1. Мән мәтін: ғаламдық
2.Мазмұны: ғылым туралы білім
3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру,
4.Қолдану аймағы:медицина
5. Сұрақтың типі:иә /жоқ қысқа жауапты таңдау, еркін жауап
6. тапсырма деңгейі: 4
Тапсырма 4 Тамырдың соғуы (пульс) жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы оқтын-оқтын серіппелі кеңейеді (латынша «pulsus» – соғу, итеру). Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен айдайды. Күшпен айдалған қан ары қарай артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі – тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып, мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70–75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді. Мектепте салауатты өмір салтына арналған іс – шара жүріп жатыр.Барлық оқушылар өз орындарында отыр. Жүргізуші 3 оқушыны шақырып, әрқайсысына тапсырма берді. Диана сол орында отырды. Марат 10 рет отырып тұрды. Индира бір орында тұрып жүгіру қозғалысын жасады. Осы жаттығулардың барлығы бір минутта жасалды.Олардың тамырларының соғуы жаттығуға дейін, жаттығудан кейін өлшенді.
1А. Қалай ойлайсыңдар қай оқушының жүрек соғысы жиіледі ? Неге ?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________