Кіріспе
3 мин
3 мин
3 мин
3 мин
4мин
3мин
3мин
|
Психологиялық ахуал.
Мен сабақты қалай бастаймын?
Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, өзін-өзі реттеуі (әлеуметтік)
Оқушыларды үш топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру.
Дарынды баламен жұмыс
«Ой қозғау»
Диалог негізінде білім беру
Еркін жазу
Мәтінмен жұмыс
Өлеңді сатылай кешенді талдау
|
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек айтқызу арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын. Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеремін.
Түрлі-түсті қағаз арқылы топқа бөлемін.
Топ басшысын оқушылармен ақылдаса отырып сайлаймын.
Үйге Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығына таныстырылым жасау берілген.
Сабақтың эпиграфы: «Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым.Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
.....Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»
/Ш.Құдайбердіұлы
-Балалар, Ш. Құдайбердіұлының мына сөздерінің бүгінгі сабаққа байланысы бар ма екен?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
-Бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қоясыңдар?
-Бүгін Ш. Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңімен танысамыз.
Ендеше «Борыш» деген сөздің өзін қалай ұғамыз.
«Адамдық борышың» өлеңін оқып шығады.
-«Адамдық борышың» өлеңі сендердің түсініктеріңдегі адамдық борышпен сәйкес келе ме?
СКТ
Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,Абайдың немере інісі, орыс ойшылы Толстойды ұстаз тұтқан.
Тақырыбы: «Адамдық борышың»
Идеясы: «Өміріңді сарп қыл өлгеніңше, Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін»
Шумақ саны: 1
Тармақ саны: 25
Буын саны: 11
Ұйқас түрі: қара өлең
Өлеңнің түйіні: «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт- осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!»
|
Оқушылар мұғаліммен көңіл-күйлерімен бөліседі.. Сыныптастарына тілек айту арқылы көңіл-күйлері көтеріледі.
Өз ұсыныстарын білдіреді. Бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды.
Топтық ережеге сүйенеді.
Дарынды оқушы өзінің дайындап келген таныстырылымын қорғайды.
Оқушылар білімдерін көрсетеді. Бірін-бірі тыңдайды.
Оқушылар оқиды.
Оқушылар сөздерді оқи отыра, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
Оқушылар сабақтың тақырыбын ашып, сабақтың мақсатын анықтайды.
Оқушылар ойлана отырып, алғашқы білімдерін жинақтап жазады.
Оқушылар өлеңді жарты дауыспен оқып шығады.
Оқушылар өз білімдерін ортаға салады.
Әрбір топ бірлесіп орындайды
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы қарым-қатынастары жақсарады.
Оқушылар бірін-бірі қолдайды.
«Дұрыс, өте жақсы»деген қолпаштау сөздер арқылы белсенділігін арттыру
«Дұрыс, өте жақсы»деген қолпаштау сөздер арқылы белсенділігін арттыру
«Дұрыс, өте жақсы»деген қолпаштау сөздер арқылы белсенділігін арттыру
Оқушылар бірін-бірі толықтырады.
Топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалап отырады
|
Теректің суреті арқылы көңіл-күй, мақсаттарын жазады.
Түрлі-түсті қағаздар
PowerPoint бағдарламасында жасалған таныстыры-
лым, белсенді тақта
Белсенді тақта
Оқулық
|
12 мин
|
Мағынаны ашу
Топпен жұмыс
|
І топ.
Білу, түсіну. Өмірмен байланыстырып, осы өлеңнің негізгі идеясын түсіндіреді және мақал-мәтел, нақыл сөздер жинақтайды.
ІІ топ. Қолдану, талдау. Өлеңді талдап, сахналық көрініс көрсетеді.
ІІІ топ. Жинақтау, бағалау. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді. Адамның «Адамдық борыштарын» топтастырады.
|
І топ. Оқушылар өлеңнің негізгі ойын түсіне отырып, өмірмен байланыстырады.
ІІ топ Өлеңді оқып, өздерінің қабілеттері арқылы көрініс көрсетеді.
ІІІ топ. Өлеңді мәнерлеп оқиды, адамдық борыштарды топтастырады.
|
Оқушылар бірін-бірі толықтырады.
Топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалап отырады.
|
Түрлі –түсті бояу, А3 қағазы.
|