Жан-жануарлар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдар - Жан-жануарлар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдар
- Жануарлар арқылы таралатын түрлерді зоохорлық өсімдіктер десе, ал олардың таралу жолдарын зоохория деп атайды. Систематикалық түрлеріне қарай жан-жануарлармен жер бетіне таралатын өсімдіктердің де тұқымы мен жемістерінің өзінше икемделіп біткен өскіншелері болады. Мысалы, кейбір өсімдіктер жемісі мен тұқымының сыртында әрқилы келетін түктері, қылшықтары, ілмектері, қармақшалары болады.
- Солары арқылы жан-жануарлардың жүніне, жылқының жал-құйрығына, түйенің шудасына, қойдың жүніне және т.б. жабысып алып, бір жерден екінші жерге, кейде өте алысқа тарайды. Мұндай жолмен таралатын өсімдіктер: ошаған, кәріқыз, шоңайна, иттікен және басқалар. Мысалы, түйеқарынның үшбүрышты болып келетін сырты сілемейленіп тұрады. Егер осы кезде жан-жануар сүйкенетін болса, сілемейімен жабысады да, жануармен басқа жаққа кетеді, барып түскен жерінде өніп-өседі, бұған зығырдың, дүңгіршектің, лапыздың, тұңғиықтың және басқа да өсімдіктердің тұқымы мен жемістерін мысалға алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |