Орындаған: Майбасар С. А тексерген: Асыл Хадыржановна


«АКТ» пәнін оқыту барысында оқушылар төмендегі дағдыларға ие болады



бет2/2
Дата02.07.2022
өлшемі1,22 Mb.
#147245
1   2
Байланысты:
Мектеп АКТ 4 апта Майбасар Сая

«АКТ» пәнін оқыту барысында оқушылар төмендегі дағдыларға ие болады:
-компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу;
-ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әртүрлі формаларда жіберуді іске асыру;
-әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, наұты жүйелер мен оқиғалардың моделін өндеу, талдау және түрлендіру, сонымен қатар өз ойларын іске асыру;
-пән бойынша түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
-бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;
-авторлық құқықтарды сыйлау.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
  • Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
  • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
  • Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
  • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Компьютерлік бағдарламалар арқылы əр түрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кез келген адамның мүмкіндігі болады. Пəнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны бəрімізге белгілі, сондықтан оқушылардың сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғарғы деңгейде көрінуі ұстазға жүктелетін міндет. Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге деген қызығушылығы басым. Сабаққа алғаш келген күннен бастап компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс жасау, олардың жаңа технологияларды меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет