Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың негізгі формасын сипаттаңыз.
Студенттердің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар, оны ұйымдастыру технологиясын талдаңыз.
ОСӨЖ – студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы құрылымын, ұйымдастыру формаларын талдаңыз.
Оқу-әдістемелік кешенін құрастыру технологиясы: пәннің жұмыс оқу бағдарламаларын құрастыруға қойылатын талаптар, лекция курсы, практикалық және семинар сабақтары, лабораториялық жұмыстар бағдарламаларын және т.б. құрастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысы оқытудың негізгі формасын сипаттаңыз.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студент білімді өз бетімен, өзіндік жұмыс барысында, оқытушы басшылығымен немесе оқытушының тікелей көмегінсіз қабылдайтынын білеміз.
Жоғары оқу орындарында студенттің өзіндік жұмысын және оқытушымен өзіндік жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау – толық талдауды, ой елегінен өткізуді, теорияландыруды қажет ететін мәселе. Көш басында ең алдымен оқытушы мен студенттің ынтымақтастық қарым-қатынасы мен студенттің дербестілік сипатының даму процесі көрінеді .
Жоғары оқу орындарында СӨЖ және СОӨЖ-ді ұйымдастыру тәжірибесі мен осы мәселенің әдебиет бетінде берілуін талдай келе кредиттік жүйе жағдайында сабақты тереңдетіп оқытудағы студенттің өзіндік жұмысы мен студенттің оқытушы қатысындағы өзіндік жұмысының жалпы үлгісі құрылды. Үлгі дегеніміз – қандай да бір процестің құрылымы мен әрекетін бейнелеуші сұлба. Үлгілеу – ғылыми зерттеулерде жиі қолданылатын әдістердің бірі.
Үлгілеуді құбылыстарды, процестерді немесе нысандар жүйесін үлгісін құрып зерттеуде кең қолданады. Үлгі зерттеу нысанын бейнелеп немесе қайта жаңғыртуда ойша елестетуге болатын жүйе ретінде қолданылып, зерттеу нысаны жайлы жаңа ақпарат береді
Үлгілеудің негізгі қағидалары келесідей: көрнекілігі, шыншылдығы, анықталғыштығы.
Үлгіні құрудың негізгі кезеңдері:
– үлгіні құру;
– теориялық қатынастарды, аналитикалық көріністер мен байланыстарды тұжырымдау;
– үлгі параметрлерін бағалау;
– сандық болжамдар алу;
– үлгінің өзін нақтылау.
Осы аталған шарттар толық сақталғанда ғана үлгілеу зерттеудегі эмперикалық пен теориялықты біріктіруге жағдай жасайды.
Осы аталған шарттар толық сақталғанда ғана үлгілеу зерттеудегі эмперикалық пен теориялықты біріктіруге жағдай жасайды.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақты тереңдетіп оқыту барысындағы студенттің оқытушы қатысындағы өзіндік жұмысы мен студенттің өзіндік жұмысы студент дербестігінің қалыптасуына, дара тұлғаның өзіндік дамуының жалпы процесіне әсерін тигізеді. Дара тұлғаның үздіксіз психологиялық қайта құрылуы жүріп, нәтижесінде өзін-өзі билеу, өз ойын ашық айта алу, өзін-өзі реттеу сияқты қасиеттер мәртебесі өседі.
Үлгілеу ғылыми зерттеу әдістерінің бірі болғандықтан, жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесінің ерекшеліктерін ескере отырып, кредиттік оқыту технологиясы жағдайындағы СӨЖ және СОӨЖ ұйымдастыру үлгісі құрылды. Кредиттік оқыту жүйесінде оқытушы мен студент оқу әрекетінің субъектілері болатынын білеміз.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақты тереңдетіп оқыту процесі субъектілері болып оқытушы мен студент есептеледі. Жоғары оқу орнында химияны тереңдетіп оқыту негізгі мамандығы химия болатын мамандықтар әзірлеуде қажеттігі жоғары екені белгілі. Химияны тереңдетіп оқыту барысында студенттердің бойында ғылыми-материалистік көзқарас қалыптасып, пәннің қыры мен сырына толығынан қанығып, жалпы зияттылық даму дәрежесі жоғарылайды. Оқытушы мен студенттің ынтымақтастығы жарасса, оқытушы химиядан терең білім беруде кеңесші, ұйымдастырушы, оқу жұмыс бағдарламасын, бақылау тапсырмаларын құрушы, студенттің білім-білік, икемділік, дағдысының қалыптасуын бақылап, біліміндегі олқылықтарды түзетуші рөлінде, ал студент дербес, өздігінен ұйымдасқан, оқуға, білім алуға, шығармашылығын дамытып, ізденуге қабілетті, тереңдетілген білімді қабылдаушы жан ретінде көрінеді. Cтудент пен оқытушының қарым-қатынасы даралық-гумандық жағдайда қалыптасуы ынтымақтастықтың негізі болып есептеледі.
Студент белгілі бір деңгейге дейін өз бетімен білім алуға ұмтылса, оқытушы кеңесші-координатор қызметін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Нәтижесінде студенттердің оқу еңбегінің үйлесімді ырғақтылығы қамтамасыз етіліп, жеке оқу екпіні қалыптасады.
2. Студенттердің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар, оны ұйымдастыру технологиясын талдаңыз.
Студенттің өзіндік жұмысы – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:
тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;
СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.
СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады:
СӨЖ жоспарлау,
әдістемелік жағын қамтамасыз ету,
СӨЖ бақылау мен бағалау,
талдау және одан әрі дамыту.
СӨЖ екі бөліктен:
оқытушымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (ОСӨЖ)
студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
ОБСӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және бекітілген дербес кесте бойынша жұмысын жүргізеді. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәннің жұмыс оқу бағдарламасында және силлубаста көрсетілуі тиіс.
Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.
лабораториялықтәжірибеніеңгізумен (спортықкешенарқылы) байланысты.
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:
Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының офис сағантарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.
СӨЖ туралы талаптар:
Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады.
Осыдан кейін негізіне тоқталады. Негізгі бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті.
Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады.
Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі.
СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.
3. ОСӨЖ – студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы құрылымын, ұйымдастыру формаларын талдаңыз.
Білім алушының өзіндік жұмысының жалпы көлеміне оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) кіреді.
ОСӨЖ көлемі СӨЖ-дің жалпы көлемінің 25-50% құрайды және оқытушының академиялық мерзімдегі педагогикалық жүктемесі бойынша анықталады:жүктеме 1-4 кредит болған жағдайда офис-сағаттар саны аптасына 1 академиялық сағатын құрайды, сәйкесінше 5-9 кредит – 2 сағат, 10-15 кредит – 3 сағат.
Кәсіби пәндер бойынша ОСӨЖ академиялық топтарда, жалпыға міндеттер пәндер бойынша білім алушылардың саны 50-ден аспайтын академиялық ағымдарда ұйымдастырылуы тиіс.
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының кестесі негізгі оқу кестесінен бөлек құрастырылады.
ОСӨЖ барысында үй жұмысын, курстық, семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептер мен басқа да тапсырмаларды орындау бойынша кеңес беріліп, ағымдағы және аралық бақылау жүргізіледі.
Егер СӨЖ тапсырмасының орындалуы қиындық тудырмаса, білім алушы кестеге сәйкес ОБСЖ сабағына қатыспауына болады.
ОСӨЖ кестесінде көрсетілген уақытта оқытушының аудиторияда болуы міндетті.
ОСӨЖ семинарлар, практикалық немесе зертханалық сабақтарға алмастырылмайды.
4. Оқу-әдістемелік кешенін құрастыру технологиясы: пәннің жұмыс оқу бағдарламаларын құрастыруға қойылатын талаптар, лекция курсы, практикалық және семинар сабақтары, лабораториялық жұмыстар бағдарламаларын және т.б. құрастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУҒА ЖӘНЕ РӘСІМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Әдістемелік нұсқауда оқыту бағдарламасын құруға және рәсімдеуге арналған басты талаптар, студенттер мен оқытушыларға арналған оқу бағдарламасының үлгілері, бағдарлама бөлімдерін толтыру ережелері мен құрылымы көрсетілген. Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасын құрушыларға тәжірибелік жетекші құрал болып табылады.
Пән әдістемелік тұрғысынан төмендегілерді қамтуы керек:
пәннің оқыту бағдарламасының екі түрі: студенттер үшін (syllabus) және оқытушылар үшін;
әрбір пән бойынша аудиториялық жұмысқа арналған материалдар: дәріс мәтіні, семинар жоспары, тәжірибелік, зертханалық жұмыстар, аудиториялық оқытуды мультимедиямен жүргізу (аудио-видеоматериалдар, электрондық тасымалдаушы ақпараттар);
студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үй тапсырмасының мәтіні, баяндама, реферат, бақылау жұмысы, курстық жұмыс және басқа оқыту материалдарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау;
студенттер білімін бақылау материалдары: жазбаша тапсырма сұрақтары, әңгімелесуге арналған сұрақтар, емтихан сұрақтары, тест сұрақтары;
оқыту, өндірістік, диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту және есеп құжаттарын толтыруға арналған әдістемелік нұсқау.
Қолданылған әдебиеттер:
Байзаков У.А. Разработка теоретических принципов стандарта рейтинговой системы оценки знаний студентов // Высшая школа Казахстана, 2001. – №3. – С. 12-16.
Жаманбалин. О., Беймембаев. Студенттердің білімін бағалау үшін рейтинг жүйесін қолдану // ВШК, 1999. – №2. – Б. 94-96.
Смирнова И.Э. Модели обучения в системе высшего образования // Инновации в образовании, 2006. – №1. – С. 5.
Шкутина Л.А., Плотников В.М., Егоров В.В. Основы исследовательской работы в профессиональной педагогике. – Алматы: Ғылым, 2000. – 192 с.