Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады
Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады.
1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады.
Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1958 жылы 11 шілдеде Семей уездінің Шыңғыс волостындағы Кең-бұлақта Құнанбай басқарған Тобықты руында дүниеге келген. Әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы. Шәкәрімнің анасы – Төлебике Қаракесек руынан Алдабергеннің қызы. Шәкәрімнің шығармалары оның өмір жолы және творчестволық қызметі туралы мәліметтер мен нақтыларды сақтайды.