елінің ғұлама авторы кім? (Абай)

2.Қазақ ғарышкерлерін ата? (Т.Әубәкіров, Т. Мұсабаев)

3.«Дауа» кітабының авторы кім? (Ф.Оңғарсынова)

4.Кітаптың алғы сөзі арқылы нені білуге болады? (мазмұнын)

5.Балаларға арналған журналдарды ата? (Балдырған, Айгөлек, Балбұлақ, Балаби, Мөлдір бұлақ)

6.«Құлагер» кітабының авторы кім? (І.Жансүгіров)

7.«Көксерек» кітабының авторы кім? М.Әуезов

8.«АЗиЯ» кітабының авторы кім? (О.Сүлейменов)

9.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан қазақтың ұлы ағартушысы кім? (Ы.Алтынсарин)

10.Киіз үйждің жоғарға бөлігін ата (шаңырақ)

11.Қазақ халқының екі шекті аспабын ата (домбыра)

12.«Кел балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

13.«Қорғансыздың күні» кітабының авторы кім? (М.Әуезов)

14.Екі мәрте кеңес одағының батыры Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысында кім болып шайқасты? (Ұшқыш)

15.Астана қаласы қай өзеннің бойында жатыр? (Есіл)

16.Оқушының алғашқы кітабі (әліппе)

17.Еліміздің ең биік тау шыңын ата (Хантәңірі)

18.Бірінші қыркүйек қандай күн (білім күні)

19Абай атамыздың әжесінің аты кім? (Зере)

20.»Еңлік-Кебек»ке арналған ескерткіш қайда жерде орналасқан (Семей жеріндегі Ералы өзенінде орналасқан)

Бірінші жүргізуші

Кітап – ақылдың құйылған көлі. Ол көппе таралғанда ғана оқырман бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді. Кітапхана сарқылмас, білім бұлағы, халық қазынасы. Адам баласы бар байлықтың көзін «Кітап деген құдіреттен тапты». Ғылым мен техника, технология дамыған XXI-ғасырда бәрінің бастау алар қайнар көзі кітап –деп ендеше оқырмандар кітап әлеміне саяхат жасап, кітап көп оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін:

Білгенге білім байлық, бағасы артық

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай

Үйренсең өнер -білім өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің ордасындай- дей келе кешімізді аяқтаймыз.



Марапаттау

Қорытынды сөз.
Каталог: uploads -> doc -> 02b8
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02b8 -> Сабақтың тақырыбы. Практикум. 25, 26. Мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттар құру
02b8 -> Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі Сабақтың мақсаты
02b8 -> «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартовна
02b8 -> Сабақ түрі: театрландырылған сабақ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасу. Мұғалімнің кіріспе сөзі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет