Интерфейс (ағылш. interface) – сызық байланыстарынан жіберілетін сигналдардан, аталған сызықтарды байланыстыратын техникалық құрамнан тұратын ереже түрі. Қазіргі кездері қатқыл дискілердің топтамалары ATA (IDE және PATA), SATA, eSATA, SCSI, SAS, FireWire, SDIO және Fibre Channel интерфейстерінен тұрады. - Интерфейс (ағылш. interface) – сызық байланыстарынан жіберілетін сигналдардан, аталған сызықтарды байланыстыратын техникалық құрамнан тұратын ереже түрі. Қазіргі кездері қатқыл дискілердің топтамалары ATA (IDE және PATA), SATA, eSATA, SCSI, SAS, FireWire, SDIO және Fibre Channel интерфейстерінен тұрады.
- Сыйымдылық (ағылш. capacity) – жинақтауышта сақталатын ақпараттың көлемі. Қатқыл дискілердің алғаш пайда болған уақытынан бастап, қазіргі күндерге дейін өзгермелі болған және әрдайым қосымшалар мен түзутулер еңгізуге беретін мүмкіндіктерінің бірі – ақпарат сақтау көлемі. Қазіргі замаңғы қатқыл дискілердің сыйымдылығы 2011 жылдың 11 қыркүйегінде өткен зерттеу нәтижесінде 4000 гБ екендігін көрсетті. Уақыт өте бұл көрсеткіш 5000 гБ көлеміне жақындауда. Информатика саласында қабылданған 1024 – тік санау жүйесі, қатқыл дискілерді өңдіруде 1000 деген қысқартылып аталатын көрсеткішке өзгереді. 200 гБ деген көлем жазылған қатқыл дискінің нағыз көлемі 186,2 гБ – қа тең.
- Физикалық өлшем (форм – фактор) (ағылш. dimension). 2001 – 2008 жылдар арасындағы жаңа ғасырлық дербес компьютерлерде қолданылатын қатқыл дискілердің ұзындығы 3,5 немесе 2,5 дюйм – ға тең. Сондай – ақ 1,8 дюйм – ді, және 1,3 дюйм – ді, 1 дюйм – ді, және 0,85 дюйм – ді қатқыл дискілер қолданыста бар. Ал 8 және 5,25 дюйм – ді қатқыл дискілердің шығарылымы мүлдем тоқтатылған.
- Жұмыстың атқарылу уақыты – винчестерде ақпаратты оқу – жазу әдісі қолданылғанғанда, қызметтің орташа уақыт санауы бойынша есептелінетінің көрсететін жүйе. Әдетте бұл уақыт 2,5 – 16 нс – қа тең. Ережеге сай, серверлік дискілер уақытты көбірек үнемдейді (мысалы, Hitachi Ultrastar 15K147 — 3,7 мс – қа тең). Ал уақыт жағынан ұзақ – тасымалдауға ыңғайлы қатқыл диск түрлері жұмыс жасайды (мысалы, Seagate Momentus 5400.3 — 12,5 мс). Ал SSD тасымалдаушыларда бұл көрсеткіш 1 мс – қа аз.
Достарыңызбен бөлісу: |