Орындаған: Мұхамедияр Олжас Қабылдаған



бет4/7
Дата13.01.2022
өлшемі35,85 Kb.
#111762
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ауру тарихының үлгісі

Салыстырмалы перкуссияда: оң және сол өкпенің салыстырмалы перкуссиясы кезінде екі жақтан да әлсіреген, тұйықталған перкуторлық дыбыс естілді.
Топографиялық перкуссияда: Өкпе ұшы – алдыңғы жағынан бұғанадан 3см жоғары, ал арқа жағынан CVII деңгейінде орналасқан;

Кренинг кеңістігінің көденең ені – 7см;

Өкпенің төменгі ұшы.

Топографиялық сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

l. parasternalis

5 қабырға аралық

-

l. mediaclavicularis

6 қабырға аралық

-

l. axillaris anterior

7 қабырға

7 қабырға

l. axillaris media

8 қабырға

8 қабырға

l. axillaris posterior

9 қабырға

9 қабырға

l. scapularis

10 қабырға

10 қабырға

l. paravertebralis

11 қабырға

12 қабырға

Өкпе экскурсиясы

4 см

4 см

Аускультация кезінде екі жақ өкпеден де әлсіз везикулалық дыбыс естілді. Патологиялық сырылдар, сықырлар, шуылдар жоқ.

Жүрек – қантамыр жүйесі

Тамыр соғысының жиілігі 80рет/мин, толымдылығы жоғары, серпімділігі жоғары, ырғағы дұрыс емес. Жүрек ұшының түрткісін пальпациялағанда, ол V қабырға аралықта linea medioclavicularis-тан сыртқа қарай 1см арақашықтықта орналасқан.

Перкуссия әдісімен жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйықтығын анықтағанда мынадай мөлшерлер алынды:

  1. Жүректің салыстырмалы тұйық шекарасы

Шекарасы

Салыстырмалы тұйықтық

Абсолютті тұйықтық

Оң жақ

IV қабырға аралықта төстің оң жақ шетінен 1,5см қашықтықта

IV қабырға аралықта төстің сол жақ жиегінде

Сол жақ

V қабырға аралықта

l.medioclavicularis-тан сыртқа қарай 1см қашықтықта

V қабырға аралықта

l.medioclavicularis-тан ішке қарай 0,5см қашықтықта

Жоғарғы жақ

ІІ қабырға аралықта l.parasternalis бойында

ІІІ қабырға аралықта l.parasternalis бойында

Тамыр шоғырының ені – 6,5см.

Аускультацияда ырғақ бұзылыстары анықталды, жүрек тондары тұйық.

ІІдыбыстың қолқалық акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – 72рет/мин. Артериялық қан қысымы 180/100мм с.б. Жүрек шуылдары естілген жоқ.

Ас қорыту жүйесі

Науқастың тәбеті жақсы, қалыптан тыс әуестенушілікжәне тағамға жеркенушілік байқалмайды. Шөлдеу жоқ, ауыздың дәм сезінуі қалыпты.

Тілі таза. Қызыл иектері мен шырышты қабаты өзгеріссіз. Тамақты жұту және өңеш арқылы өтуі бос, ауырсыну жоқ. Қыжылдау жоқ, кекіру болмайды, жүрек айнуына шағынданбайды, құспайды. Іш конфигурациясы симметриялық, үлкен, дем алу актісіне қатысады.

Беткей пальпациямен қарағанда іш жұмсақ; кіндік, қасаға үсті аймақтарында ауырсынбайды, керу және вуырлық сезімі жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс; жарықтар анықталмады.

Іштің терең пальпациясы кезінде:

  • Сигмтәрізді ішек анықталады, ауырсыну жоқ, шұрылдамайды, цилиндр тәрізді.

  • Соқыр ішек linea umbilicailiaceae сызығында жатыр. Ауырсынусыз, өсіндісі анықталған жоқ, аппендоэктомия жасалмаған.

  • Тоқ ішектің жоғарғы және төменгі өрлеген және көлденең бөлігін анықтағанда оның ауырсынбағаны, шұрылдамайтыны және қозғалмалыекендігі анықталады.

  • Асқазанның үлкен иіні Образцов бойынша соққылау, фонендрскоп және пальпация, су шалпылы арқылы анықталды.Ол кіндіктен шамамен 3-4 см жоғары орналасқан. Жұмсақ, қолға ілінеді, ауырсыну жоқ.

  • Асқазан қалтқысы кіндіктен 3-4 см жоғары оң жаққа қарай орналасқан, тығыз цилиндр, ауырсыну жоқ.

  • 12 елі ішек ауруларына сәйкес Боас, Оперховский нүктелерінде ауырсынулар жоқ.

Перкуссия: жоғарғы тимпаникалық дыбыс. Ьос сұйықтықпен газ анықталмайды.

Аускультация іш перистальтикасы сақталмаған. Құрсақ аортасында тамырлық шуылдар естілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет