Оларға паразиттік тіршілік ету фазасы ғана тән, олар сыртқы ортаға түспейді, өйткені сыртқы ортада тіршілік етуі мүмкін емес. Олар трансмиссивті, трансплацентарлы және жанасу-жыныстық жолымен беріледі.
Факультативті (салыстырмалы) паразиттер - паразиттер табиғи айналым кезінде ие организмімен қатар сыртқы ортаны да пайдалана алады.
Кездейсоқ паразиттерге - автономды түрде тіршілік етуге сыртқы орта (су, топырақ, өсімдіктер, және де басқа органикалық субстраттар) қалыпты орта болып табылатын паразиттер жатады. Олар сапрофиттік типімен қоректену қабілеттілігін сақтайды.