18 - ғасырдың екінші жартысында Еуропадағы музыка өнері ұлы француз революциясы мен ағарту идеяларының әсерімен өріс алды.Түрлі марштар,батырлық әндер,қауымдық мерекелерге арналған әндер көбейді.Адамгершілік,жоғары этикалық мұраттарды,адамдар теңдігі мен қоғамға қызмет ету мақсатын дәріптейтін музыка жанрының, австро-герман симфониялық,,опера және камералық шығармашылық үрдістің негізін қалаған веналық классикалық мектептің басты өкілдері И.Гайдн,В.Моцарт,Л.Бетховендердің кәсіби музыка дамуындағы алатын орны ерекше.