(1897-1961) М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған. 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды. 1917 жылы «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылып, «Алаш», «Сарыарқа» газеттеріңде, 1918 жылы «Абай» журналында жиырмаға тарта еңбектері басылды.
Достарыңызбен бөлісу: |