Орындаған: Советаев Санжар Группа: 503а жм реабилитация


Жарадағы асқынулар Операциядан кейінгі ерте кезеңде операциялық жарада мынадай асқынулар дамуы мүмкін



бет3/5
Дата21.10.2023
өлшемі11,71 Mb.
#187270
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реабилитация
1es

Жарадағы асқынулар

Операциядан кейінгі ерте кезеңде операциялық жарада мынадай асқынулар дамуы мүмкін:

  • қан кету;
  • инфекцияның дамуы;
  • тігістерінің ажырауы.
  • Қан кету – науқастың өміріне қауіпті және қайта операция жасауды қажет ететін асқыну. Операциядан кейінгі қан кетудің 3 түрі бар:

  • сыртқы қан кету (қан операциялық жарадан сыртқа ағады, байлаған дәке қанмен шыланады);
  • дренаждан қан кету (қан қуыста немесе жарада қалдырған дренаждан шығады);
  • ішкі қан кету (қан сыртқа шықпайды, организмнің ішкі қуыстарына құйылады);

Жарадағы асқынулар

Инфекцияның дамуы. Жарадағы инфекцияның алдын алу шаралары операция үстінде басталады. Операциядан кейінгі дренаждардың қалыпты жүмыс істеуін қадағалап отыру керек, өйткені жарада жиналған экссудат микроорганизмдердің өсіпкөбеюіне қажетті орта болып табылады. Операциядан кейін келесі күні жараны байлап таңу кезінде қабыну процестерінің, гематоманың белгілері болса, тігісті шешіп экссудатты, гематоманы сыртқа шығару керек.

Тігістердің ажырауы. Бұл асқынудың іш қуысына жасалған операциялардан кейін дамуы аса қауіпті және эвентерация деп аталады. Мұндай асқынудың себептеріне операция кезіндегі тігістердің ақауы, іш қуысындағы қысымның артуы (ішек парезі, перитонит, пневмония, жөтел), жарадағы инфекция жатады.

Операциялық жараны тігу кезінде тігістердің ажырап кету қаупі күшті болса, іш қабырғасының жарасын ілгек немесе түтік салып тігеді.

Жүрек-қантамыр жүйесіңдегі асқынулар

Операциядан кейінгі кезеңде жүрек-қантамыр жүйесі жағынан негізінен үш түрлі асқынулар кездеседі:

1. Операциядан кейінгі жүрек және қантамыр шамасыздығы:

  • көктамырлық ағыстың жеткіліксіздігі, жүрек шамасыздығы,
  • жүрек-өкпе шамасыздығы, шок синдромы, қан айналысының кенеттен тоқтауы;
  • 2. Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бүзылуы: операциядан кейінгі блокадалар мен аритмиялар.

    3. Миокард инфарктісі. Тромбоэмболиялық асқынуларды да шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, өйткені алғашқыда қан тамырларында (көктамырлардағы ұйықтар (тромбтар), үлкен қан шеңберіндегі эмболдар) пайда болғанмен, кейін жүрек, тыныс шамасыздығына әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет