Амбулаториялық-емханалық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру 2) пренаталдық скрининг жүргізу – жатыр ішіндегі ұрықтың хромосомалық патологиясы және туа біткен даму кемістіктері (бұдан әрі – ТДК) бойынша қауіп топтарын анықтау мақсатында жүкті әйелдерді жаппай кешенді зерттеп-қарау
3) перинаталдық көмекті өңірлендіру қағидаттарын сақтай отырып, экстрагениталдық патологиямен күндізгі стационарларға, акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі медициналық ұйымдардың жүкті әйелдер патологиясының бөлімшелеріне, бейінді емдеу мекемелеріне уақтылы емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау
4) жүкті, босанатын және босанған әйелдерді медициналық байқаумен, оның ішінде жоғары технологиялық көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ЖТМҚ) қолданумен мамандандырылған көмек алу үшін республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға жіберу;
5) көрсетілімдер бойынша жүкті және босанатын әйелдердің патронажын жүргізу;
6) заманауи медициналық технологияларды пайдалана отырып, шағын гинекологиялық операцияларды жасау
7) мамандандырылған медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызуға дайындау үшін гинекологиялық аурулары бар науқастарды анықтау және зерттеп-қарау
8) отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультация беру және қызметтерді көрсету;
Clinical Case Report Name -
Clinical Case Report Name -
Жүктілік және оны сақтауды қалау себептері бойынша әйелдер алғаш рет жүгінген жағдайда акушер-гинеколог дәрігер Анамнезді жинайды, бала кезінде және жасы толған кезде бастан өткерген ауруларына (соматикалық және гинекологиялық), операциялар, қан және оның компоненттерінің құйылуына назар аударады
уақтылы зерттеп-қарау үшін 12 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді есепке ерте алуды және жүктілігі анықталған күні тіркеуді жүзеге асыру
жүктіліктің бірінші триместрінде аналық сарысу маркерлерін талдау үшін жүкті әйелдерді қан алуға жолдау және жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші триместрінде ультрадыбыстық скринингті белгілейді
жұбайының денсаулық жағдайын, қан тобын және резус тиістілігін айқындау;
* жұбайының жұмыс істейтін өндірісінің сипатын, жағымсыз қылықтарын зерделеу;
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымның учаскелік терапевтері мен ЖПД
жүктілікке дейін және босанғаннан кейін флюрографияны тағайындауды және оның нәтижелерін бақылауды;
жүктіліктің физиологиялық (асқынбаған) ағымымен жүкті әйелдерді қадағалап-қарауды. Акушер-гинеколог дәрігер болмаған жағдайда патологиясы бар (асқынған ағымымен) жүктілікті қадағалап-қарауды;
жүкті әйелдерге және емшекпен сүтімен қоректендіретін аналарға тек қана емшекпен қоректендірудің (туған сәттен 6 айға дейін) және баланы кем дегенде екі жасқа дейін емшекпен қоректендіру ұзақтығының артықшылықтары мәселелері бойынша консультация беруді;
босанғаннан кейін 10-шы және 30-шы тәулікте, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша басқа да мерзімде босанған әйелдерді міндетті қарап-тексеру жүргізуді;
көрсетілімдер бойынша жүктілік кезеңінде және босанғаннан кейін әйелдерге патронажды баруды жүргізуді;
асқынған босанулары бар, жүктілікті өз еркімен үзген, гинекологиялық операциялық араласулардан кейін әйелдерге оңалту іс-шараларын өткізуді;