БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ (1924 – 1992) Өмірде адам басында болатын жайттарды, қиын-қыстау оқиғаларды тағдыр қабырғасы катпаған қаршадай кезімнен аямай-ақ үстіме үйіп-төкті. Сегіз жасымда, бірінші сыныпта оқып жүргенде, шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы қиын жылдары болатын. Содан Соң басымнан кешкендерді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды, Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге калай жеттім?! «Өзім тура-лы повесть» осы толғаныстан туған дүние. Кейін оның аты «Менің атым Қожа» болып өзгертілді.
Достарыңызбен бөлісу: |