Қатерлі ісіктерқатерсіз ісіктерден жылдам өсуімен, қоршаған тіндерді ығыстырып қана қоймай, олардың анатомиялық құрылысы мен қызметтерін бұза отырып етіне шаншыла өсуімен ерекшеленеді. Қан тамырлары зақымдануының әсерінен қайталап қан кетулерге, жүйке жүйесінің зақымдануынан невралгиялық ауыру сезімдерге, невриттерге, парестезияға, сезімталдықтың жойылуына әкеліп соғады. Бұл ісіктер көп жағдайда метастаздар береді.