Орындаған: Пердебай а тобы: пмно 18-1 «Тіл» немесе «тіл дамыту»



Дата07.02.2022
өлшемі15,65 Kb.
#97206
Байланысты:
Ағл10анықт


Орындаған: Пердебай А
Тобы: ПМНО 18-1
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.
«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат – өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.

Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.Сөйлеу – бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тіл- дә өзінше пайдалануы.Бір тілдің өзіне сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып – білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді.Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс тәжірибесінде байытып қана қоймай, со- нымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.

Сөз (орыс. Слово, ағылш. Уорд) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. [1] Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді.

Сөйлем – біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет