Орындаған: Оразбек Арғын, 4 сынып оқушысы Жетекшісі


Жетекшісі: Идрисова Мархабат Исмаилқызы  3 Кіріспе



бет4/11
Дата08.02.2022
өлшемі50,01 Kb.
#119664
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жетекшісі: Идрисова Мархабат Исмаилқызы 
3
Кіріспе
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағалатын. «Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы» деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған.
Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқыны бағып-қағуда артық шығын шықпайды, еті де сүті де өте арзанға түседі. Жылқы етінің арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшін ол аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулері бойынша, жылқының қара етінің қоректік қасиеті орта есеппен сапалы сиыр етімен тең, бірақ жылқы етінде сиырдың етінен бөлек 24-25% көп болады. Сондықтан ол қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жасы толған семіз жылқы 10-12 қойдың етін береді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдар үлкен сұраныста болып отырғаны аян.
Жылқы малының сүті қымызды тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.
Мақсаты:
Жылқы сүті қымыздың пайдасын,түрлерін, ерекшеліктерін оқып үйрену.
Міндеттері:
- Қымыздың пайдасы жайлы жазылған зерттеулермен танысу;
- Қымыздың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;
- Ғылыми еңбектерге шолу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет