Дәріханада дайындалған дәрілерді босату квитанция, жетон немесе чекпен жүзеге асырылады. Дәріні босату кезінде провизор бақылау жүргізеді, ол аурудың аты-жөнін, квитанциядағы нөмірді тексереді, дұрыс орамдау мен безендірілуін тексереді. Провизор дәрінің сыртқы түрін түсіндіреді, үй жағдайында қалай дұрыс сақталуын түсіндіреді. Рецептте провизор өз қолын қояды (дәрі босатылады).

Ауруға рецепттің орнына сигнатура беріледі. Оның жоғарғы жағында сары жолақ және «Сигнатура» деген жазу болады. Ол құрамында наркотикалық, психотрптық күшті әсер ететін, улы заттары бар экстремальды дайындалған дәрілерге және А және Б тізімі препараттарына: «Апоморфин гидрохлориді», «Атропин сульфаты», «Гоматропин гидробромиді», «Дикаин», «Пахикарпин гидройодиді», «Күміс нитраты», этил спирті. Дайын дәріні босатқанда қолдану әдісі этикеткада көрсетіледі.
Дәрігер дәрілік затты тағайындағанда дозасын дұрыс белгілемесе, оның бір реттік дозасы жоғары болса дәріхана жұмыскері бұл дәріні жоғары реттік дозасының жартысын босату керек.