Орындаған: Кәрімова Н. Т топ: кя-703 Тексерген



Дата16.02.2020
өлшемі123,26 Kb.
#58166
Байланысты:
Синтаксис сөж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Тақырыбы: «Сөз тіркесі синтаксис туралы жалпы ұғым», «Сөз тіркесінің құрылымы мен құрылысы», «Синтаксистік қатынастар түрі»

Орындаған:Кәрімова Н.Т

Топ: КЯ-703

Тексерген: Абикенов М.Т

Семей 2019 жыл.
Жоспар: «Сөз тіркесі синтаксисі туралы жалпы ұғым» «Сөз тіркесінің құрылымы мен құрылысы» «Синтаксистік қатынастар және оның басты белгілері» Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.

         И.П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен» - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; үшінші жыл – третий год» дегенде сөздердің қатар келіп, орналасатынын сөз етеді. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады.

Сонымен қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерге сөз тіркесі, оның байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді.

         «Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады» деп тұжырымдайды Сайрамбаев Т.   Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ.Басымовтың «Сөйлем мүшелері туралы»,«Пысықтауыш» т.б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы тоқталмаған.

         Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т.б. еңбектерін атауға болады. Әрине онда дәл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен, әркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы деп көп уақытқа дейін әртүрлі айтып келгені белгілі.

         Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор «Сөйлем мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары» деп оларды беске бөліп қарастырады: қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу және бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түрін қостағанмен бесіншіні, яғни «сөйлем мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды.  Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т. Сауранбаев, С. Аманжолов бірігіп жазған «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде біраз тоқталған. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін «синтаксистік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық, объектілік атрибуттық және сипаттауыштық қатынас деп бірнеше түрге бөледі.

         Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъекті предикаттық деп атаса, ал пысықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүшелерінің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі шыққан «Қазақ тілі» еңбегінде сөз тіркестерін қиыса меңгеріле, қабыса және жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен өздерінің орын тәртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.

         С. Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор «жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі» - деп сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарастырмайды. Алайда ол еңбектің «синтаксистік кейбір мәселелері туралы» деген бөлімінде «Қиысу туралы» арнайы тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі авторлардың бұл мәселеге аз да болса көңіл аударғандығын аңғартады. Ал «сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы» деген бөлімінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді.

         Бұл еңбектерде сөз тіркесі айтылғанымен олардың толып жатқан заңдылықтары, атап айтқанда байланысу формалары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып және одан әрі зерттеліп жатқаны да белгілі.



         Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі уақытта ғана бір жүйеге келе бастады.

2.СӨЗпТІРКЕСІНІҢлҚҰРЫЛЫМЫлМЕНлҚҰРЫЛЫСЫ Синтаксистің негізгі зерттеу нысандары- сөз тіркесі мен сөйлем. Сөз тіркесі-сөйлем құраудың материалды негізі де, ал сөйлем - кісінің ойын айтудың, жарыққа шығарудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін,сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Демек, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ғылымды синтаксис дейді.Сөз(соның ішінде күрдслі сөз)—зат пен кұбылыс-тың, не сапа мен белгіпің, пс іс-әрекеттің және т.- б. тұ-ракты атауы. Сөздер затты, кұбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрекетті атағанда, оларды бір-біріне байланы-сынсыз, қарым-қатынасынсыз, жеке-дара күйінде атай-ды. Мысалыат, ағаш, жапырақ дсген сөздер заттардың жеке-дара атаулары болсабиік, жасыл дегсн сөздер са-па мен түстің жеке дара атауларыКесу, ору, жинау дс-ген сөздер іс-әрексттің аттары. Бұл сөздер бір-біріне байлаиыссыз, жеке-дара атаулар ретінде ұғынылады, поминативті кызмет аткарады. Сөз тіркесі де ие затты, не іс-әрекетті атап, номипативті қызмст аткара алады. Бірақ сөз тіркесі затты нсмесе іс-әрскетті атағанда, оларды жеке-дара күйіиде емес, өзара байланысында, карым-катынасында атайды. Екінші сөзбеп айтканда, сөз тіркесінде зат, сапа-белгі, іс-әрекет аталғанда, бір-бірімен байланысында, ©зара карым-қатынасында ата-лады. Мысалы, жүйрік ат, жасыл. жапырақ дегсн сәз тіркестерінде заттар әздерініц сапа-белгілерімен тығыз қарым-қатынасында, байланысында аталсақар тоқта-ту, хат жазу деген сөз тіркестерінде заттар іс-әрекетпен карым-қатысыпда, байланысында аталған. Сөз тіркесі-нің сыңарларының бірі сапа-белгіні немесе іс-әрекетті білдіру касиетінен.айрылса, ондай тіркес сөз тіркесі бо-лудан қалып, күрделі сөзге айналады. Мысалы, кәрі жілік, көр тышқан тәрізді күрделі сөздердің алдынгы сыңарлары (кәрі, көрсоңғы сыңарларынын (жілік, тышқансапасын да, касиетіи де білдірмейді, мағына-лық дербестіктен айрылады. Күрделі сөздер сөздердің тіркесіпен жасалғапда, сыңарлардың арасындағы аныктауыш -Нанықталғыш, толықтауыш + толыкталғыш, пы-сықтауыш + пысықталғыш қатынастар жойылып, курдс-лі сөз бір бутін сөз ретінде ұғынылса, сөз тіркестеріпіц сыцарларының арасында жоғарыда аталған синтаксис-тік қатынастар сақталып, ол сыңарлар (сөздер) бірін-бірі анықтайтын, толықтайтын немесе пысықтайтын сы-ңарлар ретінде қызмст атқарады. Демек, сез тіркесінін әрбір сыңары мағыналық дсрбестігін де, синтаксистік дербестігін де сақтайды. Күрделі сөздің әрбір сыңары сөйләмнің өз алдына дербес мүшелері смес, тұтасқан күйінде бір ғана мүше ретінде қызмет атқарса, еркін сөз тіркесінің орбір сыңары синтаксистік дербестігін сақ-тап, сөйлемде ор басқа мүшелер ретінде қызмет атқара алады. Сөз тіркесі — мағыналык жақтан да, грамма-тикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте бола-тын, толық магыналы кемінде скі сөздің тіркесі. Сөз тір-кесінің сыңарларының арасыпдағы байланыс сөздің бөлшектеріпің арасындағы байланыстан анагұрлым ер-кінірек болады. Алайда, бұл еркіндік сөз тіркесінің ма-ғыналык және синтаксистік бүтіндігіп бұзатындай дәре-жеде болмауға тиіс. Мысалы, сөз тіркесінің сыңарлары-ның арасыпда үзақ кідіріс (пауза) жасалса немссе ол сыңарлардың арасына бірнеше сөздер енсе, сез тіркесінің бірлігі, түтастығы бұзылуы мүмкін. Сөз тіркесінің сыңарларының арасында да, сөздің (мейлі жалан сөз болсын, мейлі күрделі сөз болсын) болшектерінің ара-сында да байланыс-бар, бірақ сәздін (соның ішінде күр-делі сөздіц де) белшектерінің арасындағы байланыс сез тіркесінің сыңарларыиың арасындағы байланыстан ба-сым да, бекем де болады. Осыган орай, жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесініц немссе сөйлемнің құра-мына емін-еркін енсе, сиптаксистік сез тіркесі бслгілі бір үлгілср (модельдер), формулалар бойынша сөйлеу ксзінде жасалады. Осылай болғандықтап, оның құра-мындағы сыңарлар ыңғайыпа қарай баска бір сынар-лармен ауыстырьіла алады. Сөз тіркесі сөйлем құрамында қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті кьізмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем құ-рамында оның кұрылымдық элемепттері ретінде зертте-леді. Екінші жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, «күрделі атаулардың әр басқа түрлеріПретіндеОде»ЛзертеугеПболады. Синтаксистік сөз тіркесі — сөздердін емін-ер-кін тіркеуінен жасалатын тіркестер, яғнп еркін сөз тіркестері. Еркін сөз тіркестері құрылымы жағынан фра-зеологнялық сдиницалармен ұқсас келеді. Еркін сөз тір-ксстері фразсологиялық единицалардыц көптсген түрле-рінін жасалуына негіз болады. Екінші сөзбен айтқанда, фразеологиялық единицалардың ішінде еркін сөз тіркссініц құрылымы, үлгісі бойынша жасалғандары ұшыраса береді. Мұны мына мысалдарды салыстырудан қөруге болады: шалқасынан жатушалқасынан түсу; таудан биік — сүттен ақ, судан таза; есік пен терезенің арасында — қас пен көздің арасында, қол жуып — қол қусырып және т. б. Бұлардыц алдынғылары — еркін сөз тіркестері де, соңғылары — еркін сөз тіркестерініц құ-рылымдық үлгілері бойынша жасалған фразсологиялық едипнцалар. Еркін сөз тіркесіажыратылатын, мүшелене-тін тіркес бола отырып, мағыналык және қүрылымдық бүтіндігін сақтайды. Мазмұн тұтастығы мен семантика-лық тиянақтылық сөз тіркесіне тән қасиет болып сана-лады. Сөз тіркесінің осы қасиеті оны сөйлемдегі сөздср-дің басқаша тіркестерінеи, мысалы, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тізбегінен ажыратады. Мысалы, көлге дейін..., тауға қарай... тәрізді толық мағыналы сөз бен көмекші сөздердің тіркесіиіц мағыиалық жақтан аяқталмағандығы, тиянақты емес екендігі, баска бір сыңардың (сөздің) жетпей тұргандығы ацғарылады. Бұл тіркестер дербес мағыналы басқа бір сыңармен, мы-салы, бару, жүру тәрізді етістіктермен толыктырылса,. семантикалык тиянақтылығы бар сөз тіркестері (көлге дейін бару; тауға қарай жүру) жасалады.Сөз тіркесінің кұрамында толық мағыналы кемінде екі сездің тіркесуі сез тіркесінің семантикалык тиянак-тылығына негіз болып, оның мағыналық және кұрылым-дық қаңқасын кұрайды . Тіл-тілде толық мағыналы сөздердің тізбегі-нен тұратын, осыған орай, сөз тіркестерімен сырттай ұксас келетін тізбектер бар. Бұлардың катарына казақ тіліндегі әке мен бала, салмақты да сабырлы, неміс ті-ліндегі Уаіег, МиИег ипсі Кіпсіег тәрізді тіркестер жа-тады. Бұл торізді тіркестер тіл білімінде сөздердің са-лалас қатарлары (сочинительные ряды слов) деп аталып жүр .

3.СИНТАКСИСТІК ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАСТЫ БЕЛГІЛЕРІ
Қай тілдің болмасын грамматикалық жүйесінде синтаксистік қатынастар айрықша орын алады. Өйткені сөйлемдердің құрылысы, жеке сөйлемдердің өзара байланысы синтаксистік қатынастардың заңдылықтарына негізделеді. Синтаксистік қатынас – синтаксистік ілім. Тілдегі әр алуан сөйлемдердің типтерінің түрлері де осы синтаксистік қатынаспен тығыз байланысып жатады. Бұл заңдылықтар синтаксистік құрылыстың табиғатына әсер етеді.

Синтаксистік қатынастың заңдылықтары әсіресе сөйлем мүшелері, жеке сөйлем типтерінде айқын көрініс алады. Синтаксистің зерттейтін нысаны және сөздердің тіркесі, сөйлем құрылысы, сөйлемдердегі өзаралық байланысы болса, мұның барлығы синтаксистік қатынас қағидаларын басшылыққа алады. Синтаксистік қатынас – сөйлем құраудың басты тәсілі, өйткені тұлғалық, мағыналық жақтарынан өз үйлесімін таппаған жеке сөздер өз алдына сөйлем құра алмайды. Жеке сөздер сөйлем құрау үшін ең алдымен өзара синтаксистік қатынасқа енеді. Осы кезеңде барып коммуникативтік қызметтегі сөйлем пайда болады.

Синтаксистік қатынастар белгілі ғалым Н.Сауранбаевтың еңбегінде жан-жақты қарастырылады. Ғалымның аталмыш мәселеге қатысты «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар» атты еңбегі бар. Сол сияқты ғалымның «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» еңбегінде де аталмыш тақырып кең ауқымда қарастырылады. Сол сияқты С. Аманжолов, М.Балақаев өздерінің еңбектерінде бұл мәселе турасында тілге тиек етіп, зерттеулерін алға тартады. Х. М. Есеновтің «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар» еңбегі аталмыш тақырыпты кең ауқымда қарастырған зерттеу.

Синтаксистік қатынастың көрінісі ең алдымен жеке сөздердің тіркесінен байқалады. Синтаксистік қатынастың басталар жері сөз тіркесінен көрінеді. Бұл ұғымның қарамағына жеке сөздердің өзара байланысы, сөйлемдегі сөздердің аралық қатынасы, жеке сөйлемдердің үйлесе айтылуы тәріздес күрделі мәселелер кіріп жатады. Бұларға лайықты заңдылықтарды айқындау синтаксистік қатынастың ара жігін терең тану болып саналады.



Б. Шалабай «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынас» атты мақаласында осы мәселені жан-жақты ашып береді. «Синтаксистік қатынас категориясын зерттеудің құндылығы сонда, бұл арқылы біздің синтаксистің көптеген мәселелеріне ең алғашқы көзқарасымыз өзгеріп, көптеген ұғым-түсініктеріміз кеңейіп, оларға жаңаша тұрғыдан қарайтын болмыз»- дейді. Сөйтіп оның мағыналық және құрылымдық белгілерін нақты фактілермен дәйектеп, жан-жақты талдай отырып көрсетіп береді. Осы еңбегінде: «Синтаксистік қатынас деп, бірнеше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі ойды білдіретін сөйлемнен ірі синтаксистік бірлікті айтамыз»-деп анықтамасын береді.

Синтаксистік қатынастар синтаксистің де, стилистиканың да, әдебиеттанудың да нысаны бола алады, себебі күрделі синтаксистік тұтастықтарда сөйлемнен тыс жердегі байланыстардың сыры ашылады. Көркем шығарма құрылымында күрделі синтаксистік қатынастар орын алады.



Синтаксистік қатынас дегеніміз – сөздер байланысының негізінде өрбіген жеке сөйлем құрылысындағы ұйымдастырушы тілдік амал-тәсілдер. Синтаксистік қатынастың сипаты сөйлем құрылысымен тығыз байланыста болады. Сөйлемдердің құрылыстары күрделі болған сайын, синтаксистік қатынастар да күрделене түседі. Бір сөйлемнің ішінде сөздердің өзара байланысы бірнешеу де бола береді. Сол байланыстар өзара синтаксистік қатынасқа түседі. Мысалы, «біз бардық» десек, предикаттық мағына бар, ал «біз жұмысқа бардық» десек, бұл сөйлемде пысықтауыштық та қатынас бар. Бұдан шығатын түйін, синтаксистік қатынастың қамтитын ұғымдары кең.

Сабақтастық қатынас. Сөздердің өзара сабақтасу арқылы байланысы бағыныңқылық ыңғайда болады. Ал бағыныңқылық ыңғай дегеніміз қатар тұрған екі сөздің бірі басыңқы, бірі бағыныңқы негізде жұмсалады. «Көшеге шықтық» дегенде, «шықтық» сөзі басыңқылық ыңғайда жұмсалып тұр да, «көшеге» сөзі бағыныңқылық ыңғайда жұмсалған. Сөйлемнің баяндауышы «шықтық» сөзіне бағына айтылу үшін, мекендік ұғымдағы «көше» сөзі өзіне барыс септік жалғауын жалғаған. Демек, сөздердің өзара байланысы осылайша бағындыру және бағыну ыңғайында жүріп жатады. Мұның өзі сабақтаса байланысудың табиғатынан шығады. Сөздердің осылайша байланысы тілімізде синтаксистік қатынастың алуан түрін жасауға негіз болады. Ондай синтаксистік қатынастардың бастылары төмендегідей болып келеді.

Предикаттық қатынас. Тіл білімінде ең қажетті де күрделі мәселелердің қатарынан саналады. Өйткені тіл білімінде көптеген мәселелердің түйіні осы предикаттық құбылыспен тығыз байланысты келеді. Айта кететін бір жайт – предикаттық қатынас жайында әлі де болса әр жақты пікір орын алуда. Негізінен предикаттық қатынас сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың өзаралық қатынасы. Предикат деген сөздің өзі баяндауыштық ұғым берсе, айтылған жайдың дұрыстығы нақтылана түседі. Сөйлемдердің бастауыш пен баяндауыш сөздерінің негізінде құрылуы – жалпы тіл біліміне ортақ заңдылық. Яғни сөйлем құрылысында предикаттық қатынастың алатын орнын одан сайын маңызды ете түседі.



Айқындауыштық қатынас. Белгілі бір сөйлем ішінде синтаксистік бір шоғырлы топ құрылысы жағынан сөйлемнің құрылымын жасап тұрғандай болады. Айқындауыштық қатынас құрылысында жұмсалған сөйлемдер әсіресе күрделенген сөйлемдердің табиғатына тән болып келеді. Күрделенген сөйлем өз құрылысына қарай негізгі түп бөлшек пен айқындауыштық бөліктен тұрады. Осы айқындауыштық бөлік сөйлемнің ішінде қолданылу ыңғайына қарау негізгі бөліктің мән-жайын түсіндіру бағытында жұмсалады. Сөйлемнің ішіндегі осындай өзаралық қатынас айқындауыштық сипат негізінен шығып жатады. Айқындауыштық қатынаста жұмсалған сөйлемдердің құрылысы мен грамматикалық табиғаты бірқатар заңдылықтарға сүйенеді. Сөйлемдегі ой тізбегі бастауыш пен баяндауыштың негізінен өрбитін болса, бұл бас мүшелердің мазмұнын толықтырып, айқындайтын басқа да мүшелер болады. Ондай мүшелер тілімізде тұрлаусыз мүшелер деп аталып кеткенмен, сөйлем мазмұнын толықтырып айқындауда олар өзіндік қызмет атқарады. Сөйлем мазмұнын толықтырып айқындау – тұрлаусыз мүшелердің бастауыш пен баяндауыш сөздерінің айналасына топтасуы негізінде жүзеге асады. Бұл ретте айқындаушы сөздер бастауыш пен баяндауыштардың алдын ала жұмсалып, олардың мазмұн көрінісін әр түрлі жақтан саралай толықтырып тұрады. Мысалы: Азаматтары әкеліп тастаған жапырақ-жапырақ ақша жұмсалар жерін таппай, әр үйдің сандығыңда үйіліп жатты (О. Бөкей). Міне, бұл сөйлемнің құрылысынан байқалғандай, осындағы өзара мағыналық тығыз байланыстағы сөздер бастауыш пен баяндауыштардың төңірегіне шоғырлана тізбектелген. Осы сөйлемнің түп қазығы – Ақшаның қажетсіз болып қалуы. Сөйлемнің толық қалпы ондағы басты мүшелердің сыр-сипатын ашу үшін құрылған. Сипаттағыш мәндегі сөздер бір бүтін синтаксистік кешен ретінде не болмаса жеке сөздер тіркесі ретінде беріледі. Осындай құрылыстағы айқындауыштық мәнді сөздерді өздері айқындайтын бас мүшелерден бөліп алсақ, олардың өзі де ішінара синтаксистік бөлшектергі ажыратылатын болады. Айқындауыштық мәнді деп отырған сөздер – тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді әр қырынан анықтайтын сөздер. Анықтаудың бұл түрі сөйлемнің мазмұнын толықтыру не болмаса қимыл-әрекеттің қалайша орындалудағы әр түрлі амалдық жағдайын білдіру ыңғайында келеді. Сонымен, айқындауыштық қатынастағы сөздер грамматикалық табиғаты мен байланысу ыңғайына қарай басты мүшелерге бағына жұмсалады.

Синтаксистік қатынастар – негізгі бір ойдың төңірегіне топтасып, тұлғалық және құрылымдық жағынан бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмсалатын дербес сөйлемдердің жиынтығы. Синтаксистік қатынас – жай және құрмалас сөйлемдерден құралады, оның құрамына кіретін сөйлемдер өздерінің дербестігін сақтайды. Белгілері мынадай: 1. Бірнеше дербес сөйлемнен құралады. Олар жай сөйлемдер де, құрмалас сөйлемдер де немесе аралас шумақ болуы да мүмкін. 2. Құрамындағы сөйлемдер белгілі бір ойдың төңірегіне топтасып, семантикалық бірлігін сақтайды. 3. Негізгі ұйтқы болып тұрған ой синтаксистік қатынастың бастапқы компоненттерінде айтылады да, кейінгі компоненттерде дамытылып, сараланып отырады. 4. Синтаксистік қатынастар құрылымы, тұлғасы жағынан да бірыңғай бірлікте болып келеді. Ол – компоненттердің бәріне ортақ сөз я сөз тіркесінің болуы, бір сөздің я сөз тіркесінің әр компонентте қайталап отыруы сияқты жайттардан көрінеді .

Қазақ тіліндегі синтаксистік қатынас мәселесі — қазақ тілі білімінде әбден көңіл қоя зерттеуді керек ететін мәселе. Өзара қарым-қатынас жасау процесінде белгілі бір мазмұн, ой, идея, пікір жеке сөйлеммен беріліп қоймай, көптеген сөйлем топтары арқылы беріледі. Ол сөйлемдер бір-бірімен байланыссыз, қалай болса солай, ретсіз емес, мағыналық жағынан тығыз жымдасып, белгілі бір сүбелі ойлар төңірегінде топтасып тұрады. Әрбір жеке сөйлем оқшауланып қалмай, осындай күрделі бірліктердің біріне қатысты болып келеді.

Объектілік қатынас. Сөйлемдегі синтаксистік қатынастардың бір басты түрі – ол объектілік қатынас. Өйткені сөйлемдегі қимыл иесінің іс-әрекеті әр уақытта да белгілі бір объектімен байланысты болады. Осыған орай да баяндауышты сөздер объект мәніндегі сөздерді меңгеріп тұрады. «Дәрігерге көріндім» тәріздес сөйлемдерде қимыл иесінің іс-әрекеті белгілі бір объектімен байланысты болып келеді, осыдан барып жеке сөздер арасында объектілік те қатынас туындап жатады. Мұндай объектілік қатынастағы сөздер жай сөйлем құрамынан да, құрмалас сөйлем құрамынан да көптеп орын ала береді.

Адвербиалдық қатынас – пысықтауыштық ыңғайдағы қатынас. Мұның өзі пысықтауыш мәніндегі сөздер мен баяндауыш қызметіндегі сөздердің аралығында болады. Бүгін бардым немесе баратын жеріме уақытында бара алмадым десек те, сөйлемдердің аралығында пысықтауыштық қатынастың барлығы аңғарылып тұр. Адвербиалдық қатынас жай сөйлемдер аралығында болумен қатар, күрделенген сөйлемдердің де құрамынан орын алады. Мұндайда ол көбінесе сөйлемнің басынан орын алады да, хабарланған негізгі оқиғаның амалдық қасиетін білдіреді. Адвербиалдық қатынастағы сөйлемдердің үлкен бір тобы негізгі ойдың амалын білдіріп жұмсалады. Күрделенген сөйлемдегі адвербиалдық қатынас оралымды констукцияларға тән болып келеді, сондықтан да қатынастың осы түрі амалдық мәнде ғана емес, басқа да мәндік түрде көрініс алады. Адвербиалдық қатынастың амалдық мәні түрлі тәсілдермен жасалады[6]. Бұл ретте көсемшелі сөздің қызметі басым түседі. Көсемшенің –п жұрнағы арқылы туындап, негізгі сөйлемдегі ой желісінің амалдық сипатын айқындап тұрады. Мысалы: Абай бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді (М.Ә). Осыдан екі-үш-ақ жыл бұрын Омар байдың маңыраған жылқысы үйездеп, желісі тартылып жатқан дала төсі мүлдем өзгерген: ілгері-кейін жосыған жолаушылар мен жұмысшылар, ұзын-ұзын рельс, жарамсыз шпал, тас, топырақтың үйінділері мен қазылған үңгірлер. Дүниені өзгертудің осыншалық оңай екенін білмей келген қыр қазақтары көндім-көндіммен бастарын шайқап, таң-тамаша қалумен жүр (О.Б). Қырдағы ұяларынан сусындап, салқындап қайтуға көлге саяхат шеккен үйректің ұшқан дыбысы естіледі де, алыстаған сайын әлсіреп, ол да жоғалып кетеді (Х.Е). Сондай-ақ, амалдық мәнді білдіруде көсемшенің басқа да жолдары қатысады. Олар: -а, -е, -й. Мысалы: Сол бәсеке-қуғынның, сол қызғаныш-қуғынның айдауымен бұл да жерді үңги берген, үңги берген, ақырында «әл бітті, жан шықты» дегенде – діттеген жеріне жетіп те тынғандай еді!..(Ә.К). Қайғы-қапа соңынан мәңгі көз жұмуға бет алғанда да ол әдеттегідей көк жебенің ысқырығын, көк семсердің суылын естімейді — домбырашы қазақтан немересі Құрбан үйренген сол зар ызыңы келеді құлағына (Ә.К). Міне, аталмыш мысалдардан байқалғандай, адвербиалдық қатынастан туындайтын амалдық мәндер көсемшелер арқылы жасалатын болады.

Синтаксистік қатынастағы сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері жазушының стилін белгілейді. Өз кезегінде сөйлем құрылысы, сөйлемдердің байланысу амалдары, синтаксистік қатынастың жалпы құрылысы автор баяндауының жалпы ерекшелігіне, шығарманың идеялық мазмұнына әсер етпей қоймайды. Жазушы стилін зерттегенде, біздіңше, жеке сөйлемнен гөрі, осындай синтаксистік қатынастарға назар аударған пайдалы. Өйткені синтаксистік қатынастар— шығарманың композициялық құрылымына, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне тікелей қатысты бөлшегі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сөз тіркестерін сөйлемнен ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мәселе мынада: Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексикология, семасиологияның объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де сөйлемге де негіз болады. Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде, сөз тіркесін құруға негіз болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірі тіркестіріп, оны жетілдіре түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге болады. Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лексикология, семасиология, стилистика, сөз таптары және сөйлем мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден құралады да, олар біріне-бірі бағына байланысады екен. Сөйтіп, сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистік категория. Бұл екеуі тығыз байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен әрқайсысының өзіндік объектілері барСөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын Н.К. Дмитриев былай көрсетеді: Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, аяқталған ойды білдірсе, сөйлем деп, егер бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды білдірмесе, сонда ғана сөз тіркесі дейді. Егер сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз тіркесі болудан қалады десек, онда әрі сөз тіркесі, әрі сөйлемдік қасиеттері бар сөздер тобының кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн, кең жайлау. Таудан аққан үлкен өзен сияқтыларды біреулер сөйлем етіп жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жойды деу шындық болмайды. Сондықтан ондай сөздер тобын сөйлемдік қасиеттеріне қарай сөйлем деп танып, сөз тіркесімділік белгілеріне қарай әрі сөз тіркесі деп тани беруге тиіспіз. Тілдің табиғаты солай етуді тілейді.



ІҮ.ППайдаланғанПәдебиеттерРтізімі 1.Шалабай Б. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар// Қазақ тілі мен әдебиеті. №4. 2008 жыл. – 109-113 бет.

2.Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. – 134 бет.

3. Есенов Х.М. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. – Алматы, 1985 жыл. – 75 бет.

4.Мәулен Балақаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері, Алматы: «Арыс». – 2008. – 176 бет.



5.Мәулен Балақаев, Талғат Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі, «Санат» Алматы, 2003. – 283 бет.

6.Серғалиев М. Синтаксистік зерттеулер. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. – 560 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет