Орындаған: Киясова Айнура, Муханова Жадыра Тағайбек Қымбат, Жанболат Анар



бет6/15
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#98977
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қағидалары
Халықаралық есеп айырысу механизмі
Сыртқы сауда операциялары бойынша есеп айырысу механизмі сатушылар (экспорттаушылар) мен сатып алушылар (импорттаушылар) арасындағы тауар айналымы мен төлемдерден тұрады. Көбінесе телеграфтық немесе пошта жөнелтімдері және банктердің төлем тапсырмалары көрсетілген контрагентке нақты соманы төлеу туралы өз тілшілеріне жібереді.
Халықаралық есеп айырысу механизмінің мәні экспорттаушылардан тауар құжаттарын алған импорттаушылар шетел валютасында төлеуге жататын соңғы төлем құжаттарын жібереді, олар әдетте өздерінің ұлттық банктеріне операцияларды жалғастыру немесе аяқтау үшін қажетті валютамен сатады.
Факторинг және форфейтинг
Форфейтинг және факторинг - бұл айналым активтерінің берілген түрін қайта қаржыландыру құралдары. Қайта қаржыландыру дебиторлық берешектің ақша қаражаттары және бағалы қағаздар секілді айналым активтерінің басқа түрлеріне айналуын білдіреді
Факторинг қаржы нарығының пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады.
Факторинг
Факторинг операцияларына үш тарап қатысады: 1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме. 2. Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы. 3. Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады.
Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу
шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет: - Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша; - Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша; - Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша; - Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;
Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Форфейтинг (ағылшын тілінде forfeіtіng — құқықтан бас тарта отырып бүтіндей) — импортшы ризалық берген вексельдерді экспортшылардан сатып алу нысанында сыртқы экономикалық операцияларды несиелендіру. Коммерция банкілердің вексельдерді жай есепке алуынан өзгеше түрде Фофейтинг борышқорлық міндеттемелер бойынша барлық тәуекелдің сатып алушыға — форфейторға көшуін көздейді (“айналымсыз” есеп) Фофейтинг орташа мерзімді сипатта болады — жеті жылға дейін беріледі. Фофейтингтің артықшылықтары: несиелендірудің тұрақты мөлшерлемесі және вексельдердің берілуін ресімдеудің біршама оңайлатылғаны. Сайып келгенде тауардың бағасы арқылы төленетін Фофейтингтің құны көбінесе несиелендірудің басқа нысандарынан жоғары болып келеді. Батыс Еуропаның несие мекемелерінің, ең алдымен Швейцария, ГФР, Ұлыбритания банктерінің “а-форфе” мәмілелерінде көбірек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет