Орындаған: Орман фариза сиб 21-3



Дата03.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#156336
Байланысты:
ЖОСПАР



ЖОСПАР:

1. Конфуций бойынша адамгершіліктің алтын қағидасы.

2. И. Кант бойынша адамгершіліктің

категориялық императиві.

3. Жүсіп Баласағұн философиясындағы əділеттілік

мəселесі.

Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) жəне бұлжымас императиві (И.Кант).


Конфуций (б.з.б.551-479 жж.) - ілім мен философияға, қытай, корей жəне жапон өмірі мен тұрысы, ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, əйгілі қытай ақылманы жəне əлеуметтік философы. Конфуций адамгершілік мəселелерін бірінші кезекке қойған.Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), əдет-ғұрып, дəстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дəрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен
ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақжылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз əсерін тигізді.
Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-əлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тəртіп, этикет эталондарына(ли) негіздеді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тəрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нəтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), əділ, адал,ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол əрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс.Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңдібасқаға жасама”,- дейді. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дəріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар
пайымдауында адам мінез-құлқы мен тəртібінің іргетасы іспетте қолданылуда.
Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң əлеуметтік жіктелу идеясын,
сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тəрізді иерархиялықбөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тəн. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету

жəне қажет тəртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бəрін қамтитын жəне баршаға ортақ, бəрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның


көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси
доктринасына əр заманда əрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси
мəдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген.Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пəндермен қатар

философия, физика. математика пəндерінен лекцияларға қатысқан.


Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік
түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дəлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нəрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданып, оны парыз ұғымы ретінде түсіндіреді.

Сонымен бірге, ол адам өмірінің мəні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа


адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды жəне еркін
жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны». Бұл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды.
Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте депайдасын тигізеді. Əрбір адам түбінде ең қатал сот - өзінің ар-ұятының алдында жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «адам» тұлғасын қалыптастыратын рухани дүниенің тазалығын өзек етіп, өз заманының қоғамдық-əлеуметтік жағдайына байланысты «адам» ұғымын құрайтын негізгі жақсы жəне жаман қасиеттерді билеушіге, яғни үстем тап өкілдеріне қатысты айтады. Мəселені
əмірші-патшадан бастап ақын «ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты
ұшан-теңіз, ниеті – түзу, сөзі – шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық,
пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт» екенін жазған. Поэмадағы адамгершілік аясына шоғырланған ойларды көне түркілік, шығыстық сарындағы тілдік бірліктермен, афоризмдермен, мақал-мəтелдермен, тұрақты теңеулермен берілген.
Афоризм (нақыл сөз) –мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,
мақал-мəтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, əрі ойлы,авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. «ХХІ ғасыр – білікті, білімді,бəсекеге қабілетті жастардікі»(Н.Ə.Назарбаев), «Тегінде адам баласы адамбаласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озады. Одан басқа нəрсемен оздым ғой демектің бəрі бекер» (Абай).
«Құтты білік» - өз дəуірінің адамгершілік принциптері мен этикалық
нормаларының бейнесі іспеттес шығарма саналған. Дастанда ақын əділдік,
ақыл-парасат, бақ-дəулет, қанағат-ынсап туралы ой толғайды. Сондай-ақ
адамгершілік, оқу-білім, тəлім-тəрбие, əдептілік хақында өсиет-ғибрат
жасайды.
Ең бастысы –өз заманында «Құтты білік» дастанын мемлекетті басқару
жөніндегі заң ережелер жинағы ретінде танылған болатын. Өйткені
шығармада ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы жырланды.
Қазақ хандығы енді ғана қалыптасып келе жатқан тарихи кезеңде дəл
осындай қоғамдық-əлеуметтік, саяси мəселелер күн тəртібінде тұрды. Олар
қалың бұқара халық пен ел билеуші əкімдер арасындағы қарым-қатынас
нормалары, əрбір адамның қоғам алдындағы міндеттері, мемлекетті басқару
принциптері жəне тағы басқа көптеген əлеуметтік ахуалдағы мəселелер
қамтыды.
Ж.Баласағұн ойшыл ретінде өмір жолын, адам тағдырын жəне ел
болашағын біріктіре талқылауды, адам болудың құндылықтарына,
қасиеттеріне жəне тəсілдеріне деген байырғы қалыптасқан дағдыны қайта
қарастыруды, толықтыруды мақсат тұтады. Рухани кеңістікті кеңейтудегі
мақсат - адам болмысының əлеуетін, кісілік қасиеттердің қуатын ашып беру
адал еңбектенушілердің еңсесін көтеру, жалқаулар жатып ішуге неге бейім
екендігін əшкерелеу, көпшілікті жағымды ниетке тоғыстыру, түбірінде
рухани жаңғыру мен мəдениетке жол ашу еді. Рухани құндылықтар мен
тарихи-мəдени мұраны анықтау, жинақтау, толықтыру, сақтау, зерделеу жəне
насихаттау жұмыстарын ретке келтіру, оған жаңа серпіліс енгізу - рухани
жаңару мен гуманистік дəстүрді жалғастырудың басты шарттары. Оған
дəстүрлі пікірлер мен дəйекті болжамдар демеулікті үдетті. Өркениет кезінде
адамгершілік тəртібі мен тəжірибесі алдымен сынға ұшырады, солай болса да
адамгершілікке, тектілікке негізделген қарым-қатынас көркейді, тағзым
күшейді. Адамгершілікке бет бұру - ізгі жүрек ізгілігінен, туған жері, еліндегі
тұма бастаулар мен мінез ерекшеліктерін іздестіруге ұйытқы болды. Ал ойлы
іс-əрекет еркіндігі, көркемдік жəне ғылыми-философиялық шығармашылық
қарқынының ауқымдануы - адам болмысына жəне ел бірлігіне деген
қызығушылықты арттырды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, дастанның идеялық
композициясы төрт ұлы ұғымнан, төрт қымбат қасиеттерден: 1) шындық
жолы, Əділет; 2) құт пен ырыс, Дəулет; 3) Ақыл менен парасат; 4)
ұстамдылық, Қанағат ұстанымнан құрастырылуы тегін емес. Ж.Баласағұн
ұстанымында мұндай жеке кісілік қасиеттер бір-бірімен тұрақты үйлескен.Адамгершілік қағидасының алтын діңгегі
Қазақта «Зұлмат есіктен кірсе, ынсап түндіктен шығады» деген нақыл бар. Біле білгенге әрбір ізгілікті, иманды адамның адамгершілік қағидасының алтын діңгегі – ынсап. Хәкім Абай «Ынсап, ұят, терең ой – ақыл, зейнет біліп қой» деп осы асыл қасиеттің маңызын ұғындырса, дана халқымыз «Ынсапсызда ұят болмайды» деп бекер айтпаған.
Бүгінгі күнгі зұлмат деп даңғазалықты, ысырапшылдықты айту керек. Оны аста-төк тойлардан көріп те жүрміз. Атақ пен даңққа құмар бай-манаптар беделін түсірмеу үшін құстың сүтінен басқаны дастарханға қояды. Желінгені бойға құт болып дарыса, желінбегені ысырап болмақ. Сол даңғаза тойлардан желінгеннен желінбей қалған астың көптеп шығып жатқанын көреміз кейде. Ал «Аттыға ілесемін деп жаяудың таңы айырылыпты» дегендей, «қатардан қалмаймын» деп, қарызданып, қауғаланып той жасағанның тауы шағылып жүргенін де кездестіруге болады бұл күнде. Тойшыл қазақтың той десе қу басты домалататыны анық. Бүгінгідей болмашыны сылтау етіп, той жасағанда күн сайын домалай беріп, қу бастың да әбден ығыры шыққан секілді. «Жиған-тергенің тойда шашылсын» дегенді алға тартатындар кейде ынсап деген адами қасиетті ұмыт қалдыратындай. Соның салдары болар қазір шамасы жетсін-жетпесін бәрі дүркіретіп, дүбірлетіп той жасауға құмар болып алған. Ал одан кейін көрпесіне қарай көсілмегеннің көңілі тоқ болып жүргенін көрмейсің.
