Бұлар көп тұқымды құрғақ жемістер,жеміс пісіп жетілген кезде,перикарпий қақырып,тұқымдары еркін шашылады.
Шырынды жемістер
Бұлар бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан пайда болады, жемістерінің ішкі бөліктері шырынды,көпшілігі көп тұқымды болып келеді.
Сумен таралатын жемістер мен тұқымдар. Тұқымы мен жемісі су арқылы таралатын өсімдік түрлерін гидрохорлық өсімдіктер дейді де, ал олардың сумен таралу жолын гидрорхория дейді. Сумен таралатын жемістердің денесінде түрліше өскіншелері болады, оның іші балық торсылдағынікі сияқты ауаға толы болады. Сонымен қатар, сумен таралатын кейбір өсімдік тұқымдары мен жемістерінің сыртында су жұқпайтын түктері немесе ішіне су кіргізбейтін тоз қабаты болады. Сондықтан ондай жемістер мен тұқымдар суда қанша жүзсе де, батпайды және шірімейді, шығымдылығын да сақтап, көпке шыдайды. Бұл жолмен теңіздің, дарияның жағалауларында, саз-балшықты жерлерде және суда өсетін өсімдік жемістері мен тұқымдары таралады.