Орындаған: Найманбаева Д. С. Петропавл 017 жыл Зат алмасу ( сынып)



бет1/8
Дата16.04.2022
өлшемі248,22 Kb.
#139598
түріАнализ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
pisa-formatynday-himiya-biologiya-pndernen-tapsyrmalar-zhinay


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

PISA форматындағы тапсырмалар биология 8,11 сынып


Химия 8-9 сынып

Орындаған:Найманбаева Д. С.

Петропавл 2017 жыл



Зат алмасу ( 8 сынып)
Зат және энергия алмасу – қоршаған ортамен зат алмасу барлықтірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп, басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорыту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды.
Тапсырма 1 Әр түрлі мамандықта жұмыс жасайтын адамдар әр түрлі энергия жұмсайды. Мысалы, ойлау қызметімен жұмыс істейтіндер, бір күнде 3000 килокаллорий энергия жұмсайды. Дене еңбегімен шұғылданатындар 2- есе көп энергия жұмсайды екен. Ауыр жұмыс істегенде жұмсалатын энергия мөлшері ПӘК ( пайдалы әсер коэффиценті) арқылы анықталады. Пайдалы әсер коэффицентінің орташа мөлшері 20-25 % . Спортшыларда бұл көрсеткіш жоғары. 1г аққуыз тотыққанда – 4,1 ккал, 1г май – 9,3, көмірсулар – 4,1 ккал болып есептелінеді. Азық – түліктердің құрамындағы көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың мөлшерін біле отыра, олардың құнарлығын анықтауға болады.
Егер адам тәулігіне 3000 ккал энергия жұмсаса, онда ағзаның знергетикалық қажеттілігін 1 тәулік ішінде пайдалана отыра, толық қанағаттандыруға болады.
А 732 г көмірсулар
В. 732 г майлар
С. 150 г аққуыздар
Д. 732 г аққуыздар мен 732 г көмірсулар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет