Тұрар Рысқұлов – адам ретінде Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды. Мағжан Жұмабаев – табиғат Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды. Міржақып Дулатов – «Оян, Міржақып Дулатов – «Оян, қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. ҚОРЫТЫНДЫ - Өз ұлтын сүйетін, ұлтының болашағы үшін өткен тарихтан сабақ алар тұстар көп екенін білетін ұрпақ өз тарихын қалыптастырған өр тұлғаларды ешқашан ұмытпас. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек ашаршылық жалмаған жылдары 2,3 млн.дай, бірнеше рет қайталанған қуғын сүргінге ұшыраған 125 мыңдай қазақтың жартысына жуығының қаны қара жерге сіңген екен. Оның сыртында жаппай жала жабу, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты ұлтымызға қарсы бағытталған алапат апатты жылдары туған даласының топырағынан тірідей айырылып, жер бетіне тарыдай шашырап, тоз – тоз болып кеткен сан мыңдаған қазақты қосыңыз. Бұл ұлтымыздың тарихы. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы парыз. Өйткені бұл күн – Алаш азаматтарының азалы күні!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР - Қозыбаев М.А. Ақтаңдақтар ақиқаты.Алматы1992,272 б.
- Нақымжанұлы Ә.Б. қыңырлатқан партия жолына.Алматы: Еңбекші қазақ,1999,245 б.
- Махат Д. А. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде «оңшылдық» және ұлтшылдыққа айыптау: тарихы және салдары
- Нүрпейісов К. Б. Алаш һәм Алашорда.Алматы: Ататек 1995,256 б.
- Қойгелдиов М. Алаш қозғалысы.Алматы:Санат 1995
Достарыңызбен бөлісу: |