Көнекөздердің айтуынша, бұрынғының тойының көпшілікке қайыры тиетін болған. Ал қазіргі той айлығы шайлығынан аспайтындар үшін қосымша жүк, батпандай салмақ. Содан да болар қазір тойға шақыру алғанда талай адамның жүзі өтірік күлімсірейді. Оған барып-келу, одан кейін тағы тойға қамдану қазіргідей нарық кезеңінде көпшілікті «өтірік» күлдіріп жүр­гені жасырын емес. Айта берсе, ысырапқа толы тойдың жыры таусылмақ емес. Оны бұған дейін де арнайы газет бетінде жария­лап келеміз. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей, біздікі ынсап жоқ жерде ырыс пен береке тұрақтамайтынын жеткізу. «Асыра сілтеп» той жасағаннан тек даңғойлықтан аса алмайтынын ескерту. Әйтпесе, жиған-тергені өзінен асып жатса, аста-төк той жасағаннан ағайынға көмек қылған мың есе артық. Бұдан асқан абыройдың жоқ екені айтпаса да түсінікті.
Тойдағы ынсап пен ысырапқа тоқталып өттік. Енді өлім-жітімге қатысты ысырапты айтайық. Бұған қатысты тағы да дана Абайдан мысал іздейміз. Қазақтың данышпаны «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» дейді. Қаралы үйде қайғыға жамылған жандарға көпшілік көңіл айта барады. Қазақта қайғыға ортақтасып келген жұртқа қаралы ас беру ұғымы бар. Өмірден өткен адамның жетісін, қырқын, жүзін, жылын беру – жалпы діни ереже емес, бірақ бұл халықтың ертеден қалыптасқан ғұрпы. Мұны ысырапсыз, бәсекелестік пен мақтаныш ретінде емес, Құдай жолы ретінде өткізген жөн. Осыған қатысты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде «Кімде-кім яғни қаралы үйден үш күннің ішінде тамақ жесе, мен ол адамнан аулақпын, беземін» делінген. Бұл жөнінде діни ғалымдар «Үш күнге дейін тамақты мәйіт шыққан үйден жемей, өлген адамның ағайын-тумалары немесе көрші-көлемі сол күндері тамағын көтеруі керек» деген қоры­тынды шығарған.
Осы тұста аудандық мешіттің бас имамы А.Асқарұлы ысырапшылдық елде ырыс пен берекенің тұрақтамауына әкелетін жол екенін айтады.
– Қаралы үйден ас беруге қатысты Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бекіткен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабында мәйітті бір тәуліктен аса уақыт ұстамау, ысырапшылдық, яғни қаралы үйден сол күні ас бермеу ұстанымы туралы айтылады. Осыған байланысты ауданда мәйітті үш тәулік бойы сақтау үрдісі белең алған еді. Бұған қатысты аудандағы діни қызметкерлердің жүйелі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мүрдені бір тәуліктен аса уақыт ұстамау үрдісі әдетке айналып келеді, – деген Асхат Асқарұлы ысырапшылдыққа тоқталды.
– Қазіргі таңда бейітті көтеруде ысырапшылдыққа жол беру көп. Қорымда бейітті зәулім етіп, қымбат қыштармен салу, көктасқа мәйіттің бейнесін қашау белең алуда. Бұл сол отбасының артық шығындалуына әкеліп соғады, яғни ысырап. Және де бұл шариғи тұрғыда құпталмаған іс. Сондай-ақ қаралы ас беруде дастархан мәзірі аста-төк жасалады. Мұндағы көңіл айтып келген кісілердің астан дәм татудың мақсаты – қарнын тойдыру емес, өмірден өткен кісіге дұға етіп, сауап жасау. Сондықтан ас бергенде қазы-қарта, жеміс-жидек, көптеген тағам түрлерін қоюдың еш қажеті жоқ. Жалпы, дастархан мәзірі бойынша бауырсақ, нан, тоқаш, талқан, сөк, шекер, құрма, ыстық тамақтан артық астың қойылмағаны абзал. Түптеп келгенде, бұл ысырапшылдыққа жол бермей, сауап алудың негізі. Қасиетті Құранда Алла Тағала былай дейді: «Жақын туыстарыңа, міскіндерге, жолда қалғандарға хақтар­ын беріңдер. Әрі еш ысырап қылма! Шындығында, ысырапқорлар – шайтандар­дың ағайындары. Ал шайтан Раббысына анық қарсы келуші» (Исра сүресі, 26-27- аят), – дейді ауданның бас имамы.
Тағы бір атап өтетін жағдай, қаралы ас біреу берекетсіздікке салынушылық белең алып кеткен. Біреудің қайғысына емес, құдды бір қуанышына ортақтасуға келгендей дастархан басында ананы бір, мынаны бір қозғап, әңгіме айтып отырады. Кейде күлетіндерін қайтесің?! Біреудің кісісі бақилық болып жатқанымен шаруалары жоқ. «Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейдінің» кері келіп, біреуге жан қайғы болғанда біреуге мал қайғы болып, дүниелік әңгімелерді бөсіп отырады. Осындайда көңіл айтып келгендер көптің көңілін қалдырып жатады. Мұның әбестік екенін айта кеткен жөн.
Жалпы, әрбір адам өз ісіне есеп беру керек. Сол есепте ысырап жасамаған кезіміз болды ма екен? «Болған жоқ» деп ешкім дөп басып айта алмас. Тіпті ынсаппен тірлік қылмай жүргендері де жетерлік. Алайда, «Өлімнен ұят күшті» дейтін ел тұрғындары дәстүр мен дінді ұштастырып, күндердің күнінде осы сауалға тұщымды жауап береді деп сенейік.


Философ Д.А. Леонтьев құндылық ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар екенін көрсетеді. Олар: біріншіден, құндылықты атрибут ретінде түсіну, екіншіден, бір объект немесе зат оның құндылығы жоғары деген пікір білдіреді. Екінші бағыт құндылық – ол объектіге немесе затқа (кең мағынада) қатысты тұрғыдан түсіндіріліп, субъект үшін нақты маңызы қаншалықты немесе оның қоршаған ортасының қажеттіліктерін өтеуші немесе абстрактілі мәндер деген пікір білдіреді.
Құндылық ұғымы адамгершілік ұғымымен бірге қарастырылады. Адамгершілік мәселесін философияда мораль қарастырады. Мораль (лат. moralis-әдет-ғұрып) – адамдардың өзара және қоғаммен қатынастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын қоғамдық сананың формасы. Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасты. Қоғам әрқашан өз мүшесіне белгілі талаптар қояды. Ол талаптар әрқашан мораль нормаларынан көрінеді.
Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді.
Қоғамдық өмірде және тұрмыста адамдар арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормалар арқылы реттеліп келеді. Моралдық нормалар адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынасын білдіруімен бірге олардың адамгершілік сезімін, арын, намысын, ұжданын айқындайды, адамның әрекетін ретке салады. Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.
Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу. Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі: реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызметтер.
Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.
Құқық мемлекеттің шығуымен бірге қалыптасты, онда қоғам мүшелерінің өздерін ұстау ережелері қарастырылып, қоғамдық өмір тәртібі орнатылды, оны бұзғандарға жаза тағайындалды. Қоғам мүшелері мемлекетті нығайту үшін, құқықтық құжаттарда бекітілген міндеттері бар (салық төлеу, Отан қорғау, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау және т.б.). Құқықтың міндеті – тәртіпті бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету, ал мемлекеттің міндеті – осы құқықтар мен бостандықтарды қорғау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет